Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет91/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Қызығушы жақтың талаптары мен қызығушылықтарының есебі – бұл қоршаған 
ортаны қорғау саласындағы заңнамалық актіге және басқа да нормативтік құжаттар мен 
ережелерге сәйкестігін қамтамасыз ету.
Экологиялылық туралы ақпарат заттың (тауар, процесс немесе өндірістік жүйе) 
тұтастай және олардың жекелей қасиеттерінің қоршаған ортаға кесірі (зиянды заттардың 
болмауы, технологияларды қолдану, қалдықтар санын азайтуы және басқалар) жоқтығы 
немесе шамадан аз кері әсері туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттарының негізгі қызметі болып 
өнімге дайындау процесінен жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейінгі қойылатын 
қауіпсіздік талаптарын анықтау табылады. Бірақ қасиеттер деректері факторларға тәуелді 
болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттар негізінде жасалынған өнім адам денсаулығына 
келесі талаптарды орындамаған жағдайда зиянды әсерлерін жоққа шығармайды: ескі 
немесе өнімге қандай да
бір ықпалын тигізтін құралдармен өндіру; тасымалдау; қаптау; өнімді сақтау, яғни 
көбіне өнімді өндірушіге қатыссы талаптар, әр өндіруші өнімнің өмірлік циклін 
бақыламайды.
 Біздің мемлекетте көптеген кәсіпорындар «Сапа менеджмент жүйесі. Талаптар» 
ИСО 9001 халықаралық стандартын енгізумен қамтылған. Бұл процесс кәсіпорын 
қызметтерінің халықаралық нормаларға сәйкестігін, сонымен қатар Дүниежүзілік сауда 
ұйымына (ДСҰ) кіруге алғышарт екендігін көрсетеді. Бірақ бұл стандартта өнімге жалпы 
талаптар жоқ. 
«Өнімді сапалы деп санай ма жоқ па немесе өндіріс технологиясына инновацияны 
енгізуге бола ма жоқ па?» деген барлық сұрақтар мен талаптар өндірушінің қарауына 
артылады. Жоғарыда аталған нормативтік құжаттар түрі өндіруші мен тұтынушы 
арасында талаптарды сату, өндіру және қызмет көрсету жолымен анықтайды. 
Экологиялық таза өнімдердің нормативтік құжаттары өнімге қойылатын ерекше 
талаптарға ие. Бұл талаптар өнімнің дайындалу процесінен жарамдылық мерзімі 
аяқталғанға дейінгі барлық кезеңдеріне қойылады.
Экологиялылықтың басқа да критерийлері – олар кәдімгі табиғи жағдайларда 
бұзылуға қабілеттілігі, құрылымның жүйелі қайта өңдеу үшін сұрыптауға жарамдылығы, 
жарамдылық мерзімінің ұзартылуы, энергияны алу үшін қалдықтарды қолдану мүмкіндігі, 
екі немесе бірнеше қайта өңдеуге жарамдылығы, екінші ретті шикіаттың қолданылуы, 
ресурстарды (энергия, су және т.б.) пайдалануды азайту және көп қайтара қолдану, 
қалдықтар санының азайтылуы.
Ұлттық 
өнімнің 
бәсекеге 
қабілеттілігі 
– 
мемлекетіміздің 
нарықтық 
экономикасының негізі. Бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру, сонымен қатар олардың іщкі 
және сыртқы нарықта сатылым ұлттық экономикамыздың тұрақты болуына, халықты 
жұмыспен қамтылуына және бұдан басқа еліміздің халықаралық аренада мәртебесін 
арттыруына мүмкіндік береді. 
Экологиялық аспектілерді ( қоршаған ортаға әсерді басқару) басқару арқылы 
экологиялық көрсеткіштерді жақсарту мақсатында 2009 жылы ISO 14001:2004 
халықаралық стандарттың талаптары негізінде экологиялық менеджмент жүйесін (ЭМЖ) 
ендірді. Қолданысқа ендірілген (ЭМЖ) қоршаған ортаға әсерін төмендетуге (ең алдымен, 
превентивті және аз шығынды шаралармен) бағытталған жұмыстарды жүйелеу, кеңейту 
және арттыру, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану, табиғатты қорғау жобаларын және 
қоршаған ортаның ластануын төмендетуге бағытталған бағдарламаларды орындау 
бойынша БФ-мен басталған қызметтерді қамтиды. Осы аталған экологиялық менеджмент 
жүйесі прцестік кірістің және Деминг циклінің қағидаларына негізделген және барлық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет