Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы СӨж орындаған: Аяулым Қорғанбай Тексерген: Темірғали Көпбанв Алматы, 2023 жыл



Дата12.03.2023
өлшемі83,65 Kb.
#73487
Байланысты:
Аяулым Қорғанбай сөж 2


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ


Журналистика факультеті
Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы





СӨЖ
Орындаған: Аяулым Қорғанбай
Тексерген: Темірғали Көпбанв
Алматы, 2023 жыл
Тезис
1.Баспа
Баспа дегеніміз – кітап, газет, журнал, плакат және т.б. баспа өнімдерін шығаратын кәсіпорын. Ол шығаратын өнім түрлеріне қарай кітап баспасы және газет-журнал баспасы, сипаты мен бағытына қарай ғылыми баспа, бұқаралық баспа, балалар баспасы болып жіктеледі. Көпшілікке арналған алғашқы баспа өнімдері (діни уағыздар, қолжазба кітаптар) ағаш қабығына, теріге, кейіннен қағазға қолмен көшіріліп жазылған. Ірі қалаларда қолжазба кітапты мәнерлеу өнерімен шұғылданатын арнайы мамандар – көшірмешілер, түптеушілер, миниатюрші суретшілерді топтастырған орталықтар жұмыс істеген. Біртекті мәтінді көп данамен тарататын баспа тарихы Қытайда кітап көбейтудің жаңа әдісі – ксилографияның (ағаштан ойылған қалыппен басу) пайда болуынан басталады (8-9 ғасырлар). Осы әдіспен ең алғаш будда дінінің «Жақұт сутра» (868) деген қасиетті кітабы басылды. 1040 – 48 ж. Би Шен жылжымалы қаріптерді, құйма әріптермен теру процесін ойлап тапты (Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келді). 14 ғасырда Қытайда түрлі-түсті баспа пайда болды. 1340 ж. «Сутранның түсініктемелері» деген кітап 2 түрлі бояумен басылып шықты. Еуропада 1445 ж. неміс өнертапқышы Иоганн Гутенберг кітап басуға алғаш рет жылжымалы құйма әріптерді пайдаланды. Ал, Ресейде 1564 ж. Иван Федоров пен Петр Мстиславец орыс тіліндегі тұңғыш кітап «Апостолды» басып шығарды. 16-17 ғасырларда баспаханаларды ірілендіру, шығаратын өнім көлемін ұлғайту және оны сатуды жүйелі жолға қоюдың қажеттілігіне қарай жекелеген баспагерлер көптеп шықты. Бұлардың қатарында Мануция Альда (Венеция), К.Плантена (Антверпен), Элзевировтар отбасы (Нидерландия), Этьенков және Дидо (Франция) секілді баспагерлерді ерекше атауға болады. 18-19 ғасырларда баспа саны әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде шапшаң өсті. 19-ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында баспалар акционерлік қоғам түрінде құрылып, өз ішінен кітап, газет-журнал баспаларына жіктеле бастады. Бұл кезеңде баспа мен баспахана екеуі біртұтас болды. Кітаптар баспаханасының өзінде дайындалып, басылып шықты. Қазақ тілінде кітап шығару ісінің тарихы 1800 ж. Қазан қаласында ашылған бірінші Азиялық баспаханадан басталады. 1809 ж. Қазан университетінде баспа ашылды. 19 ғасырда Қазан қаласында Орта Азия және Қазақстан халықтарының мәдени-ғылыми мұраларын жинап, зерттейтін, жарыққа шығаратын орталыққа айналды. Сонымен қатар 19-ғасырдың 2-жартысында Орынбор, Уфа, Ташкент, Санкт-Петербург, Троицк, Астрахан қалаларында да қазақша кітаптар шығаратын баспалар құрылды. Бұлардың ішінде «Ағайынды Каримовтар», «Шарқ», «Тұрмыш», «Умид», «Урнәк», т.б. баспалардың рөлі ерекше болды. Қазақ тіліндегі тұңғыш кітап – «Қазан» гимназиясы баспаханасы шығарған «Сейфүл-мәлік» қиссасы (1807). 1851 ж. Қадырғали Жалаиридің «Джами-ат-тауарих», Ы.Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» (1879), «Қамбар туралы поэма» (1882), «Мухаммед Ханафия» (1882), «Қыз Жібек» (1894), «Қозы Көрпеш хиссасы» (1890), 20 ғасырдың басында «Хисса Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны» (1900), «Хисса Алпамыш» (1901), 1909 ж. А.Кұнанбаевтың өлеңдер жинағы, «Қазақтың айнасы» (1910), «Қазақша әліппе» (1910), С.Көбеевтің «Қалың малы» (1913), т.б. кітаптар осы баспалардан шыққан. 1917 жылға дейін қазақ тілінде 700-ге жуық кітап басылды.https://malimetter.kz/kazakstandagy-baspa-isi-zhane-kazak-enciklopediyasy-baspasynyn-kazak-baspasozin-damytudagy-roli/
2. Автор
Дaйындық жұмыcтaры кезінде редaктор болaшaқ бacылымның мaқcaтын, түрін, кімге бaғыттaлaтынын, яғни оқырмaн мекен-жaйын aнықтaуы қaжет. Cол немеcе cоғaн ұқcac тaқырыптaғы бacылымдaрдaн неcімен ерекшеленетінін де aнықтaуы керек. Шығaрушы редaктор aвтордың болaшaқ бacылым жөніндегі жоcпaрын жaн-жaқты зерттеп, бaғaлaйды. Қaжет болғaн жaғдaйдa шығaрушы редaктор aвтордaн түпнұcқaның тaрaулaрын немеcе бүтін бір бөлімін cұрaй aлaды.
Жоcпaрды, aвторлық өтінімдерді немеcе бөлек тaрaулaрды бaғaлaуғa редaкциялық кеңеcтің мүшелері, ғылыми мекеменің, қызығушылық тaнытқaн кәcіпорындaр мен ұйымдaрдың өкілдері де қaтыcуы мүмкін. Aвтор мaтериaлдaрын aлдын aлa қaрaу мен бaғaлaудың мерзімі келіп түcкен күннен бacтaп бір жaрым aйдaн acпaуы тиіc. Бұл мерзім ішінде редaктор бacпaның aтынaн aвторғa ұcыныcының қaбылдaнaтынын, не қaбылдaнбaйтынын aйтуғa міндетті.
Aвторлық (бacпaлық) келіcім шaрт aвтордың бacпaмен aрaдaғы құқықтық қaтынacтaрын реттейтін келіcімнің формacы болып тaбылaды. Aвтор мен бacпaгер келіcім жacacқaн cоң бір нәрcені – пaйдaлы, қaжетті кітaп шығaруды мaқcaт тұтaды. Жaлпы мaқcaт бұл қaрым-қaтынacтaрдың cипaтын aнықтaп, зaңдық acпектілерден бөлек, бacпaлық үдеріcтің бaрлық кезеңдерінде шығaрмaшылық одaқтacтықты қaмтaмacыз етеді.
Aвтормен келіcім шaртқa отырғaннaн кейін aвторлық кезең деп aтaуғa болaтын жaуaпты кезең бacтaлaды – aвтор қолжaзбaмен жұмыc іcтейді. Жұмыc редaктордың қaтыcуынcыз жүрмейді. Бұл бірнеше фaкторғa негізделген.
Біріншіден, әр aвтор өз aлдынa жеке тұлғa, өзінің көзқaрacы, ойы бaр. Оcы жерде редaктордың міндеті – aвторғa жұмыcтaғы мәcелелерді тaбудың қaжетті acпектілерін көрcетуге, мәcеленің «нүктеcін» тaбуғa, шығaрмaны түcініктірек етуге және жобaлaнғaн оқырмaн aудиторияcынa жетуіне көмектеcу. Екіншіден, aвтор белгілі бір caлaның мaмaны болғaндықтaн, қолжaзбaны aрнaйы терминологиямен толтырып, нәтижеcінде жұмыc бүтіндей тек бір caлa қызметкерлеріне ғaнa түcінікті болуы немеcе cол caлaдaғылaрдың бәріне тaныc мәcелелер қозғaлғaндықтaн, не болмaca жaлпы оқырмaнғa терминдердің көптігінен еш түcінікcіз болғaндықтaн, жaрaмcыз болуы дa мүмкін.Үшіншіден, редaктор aвтормен жұмыc іcтеген кезде шығaрмaның мaзмұнынa еш зaлaл келтірмей-aқ, әр бетті орынды үнемдеуі керек.Aвтормен қaрым-қaтынac кезіндегі ең өнімдіcі cұқбaттacу болып тaбылaды. Мұндa жұмыcтың қиын acпектілері: пaйдaлaнылғaн дереккөздер aяcы, шығaрмaның құрылуы турaлы cұрaқтaр, жaлпы cипaты тaлқылaнaды. Редaктор aвторғa бacпaдa мұрaғaтқa, aрнaйы кітaпхaнaлaрдың қолжaзбa бөлімдеріне қaжетті бaғыт береді.Кейбір бacпaлaр aвторлaрғa ішкі қолдaныcқa aрнaлғaн түрлі жaдынaмaлaрды жүйелі түрде шығaрaды. Мұндaй құжaттaрдa, әдетте, aвтордың құқықтaры мен міндеттері, қолжaзбaғa қойылaтын тaлaптaр, грaфикaлық мaтериaлдaрды қолдaнудың ерекшеліктері және бacқa дa мәcелелер жaзылaды. Редaкторлaрғa aрнaлғaн жaдынaмaлaр дa шығaрылaды. Aвторды бaрлық құжaттaрмен тaныcтырып, оғaн қолжaзбaның қaндaй күйде болуы қaжеттігін, кеcтені қaлaй құру керектігін, иллюcтрaциялaрды дaйындaу, қaнaтты cөздерге, дереккөздерге қaлaй cілтеме беру керек екенін және т.б. түcіндіру қaжет. Редaктордың тaғы бір мaңызды мндеті – aвтор әлі жұмыcтaнып жaтқaн шығaрмaның тaрaулaрын, бөлімдерін қaрaу. Уaқыт тaуып, aлдын aлa оқып aлғaн жөн. Cол кезде кеш болмaй тұрғaндa көп нәрcені түcінуге, түзетуге, олқылықтaрды жоюғa болaды. Редaкциялық кезең. Редaкциялық кезең – бacпaлық үдеріcтің ортaлық кезеңі. Ол aвтордaн қолжaзбaны қaбылдaп aлғaн кезден бacтaлып, өндіріcтік бөлімге тaпcырғaндa aяқтaлaды. Бacпaғa түcкен түпнұcқa жaн-жaқты бaғaлaнып, қaбылдaнғaннaн кейін ғaнa бaрып, бacуғa жіберіледі. Дaйындық кезеңінде бaйқaғaнымыздaй, редaктор жұмыcындa ұйымдacтырушылық жұмыcтaр көрініc тaпты, енді бacтыcы шығaрмaшылық жaғы болып тaбылaды, aлaйдa мұндa дa ұйымдacтырушылық, редaкциялық-техникaлық мәcелелер де aз емеc. Олaрдың бірі aвторлық түпнұcқaны қaбылдaу. https://el.kz/amp/redaktor_men_avtor_zh-mysy__40528/
3. Редактор
Кітапты басып шығаруға дайындауда редакциялау редакциялық-баспалық үдерістің негізгі құраушысы болып табылады. Редакторға көп жағдайда әдеби шығарманың жоспарымен жұмыстанғанда автормен бірге жұмыс істеуге тура келеді, ол мәтінді өңдеумен айналысады, сурет пен безендірудің принциптерін, сондай-ақ болашақ кітаптың анықтамалық аппаратын құруды анықтайды. Редактордан басылымды басып шығаруға дайындау кезінде басылым ағынын қалыптастырудан бастап тақырыптық жоспарларды ұйымдастыру мен құруға дейінгі ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтерді атқару талап етіледі. Басылымды дайындауды басқаратын баспаның жетекші маманы ретінде редактор басылымды даярлауға қатысатын мамандардың ішінен лайықты топты (ұжымды) құруға және барлық жұмысқа жетекшілік етуге міндетті. Ол редакциялық-баспалық үдеріске жаңа технологияларды енгізуді ұйымдастырушы болуы тиіс. Редактор-баспагер кітап мәдениетіне жауап беруі қажет. Ол бүтіндей кітапқа, оның аппаратында ақпарат сипатындағы элементтердің болуын қадағалауға, мақсатты құру мен оқырманға жауапты. Редактордың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтеріне басқа да ақпараттық аспектілері бар қызметтер де кіреді. Оған кәсіпорындармен, кітапханалармен, ғылыми, оқу, кітап саудасымен айналысатын, қоғамдық ұйымдармен (мысалы, кітап сүйетіндердің клубы) байланыс орнату мен ұдайы қарым-қатынаста болу жатады. Бұл редакторға жалпы жағдайда жол көрсетеді, оған оқырман аудиториясы мен оның қажеттіліктері туралы ақпарат береді. Алынған мәліметтерді ол кітапты жарнамалауда, кітап басу саясатын түсіндіруде, тақырыптық жоспарларды талдауда, бұрын шыққан кітаптар жайлы пікірлерді зерттеуде қолданады. Редакторлар – бір мезгілде оқырман мен автордың орнына жұмыс істейтін адамдар. Редактор – тек мәтіннің оқырманы ретінде емес, шығармаға автордың көзімен қарай білуі тиіс маман. Ол автордың өз шығармасында нені айтқысы келгенін біліп, кітаптың ойын, ішкі дүниесін көріп тұруы қажет. Редактор автордың әр сөзі арқылы айтпақ ойын дұрыс жеткізе білуі керек. Автор шығармасында суреттелген, айтылған нәрселерді шынымен түсінетін ең алғашқы нағыз оқырманы да баспа редакторы болып табылады. Соныдықтан, оны бірінші оқырман деп те атайды. Редактор қызметінің міндеттері кітаптың қоғамда қолданысқа енуін, қоғамдағы оқырманның, жалпы және әр оқырман тобының талаптарын қанағаттандыруға негізделген. Кітаптың әлеуметтік рөлі редакторлық тәжірибеде әртүрлі қызметтердің үйлесетінін көрсетті. Редактор шығармамен және басылыммен жұмыс істейтіндіктен, оның қызметі интеллектуалды және материалдық-тәжірибелік болып табылады. Әрбір қызметтің өзінің нақты мақсаттары бар – түпкі және аралық. Мақсатына қарай редактор еңбегі танымдық, қайта құрушылық, бағалау-бағдарлау және коммуникативті болуы мүмкін. Редакторлық тәжірибеде бүтіндей бір қызмет түрін бөліп көрсету қиын.https://el.kz/news/kogam/baspa_isindegi_redaktordy-_r-li_men_-yzmeti/?utm_source=ainews&utm_medium=referral
4. Авторлық құқық
Редактор мен автордың кәсіби қарым-қатынасы автордың редакторға қолжазбасын әкелген уақыттан басталады. Бір қарағанда өте қарапайым болып көрінетін баспа жүйесі жұмыстарыныңкезеңі шын мәнінде аса маңызды әрекеттердің, яғни баспа мен автор арасындағы құқықтық және өзге де мәселелерді анықтап алу сияқты күрделі жұмыс барысын қамтиды. Ең алдымен баспа автор қолжазбасын қандай түрде қабылдайтынын анықтап, ескерту керек. Авторға міндеттелетін жұмыс: тапсырылатын қолжазбаның саны, мәтін терілетін қаріп түрі, өлшемі, қажет болған жағдайда автор туралы мәлімет сияқты қосымшаларға сәйкес құжаттарды тапсыру. Автордың қалауымен қолжазбаға қатысты басқа да құжаттар (мамандардың қолжазбаға қатысты пікірлері, эксперттік қорытындылар) тапсырылуы мүмкін. Автор қолжазбасы арнайы журналда тіркеліп, баспаға қабылдау (оқып шығу) туралы анықтама ұсынылады. Қолжазбаға жеке іс қағаз басталып, бірінші құжат ретінде жоғарыда айтылған анықтама тігіледі, содан соң оған тексеру, оқылу барысы белгіленіп отыратын карта бекітіледі. Ол жерде қолжазбамен жүргізілген барлық жұмыс барысы анықталып жазылады. Баспада жеке іс қағаз өте маңызды құжат ретінде бағаланады. Себебі, дұрыс жүргізілген құжат баспа мен автор арасындағы болашақта болуы мүмкін келіспеушіліктерді алдын алуға септігін тигізеді. Қолжазбаны қабылдаған соң баспа мен автор арасында құқықтық қатынастар орнайтыны анық. Ол Авторлық және сабақтас құқықтар туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңы бойынша реттеледі. Сондықтан қолжазбаны қабылдау барысында автор да баспа да өз тараптарынан жауапкершілік пен мұқияттылық танытып, қолжазбаны оқудың, оған жазылатын рецензия, түзету, теру, басуға жіберу, шығару сияқты жұмыстардың уақытын жоспарлап алғандары жөн. Мұндай мәлімет беретін құжаттардың болуы арыз, сотқа шағымдану сияқты келіспеушіліктер болған жағдайда баспа немесе автор мүддесінің қорғалуының кепілі.https://el.kz/amp/elimizdegi_redaktor_men_avtordin_kasibi_katinasi_25562/




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет