Баспасөз – 2015 ҚҰрметті оқырман! Төл газеттерiңiз – «хантәңiрiне»



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата09.03.2017
өлшемі7,05 Mb.
#8529
1   2   3   4   5

 Қарқара ауылы.

Достары  ортасында

       Қысқы мал азығын дайындау сәті

Хантәңірі

6

g. hantaniri@mail.ru.



2014 —Жылқы  жылы,  сенбі,  22  қараша

Шырайлы  Шындықтың  тұнбалары

Өлең өлкесіне саяхат

Жарық  дүниені  жалпағынан 

басып  жүрген  пенде  баласының 

өлең  өлкесіне  деген  ынтықтығы 

мен  ықыласы  ешқашан  да 

суымаған.  Екінің  бірі  табан 

астында шығарылған айтыстарды 

немесе  мерзімдік  басылымдарда 

Талантты ақын Шеризат Мекебаевтың шығармашылығы мен «Ол күндер 

оралмайды» атты жаңа жыр кітабын оқығаннан кейін туған ойлар

жарық  көріп  жатқан  өлеңдерді  қалт  жібермей 

қадағалап  оқып,  зердесі  мен  зейініне  тоқып  алып 

жатады. Ал, жыр кітабының жөні басқа. Жыр сүйер 

қауымның өзінің сүйіп оқитын ақындары болады. 

Сондықтан  да  олардың  жаңа  жыр  жинақтарын 

қолына  тигізіп  қалу  үшін  жаны  жапырақтанып, 

шыр-пыры шығып тұрады. Жақсы ақындар қашан 

да  ел  аузында  жүреді  емес  пе.  Біз  де  ақындық 

әлемнің құдіретін осыдан-ақ сезіне алдық.

Өткен 

ғасырдың 



сонау 

жетпісінші 

жылдарынан-ақ  ақындық  арынымен,  қаламының 

қарымымен,  азаматтық  бар  үнімен  өлең  өлкесіне 

өзіндік 

қолтаңбасымен 

бетбұрыс 

жасаған 


Шеризат 

Мекебаев 

алғашқы 

беталысымен-

ақ  халықтың  риясыз  сүйіспеншілігіне  бөленіп 

үлгерді.  Сол  кезеңдегі  «Айналайын,  Атамекен, 

Ақмекен!»,  «Аспантаулар  аясында»,  «Білімнің 

мөлдір  бұлағы»  жинақтарындағы  оның    топтама  

өлеңдері  ә дегеннен-ақ өлең сүйер қауымды бей-

жәй  қалдыра  алмады.  Қазақ  поэзиясының  кейінгі 

толқындарының  қатарына  кең  тынысты  үні  бар 

ақынның  келгенін  алақайлап  айғақтап  жатты. 

Сөйтіп,  тырнақалды  өлеңдерімен-ақ  жүректерден 

жол тапты. 

Расында да оның өлеңдерінің қай-қайсысының 

болмасын  жан-тәніңнің  жанартауын  сілкінтер 

оттылығы,  алға  жетелей  түсетін  ағынды  ырғағы, 

орап алар образдылығы, тұңғиықтың түбін шолатын 

ойлылығы, сезім иірімдерінің серпінділігі боямасыз 

өмірдің  тереңіне  бойлатады.  Көздеп  жүргенің 

мен  көкейіңдегіні  дөп  басып,  жүйкеңді  жұқартып 

жүрген  зілмауырдың  тұманын  түріп  тастап,  мұң 

мен  шердің  үйіріліп  қалған  қара  бұлтын  да  қағып 

тастайды.  Бұл  Шеризаттың  жүрегінің  әмірімен 

жазылған  өлеңдерінің  жетер  жеріне  жеткендігін 

көрсетеді.  Жасандылығы  жоқ  дүниенің  жаны  бар 

тірі организм дегені осы шығар. Оның төлтумалары 

сезіміңді селт еткізбей қоймайды.

Ерекше  атап  айтатын  бір  жәй,  Шеризат 

игілікті  ізденіс  бағытын  тоқтатпауды  және  оны 

одан  әрі  ұштай  түсуді  өзінің  басты  бағытының 

бағдары 


санайтыны, 

оның 


шығармашылық 

поэзиясынан  ажарлы  айшықтарымен  бірден 

баурап  алатыны  соның  айғағы  сияқты  екеніне 

түйін  жасауға  итермелейді.  Сондықтан  болар, 

өмірдегі  шырылдаған  шырайлы  шындықтың 

тұнбалары  мен  өз  қалпындағы  өрнектері  қолмен 

қойғандай  қуаттылығымен  санаңызға  сәулесін 

төгіп  тұрады.  Өлең  шумақтарының  шып-шымыр 

құймасы, жұп-жұмыр тұтастығы оның ақындықты 

ардақтайтынының,  сөз  патшалығына  немқұрайлы 

қарамайтынының  дәлеліндей  жан  жүйеңізді 

қорғасындай 

балқытып, 

өмірдің 


қатпарлы 

қырлары мен сырларына сусындатып, қажеттіңізге 

қанықтыра түседі. Өмір дегенді нағыз өлең арқылы 

зерттей аласың деген осы екен.

Ақындық  биіктігі  мен  тұғырынан  өз  орнын 

абыроймен  тапқан  Шеризат  ақынның  топтама 

жинақтардан  кейінгі  жарық  көрген  «Жүрегімнің 

көзінен  жас  ағады»  атты  жыр  жинағына  халық 

ерекше ден қойды десек, бұл жағынан асыра сілтеп 

отырған артықшылығымыз жоқ. Кітаптың осындай 

атаумен  аталуының  да  негізгі  себебі  де  жоқ  емес. 

Өмір болған соң, пенде баласының басына не келіп, 

не кетпейді. Тосыннан келетін қаза мен қайғының 

қара  бұлтынан  ат-ауылы  аман  ешкім  жоқ  шығар. 

Жазмыш  пен  тағдырдың  ондай  жазуына  тосқауыл 

қоятындай  адам  баласының  қолдан  келер  шарасы 

да  жоқ.  Құдай  басқа  бермесін,  сондай  қасіретке 

Шеризаттың  отбасы  да  аяқасты  тап  болды.  Үлкен 

үміт  күтіп  отырған  жауқазындай  жалғыз  перзенті 

Дәуіржанының  ойламаған  жерден  опат  болып 

кетуі Шеризатты шер мен мұңға орап, омыртқасын 

опырып кеткендей болды. 

Дәуіржан, балапаным сағындым-ай,

Сағынып көрмеп еді жаным бұлай...

Ой-санам, денем бүтін дегенменен,

Сағыныш  қайғысымен  ауырғаны-ай!,  -  деп 

қабырғасы  қайысып  тұрып,  қу  жаны  қуырдақ 

болып, бауыр еті - баласына деген өлең шумақтарын 

төкпелетеді.  Оның  осылай  жүректі  тілгілеп 

жіберетін  өткір  өлеңдердің  арнасын  аяғына  дейін 

ашып жіберуіне ешқандай да шектеу қоя алмайсың. 

Бұл кеудені кернеп тұрған шер мен мұңның ырық 

бермес тасқыны екені айтпаса да түсінікті. Арманда 

кеткен  жалғыз  тұяғына  деген  бітпейтін  сағыныш. 

Ақынның  өзі  айтқандай  ол  өлеңінің  өзегі  болып 

қала береді.

     Осы кітапта бір бөлімді алып тұрған біршама 

өлеңдері кімнің болса да ет жүрегін елжіретіп, сай-

сүйегін  сырқыратып-ақ  жібереді.  Шеризаттың 

бұл кітабынан осындай өкініш пен өксікте жүрген 

көптеген  адамдардың  көкіректерін  жайлап  алған 

мұң  мен  наладан  арылу  үшін,  жабырқап  жүрген 

жандарына  медеу  етер  сүйеніш  болғандықтан 

соны  ой  сүзгісінен  өткізіп,  қолдарынан  тастамай 

жүргендері де тегін болмаса керек. Олардың айтар 

түйіні: «бұл кітап біздің жаралы жүрегімізге жамау 

болып  келеді.  Осы  кітап  біздің  еңсемізді  тіктеп 

ұстауымызға,  қайғы  мұхитының  түбіне  батып 

кетпеуімізге,  сабыр  сақтауымызға  үлкен  септігін 

тигізуде»,-  деп  осылай  тұжырымдалады.  «Халық 

айтса, қалт айтпайды» деген емес пе. Шеризаттың 

шерге  толы  өлеңдері  олардың  көңілін  басуға 

арналып жазылғандай әсер қалдырады. Шындығы 

да солай екенін өзіңіз де анық аңғарасыз.

Шеризат Мекебаевтың жуырда ғана қолымызға 

тиген жаңа жыр жинағы «Ол күндер оралмайды» деп 

аталады. Кітаптың қатпарлы қалыңдығы әжептәуір. 

Қамтылған тақырып аясы да кең. Игілікті ізденісінің 

інжу-маржандарына  толы.  Оның  өлең  өлкесінде 

өсу  баспалдақтарында  келе  жатқанын  өлеңдерін 

оқыған сайын көз жеткізе түсесіз. Кітаптың кіріспе 

бетінде  белгілі  ақын,  Қазақстан  Жазушылар 

одағының мүшесі, Райымбек ауданының Құрметті 

азаматы, Шеризаттың поэзиясын бес саусағындай 

білетін замандасы Кәдірбек Құныпияұлы «Ақынды 

жалғызсыратпайық,  ағайын!»  деген  алғысөзінде 

ақын  кеңістігін  тап-тұйнақтай  етіп  тазалық 

сүзгісінен  өткізіп,  әділдік  тұрғысынан  әспеттеп 

берген. 

Кәдірбектің  құпиясы  жоқ  құнды  пікірінде  «...

Шеризат бүгінге дейін тірі пенде басынан өткізуге 

тиіс  жақсылықты  да,  жамандықты  да  бір  кісідей-

ақ  көрді.  Қуанды.  Қайғырды.  Өкінді.  Жұбанды. 

Бәлкім,  осының  бәрі  қолына  қалам  ұстаған  ақын 

атаулыға  керек  те  шығар  деп  ойлайсың.  Өйткені 

қандай да болсын өмір құбылыстарының барлығы 

да  ақын  жүрегі  арқылы  өтеді  деп  жатамыз  ғой. 

Бірақ, ақынның жүрегі темірден емес, ол да еттен, 

қаннан жаратылды емес пе? Соны ойлағанда, кейде 

өзіңнің  де  қабырғаңның  асты  шаншып-шаншып 

кететіні бар.

Қарасаздан 

шығып, 

Мұқағалидай 



ұлы 

ағасының жолын жалғаған шерлі Шері ақын бүгін 

өзінің  ғана  емес,  елінің  де  мұңын  мұңдап,  жоғын 

жоқтап келе жатыр. Осынау тайғақ кешу, тар жолда 

ақынымызды жалғызсыратпайық, ағайын!», - деген 

көптің  көкейінде  жүрген  көрікті  ойды  дәлдігімен 

алдыңызға 

көлденең 

тартады. 

Кәдірбектің 

мұнысы  қуана  құптайтын  құнды  пікір,  олағы  жоқ 

орынды ұсыныс, бітеулігімен беймағұлым жүретін 

билік  басындағыларға  деген  құндақтап  білдірген 

құлаққағысы. Мұның одан әргі түкпірінде «әкімін 

ақын  іздейді  деген  емес,  ақынын  әкім  іздейді» 

деген сабырлы да салмақты ой ұшқыны жатыр. Бұл 

өмірде  болып  жатқан  құбылыс.  Ақынын  іздеген 

әкімдердің  абыройлары  аспандап  жатқанынан  да 

хабардармыз. Бұл орайда ақындарын жанына жалау 

етіп ұстап жүрген әкімдер де баршылық. Шеризатқа 

аудан  әкімдерінің  желеп-жебеуі  жетіспей  тұрған 

сияқты.  Одан  арғысын  амандық  болса,  уақыттың 

үні көрсете жатар...

Алдына  үлкен  мақсат  қойған  ақынның  бұл 

кітабы  «Бәрі  де  болған»,  «Күнделік  дәптерден», 

«Өлеңмен  өрілген  сыр»,  «Армандастар  40  жыл», 

«Арнаулар»  деген  бөлімдерден  тұрады  екен.  Ақын 

мұнда  да  тақырып  атаулыны  таңдамайды  да 

талғамайды. Аңсары ауған дүниесін жүрек әмірінің 

ұйғарымымен  уысынан  шығармайды.  Онысын 

алтынмен  аптағандай,  күміспен  қаптағандай 

жұп-жұмыр  етіп,  нағыз  һас  шебердің  қолынан 

шыққандай  етіп  назарыңызға  ұсынады.  Бір  атап 

айтарлығы,  Шеризат  өлең  техникасын  өте  терең 

меңгерген. Өлеңді қалай құлпыртып, құбылтам десе 

де қолынан келеді. Алайда ол өлең алдындағы ар-

ұятын үнемі жоғары ұстайды. Ең бастысы ежелден 

келе  жатқан  таптауырын  болған  жаттандылықтан, 

ұтымдылығы  жоқ  ұйқастардан,  боссөзділіктен 

бойын  аулақ  ұстайды.  Өлеңнің  аяқталу  шешімін 

де  асқан  ұтқырлықпен  тауып  отырады.  Әрине, 

шынайы  ыстық  ықыласпен  туған  ондай  өлеңнің 

жаманы 

болмайды. 



Қайта 

ойлылығымен, 

парасаттылық пайымдылығымен баурай түседі.

Насыбайын лақтырып таңдайына,      

Таңнан тұрып қарайтын мал-жайына.

Қара шал содан кейін от жағатын,

Немеренің бір иіскеп маңдайынан.

Бұл  ақынның  «Қара  шал»  деген  өлеңінің 

бастауы.  Қара  шалдар  жайлы  қайсы  ақын  қалам 

тербемеді дейсіз. Бұл жағынан жақсы өлеңдер бола 

қойған  жоқ  деп  айтудан  аулақпыз.  Жаттап  өскен 

жақсы өлеңдер баршылық. Алайда, инкубатордың 

сары  балапандарындай  бір-бірінен  аумайтын 

айырмашылығы  жоқ  өлеңдер  тізбегі  сабандай 

болып кетті десек, асыра сілтеп жібергеніміз емес. 

Шеризаттың  мына  өлеңінде  өзіміз  көзімізбен 

көріп  өскен  шаплдар  образы  тапқырлықпен 

тамаша  бейнеленген.  Жан  тербейтін  жылылыққа 

толы.  Сүрінбей  сүйсініп  оқып,  рухани  ләззаттың 

рахатына  бөленіп,  қара  шалдардың  қайысуды 

білмейтін  қайсарлықтан  тұратын  іс-қимылдары 

көз  алдыңызға  көлденеңдеп  келе  береді.  Аталған 

өлеңнің  аяқталуы  да  көріктілігімен  көңіліңізді 

қаласыз.


Өлшемі  он  баспа  табақтың 

ар  жақ,  бер  жағынан  тұратын 

жыр  кітабы  көңіліңді  ашар  көп-

көрім  дүниелерді  қамтыған. 

Оның  бәрін  таразы  талқысынан 

өткізіп  жатуды  газет  көлемі 

де  көтере  бермейді.  Ақын  Шеризат  табиғатты 

тамылжытып,  махаббатты  маздатып,  туған  жерді 

түрлендіріп, Отанды гүлдендіріп, қоғамдық ортаны 

қоздатып,  алауыздықты    арымен,  әділетсіздікті  

жанымен  жеріне  жеткізіп,  адамның  тұла  бойын 

дүр  сілкіндіреді.  Томағасын  сыпырып  тастаған 

қырандай қияға қарай көз тіктіреді. Ақынның міні 

көншітіп  тастайды.  Талайы  тас  мүсінге  айналып 

кеткендерін  «Қайран,    қара  шалдар-ай!»  деп 

шеттерінен  емірене  еске  алып,  еріксізден  толқып 

кетеді екенсің.

Елемейміз жандағы жараны түк,

Бүйрек, бауыр, ет-жүрек барады ысып.

Қара шал жоқ ошақтың отын көсер,

«Қара  келін,  қара  ит,  қара  мысық»..,  -  деп 

боямасыз  өмір  көрінісін  ақындық  айшықтарымен 

айдай  анық  етіп  қалай  дәл  суреттеп  шыққан. 

Осындайда  шалқар  шабытпен  арқасы  қозған 

ақын  Шеризаттай  болар  деген  ойдың  құшағына 

оранасың. Оның бұған кітап қыртысының ішіндегі 

барлық  туындылары  да  дәлел  боларлық  екеніне 

ешкім  де  күдікті  күмән  келтіре  алмайды.  Өйткені 

Шеризат  жүрегінің  түбіне  кір  жасырмай  ағынан 

ақтарылады. Ал, жүрегіне жүк артып жазылған өлең 

ешқашан да жарамсыздықтың ауылына жатпайды. 

Қайта жүректерге ұялап қалады. 

Дарыны мен арыны бір-бірінен үзілмей үндесіп 

тұратын ақынның нысанасына алған тақырып аясы 

философиялық  астарлылығымен,  сипаттылық 

сыршылдығымен,  магниттей  өзіне  тартып  алар 

маздағымен  еріксізден  тұтқындап  алады.  Одан 

өзегіңізді  өкініш  өртемейді.  Қайта  көңіліңіз 

құлазып  жүргенде  іздегеніңізді  Шеризаттың  өлең 

жолдарынан тауып, жағаңызды жайлауынан жіберіп 

марқайып  қаласың.  Өлең  құдіретіне  сонда  ғана 

еріксізден мойынсына бастайсың. Ақынның «Қара 

кәнден»  деген  өлеңін  де  тебіренбей  оқу  мүмкін 

емес. Жамбасынан жарақат алған жеті қазынаның 

бірі  кәнденнің  ендігі  тағдыры  не  болатынына 

адам  болған  соң  алаңдамай  тұра  алмайсың.  Оны 

ақын  бүгінгі  қоғамдағы  жандары  күйзеліске  толы 

мүгедектер  тағдырымен  қабыстырып,  былайша 

тұжырым жасайды.

Қысқан шақта тұрмысты қымбатшылық,

Ойланарсың сөзімді тыңдап тұрып...

Арлы-берлі өтеміз жандарынан,

Мүгедектер жүрегін сыздаттырып.

Құшағында жүрсек те ақ арманның,

Толып жатыр біз үшін алаңдар күн.

Қоғамынан, елінен көмек күткен,

Кім  ойлайды  тағдырын  адамдардың?-    деп 

жан-жүйеңізді босатып жібереді. Көзімізбен күнде 

көріп  жүрген  екі  аяқты  мүгедектердің  оймақтай 

көздерінің  отты  сәулесі  сөніп  бара  жатқаны 

кәнденнен ешбір айырмасы жоқ екендігіне тіліңізді 

тістеп тұрып налисыз. Ақын тапқырлығына қайран 

жоқ  мінез-құлқындай  тұнып 

тұрған  мөлдір  бастауларға  бас 

қойғандай  санаңыз  сәулеленіп, 

шуақты 


күндей 

шайдай 


болып  ашыла  түседі.  Нағыз 

ақын  мектебінен  дәріс  алып 

шыққандай 

алып-ұшқыңыз 

келіп тұрады.

Шеризат 


Мекебаевтың 

өлеңдегі  қастер  тұтатын  ерекше 

бір қасиеті, әруақтардың рухына 

өршіл 


поэзиясымен 

тағзым 


жасауы деп айта аламыз. Олардың 

образдарын  тірліктегі  жарқын 

бейнелерімен 

тұтастырып, 

тірілтіп  алғандай  көз  алдыңызға 

әкеледі.  Олардың  атын  атап, 

түсін  түстеп  жату  да  мүмкін 

емес.  Өлеңді  оқып  біткеннен 

кейін  ғана  «марқұмның  әруағы 

бір  аунап  түсіп,  рухы  көтеріліп 

жатқан шығар», - деген тоқтамға 

келесің. 

Соларды 

ұмытпай 


жырына  арқау  еткен  ақынға 

айтар алғысың да шексіз. Мәселе 

арнау  деген  сөзден  шығады. 

Шеризат тіршілік арқылы тыныс 

алып,  халықтың  қамын  ойлап 

жүргендерді  де  назарынан  тыс 

қалдырмаған. Алдыңғы буыннан 

бастап  төменгі  буынға  дейін 

татымды өлеңдер жазып тастаған. 

Өлеңдері  де  өнімді.  Арнау  өлең 

жазудан  алдына  жан  салмаған 

Тұманбай  ақынның  лайықты 

ізбасары  екен  десек,  еселеп 

жібергеніміз  емес.  Мұндайда 

ақиқаттан алшақ кетуге болмайды. Бұған Шеризат 

ақынның ақ жүрегі қай жағынан болса да, жарыла 

жауап бере алады. 

Ақынның  кәсібі  жағынан  қазақша  күрестің 

бабын білер  бапкері, чемпиондық   тұғырға  көте-

рілген  талай  тарланбоздарды  тәрбиелеп  шығарған 

табанды  жаттықтырушы  екенін  ел-жұрты  жоғары 

бағалайды.  Жауырыны  жерге  тиіп  көрмеген  оның 

шәкірттері  Қазақстан  аймақтарында  жетерлік. 

Ол  өлеңге  қалай  жауапкершілікпен  қараса, 

қазақ  спортының  бұл  түріне  де  сол  тұрғыдан 

қарап  келеді.  «Өлең—  өмірім»,  -  деп  ұғынатын 

Шеризаттың  ұстанымы  өзегін  жарып  шыққан 

өз  дауысынан-ақ  менмұндалап  тұр.  Жанының 

нәзіктігі  де  сезім  пернелерінің  сыршылдығымен 

сыпайы тіл қатады. Әттең, Шеризат Мекебаевтың 

ауылдан алыс кеткісі келмейді. Оның кіндігі ауылға 

мықтап  байланып  қалған.  Егер  өлең  көшін  қуып 

Алматы  жақты  баяғыда  маңайласа  ақындығы 

қазіргісінен де аспандап тұрар ма еді деген ойдың 

жетегінде қаласың. Атақ пен мансаптан, айқайлата 

насихаттаудан  аулақ  жүретін  Шеризаттың  қанына 

сіңген қарапайымдылығы оны ондайға апармайды. 

Ол  да  марқұм  Есенқұл  Жақыпбековтей  ауылға 

етене бауырып басып кеткен ақын. Ауылдан аттам 

жерге шыққысы келмейді.

Ақын  Кәдірбек  Құныпияұлының  оған  ақжол 

тілеген  алғысөзінде  айтып  кеткеніндей,  аудан 

төрінде отырған ағайындардан дер кезінде ақынды 

аялау  мен  ардақтау  ғана  жетіспейтін  сияқты.  Осы 

жағы  оңтайлы  түрде  қолға  алынса,  ақынның  шер 

мен  мұңға  толы  көңілі  көктемдей  құлпырып, 

бұдан  да  алыс  көкжиектерге  қарай  еркін  қанат 

қағар  еді.  Елі  мен  жерін  сүйген  ақынның  еңсесін 

тіктеп  ұстайтынына  біз  де  қылаудай  шек  келтіре 

алмаймыз.  Әкімдердің  ақынын  іздейтініне  де 

күмәніміз  жоқ.  Оның  жаңа  кітабының  жан 

жылуын сыйлайтын жарқын беттерге толы екеніне 

пайымдылықпен  парақтап,  зейін  қойып  үңілген 

кезіңізде Шеризаттың шертпелері ойыңның түбінде 

жатқан  жоғыңның  шешімдерін  шым-шымдап 

шығара бастайды. Сіз де өмір өрнектерінің қандай 

қайнарлардан тұратынына айызыңыз қанып, шын 

ниетіңізбен шүкіршілік етпей қоймайсыз. Бұл өлең 

күш-қуатының құдіреті болса керек.

Қанат ТӘКЕБАЕВ,

ақын, Қазақстан Журналистер одағы 

сыйлығының лауреаты.                                         


Хантәңірі

7

g. hantaniri@mail.ru.



2014 —Жылқы  жылы, сенбі, 22  қараша

Назар аударыңыз!



Аудандық  Хантәңірі  газетінің  ұжымы  осы  мекеменің 

күзетшісі Батырханов Елшатқа інісі

 

 

ЕржАнның 

 

 

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл 

айтады.

жарыс өтеді

                              ТүзЕТіп оқулАрыңыз сұрАлАды 

Газеттің  2014  жылғы  5  қарашадағы  №  41(7843)  санында  жарияланған  

жылысай  ауылдық округіндегі Мойнақ елді мекенінің 3 көшесіне атау беру туралы 

хабарландырудың    төмендегі  нұсқада  түзетіліп    оқылуы  сұралады.  25  қазан  күні 

жылысай ауылдық округіне қарасты Мойнақ елді мекені тұрғындарының жиыны 

өтті.  жиынды  ауыл  округінің  әкімі  Т.  Әлдибеков  ашты.  жиналысқа  102  адам 

қатысты. Күн тәртібінде: Мойнақ сЭс қызмет ететін мамандар поселкесіне ресми 

ат беру және  үш көшеге ат беру.

жиынға  қатысушылар  арасынан  сөз  алған  Г.  Айдарбеков,  Е.  Тойжанов,  қ. 

қабылбеков,  Т.  намазбаев,  Т.  Атамбаев,  Т.  дүйсебаев,  ж.  Бақтыгереевалар  өз 

ойларын ортаға салып, бірауыздан қолдады. Басқа да сөйлеген азаматтар жоғарыда 

сөйлегендердің ұсыныстарын мақұлдады.

жиналыста қаулы қабылданып Мойнақ елді мекеніне  «Мойнақ ауылы» атын, 

үш көшеге «Шоған Абыз», «жәнібек баба», «Әлмерек баба» есімдері берілді. 

Салауатты өмір салты



қышыма  ауруының  

алдын   алу  жолдары

Қышыма-бұл    жұқпалы    тері    ауруы,  оның    қоздырғышы-қотыр  

кенесі.    Қотыр    кенесі    адамның    терісіне    енгеннен    кейін    жылдам  

көбейе  бастайды,ол адам  терісінде  жұмыртқа  салады, олардан  7-10 

күн  өткен соң, ересек  қотыр  кенелері  пайда  болады.

Қотыр    кенелерінің    қоршаған    орта    әсеріне    төзімділігі    төмен, 

3-7  күннен    кейін    олар  жойылып    кетеді.  Қотыр    кенелері    және  

олардың    личинкалары    төсек    жаймаларын    және    іш    киімдерді  

қайнатқанда,оларды  үтіктегенде  бірден  жойылып  кетеді. 

Қотыр    кенелері    қышымамен    ауырған    адаммен    тікелей    тығыз  

қатынаста    болғанда,  сондай-ақ,    олардың    пайдаланған    төсек  

жаймаларын    және    іш  киімдерін,  киім-кешектерін,    сүлгілерін, 

жөкелерін,  қолғаптарын, сондай-ақ,  басқа да  заттарын пайдаланғанда 

жұғады. 


Қышыманы  53%    жағдайда    аурудың    төсек    жаймаларын,  23% 

жағдайда  олардың  киім-кешектері  мен  жеке  гигиеналық  заттарын  

пайдаланғанда,  24%  жағдайда  аурудың  тұрмыстағы  басқа  заттарын 

пайдаланғанда  жұқтырып  алуға  болатыны  анықталған. Санитарлық  

-гигиеналық    тәртіпті    сақтамаған    жағдайда  ауруды    қоғамдық  

моншалардан,  душ  қабылдайтын  орындардан,  жатаханалардан,  қонақ  

үйлерден,  жүргінші  поездарынан  жұқтырып  алуға  болады.    

Аурудың    жасырын    кезеңі  7  күннен  10  күнге    дейін,  кейде  1,5 

айға    дейін    созылуы    мүмкін.  Аурудың    өзіне  тән    белгілері—  қолдың  

саусақтарының  арасында, кеуде  мен  іштің, санның, аяқтың  терісінде  

бөртпелердің  және  қышыманың  пайда болуы.

Қышыманың    ерекшелігі—  ауырған    адамның    денесі,      әсіресе,   

түнде қатты  қышиды. Теріні  үнемі  қасығанда  оған  микробтар  түсіп, 

қышымаға  терінің  іріңді  жұқпасы  қосылып, ауру  әрі  қарай  асқынып 

кетеді.  Қышымаға  қарсы  арнаулы  емді  тері  ауруының  дәрігері  ғана  

жүргізеді. Ауырған  адам  өзін-өзі  емдеуге  болмайды.

Эпидемиологиялық  тексеру  нәтижелеріне  қарағанда  қышымамен  

әлеуметтік  жайсыз  және  тұрмысы  нашар  отбасындағы  адамдар жиі  

ауырады.

Қышымамен  ауырған  адамдардың  ең  көп  саны  саяжайларда, білім 

беру  ұйымдарында  тіркеледі. Олар  қышыманы  аурудың  киім-кешегін, 

жеке  гигиеналық  заттарын  және  төсек  жаймаларын  пайдаланғанда  

жұқтырады.

Қышыманы    жұқтырмау    үшін    мынадай    қарапайым    жалпы 

гигиеналық  ережелерді  орындау  қажет:

-әрбір 5-6 күн  аралығында  моншаға  түсіп, жуынып  отыру  керек;

-іш    киімдерді    және    төсек    жаймаларын    жиі-жиі    ауыстырып, 

жуып, үтіктеп  отырған  дұрыс;

-әр  адамның  жеке  сүлгісі және  жөкесі  болғаны жөн;

-үйге  келген  соң  міндетті  түрде  қолды  сабындап  жуу керек;

-жаңадан    сатып    алған    киім-кешекті,  іш    киімді    және    төсек  

жаймаларын  міндетті  түрде  үтіктеген дұрыс;



-қышыма    ауруына    сәл    күдіктенгенде    дереу    МКқК    “Тері-

венерологиялық  диспансер”  емханасына  көріну  қажет;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет