Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет88/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 

сатып алушылар үшін қолайлы және жеткізушіге жеткілікті пайданы 
қамтамасыз ететін бағаларды бекіту; 

жарнаманы, яғни тауар, фирма туралы жақсы ой қалдыратын, саудаға 
жәрдемдесетін шараларды қолдануды қоса алғанда тауарды жылжыту; 

тауарды тікелей тұтынушыға сату. 
Жоғарыда көрсетілген операциялар төрт өндірістік бөліктен: тауар жасаудан, 
оны сату жерінен, бағасынан және нарыққа жылжытудан тұратын маркетинг кешеніне 
біріктіріледі. 
Концепция ретінде маркетингтің бәсекелесетін экономика жағдайларында 
кәсіпорында басқару туралы ғылыми негізделген көріністер жиынтығын ұсынады. 
Маркетинг кәсіпорында басқаруда ойлаудың жаңа үлгісін құрайды. Ол ойлау жүйесі 
ретінде, яғни туындайтын мәселелерді жүйелі түрде шешудің белсенді іздеуіне, нақты 
мақсаттардың оларға қол жеткізудің нақты мүмкіндіктеріне оңтайлы бейімделуіне 
бағытталған ережелер кешені ретінде қалыптасады.
Өндірушінің әрекет сипаты ретінде маркетинг барлық қызметтің және 
дайындалатын немесе өнімнің өндірісіне көзделетін нарық пен тұтынушының 
талаптарына максималды бейімделуі арқылы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін 
арттыру бойынша шаралар жүйесі болып табылады. Оның қолданылуының басты саласы 
– материалдық өндіріс, жалпы тауарлардың өндірісімен байланысты кез келген қызмет. 
Халықтың тұтыну тауарлары, сол секілді тұрмыстық, банкілік-қаржылық, театрлық-
мәдени және басқа да қызметтерді ұсынатын өндірістік-техникалық тағайындалудағы 
тауарлар туралы айтылып отыр.
Кәсіпорынның 
қағидаларын, 
әдістерін, 
құралдарын, 
функциялары 
мен 
ұйымдастырылуын ашатын кәсіпорынның нарықтық қызметінің тұтас әдістемесі 
қалыптасады. Тауарларды жылжыту жүйесі қалыптасып, дамып келе жатыр, онда әртүрлі 
тәсілдердің бай жиыны қолданылады: тауардың функцияларын жетілдіру, тұтынушыға 
әсер ету, тиімді бағалық саясат, жарнама, тауар жылжыту арналарының тиімділігі және 
т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет