дәрігерге ерте қаралу – аурудың айналасындағы адамдарға
қышыманың таралмауын және қоғамдық тазалық талаптарын сақтаған
адамның тез айығатыны жадыңызда жүрсін.
А. сАБАнчиЕвА,
эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің
бас маманы.
жаңа жеке куәліктер
Осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап жаңа жеке куәліктер
беріле бастайды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Қалмұханбет
Қасымов «Үкімет сағаты» аясында Парламент алдында есебінде
«Қазақстанда алдағы қыстың бірінші күнінен бастап жаңа
сипаттағы жеке куәліктер беріле бастайтын болды»- деп хабарлады.
Онда қанық түсті голографиялық фото орналастырылады. Бұл
құжатты қолдан жасаудан қорғаудың жоғарғы формасы болып
саналады. Бағасы да өзгерімсіз. Мемлекеттік БАЖ салығының 20
пайызын яғни 370, 40 теңгені құрайтын болады. Жеке куәлікті алу
үшін:
1) құжат үшiн мемлекеттiк баждың төленгенi туралы түбiртек
(мемлекеттiк баж төлеуден босатылған адамдар растайтын
құжаттарын ұсынады);
2) өлшемі 3,5 х 4,5 см (қағаз жеткізгіште рәсімделген кезде)
екі фотосурет. ХҚТ ТП АЖ арқылы мемлекеттік қызметті көрсету
кезінде көрсетілетін қызмет алушыны фотосуретке түсіру ХҚТ
ТП АЖ-да халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес
және ақысыз жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушының
фотобейнесі электрондық формулярға фотосуретке түсіру,
қолтаңба сканері арқылы көрсетілетін қызметті алушының
қолтаңбасы енгізіледі;
3) мына құжаттардың бiрi:
туу туралы куәлiк (16 жасқа толған соң жеке куәлiк алу
ЕсКЕ АлулАр
Нарынқол ауылының тұрғыны, орман
шаруашылығында көп жыл жауапты
жұмыстар атқарған ел-жұртына қадірлі
жан, жанұясының ардақты әкесі рамазан
рысБЕКов арамызда жүрсе 30 қарашада
67 жасқа толар еді.
Тыңдап, естіп ақыл-кеңес, үніңді,
Өткізер ек бірге туған күніңді.
Ортамызда жүрер едің жайраңдап,
Ел-жұртыңа ақтарып бар сырыңды.
Амал қанша сағынышқа айналдың,
Нар
тұлғаңды
көре
алмаймыз
жайдары.
Тұйық орта мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі АсТЕМЕсовА нұрсұлу
29 қараша күні тірі болса 41 жасқа толар
еді. Амал не сұм ажал аяулы ұстазымызды
ортамыздан
алып
кетті.
Болашақ
ұрпаққа сапалы білім беруімен қатар
өзінің мейірбандылығымен, ақкөңіл,
жарқын жүзімен бұл күнде әр ұстаздың,
әр шәкірттің жүрегінде мәңгі сақталған.
Ақпейіл досымыз, ұстазымыз Нұрсұлуға
жатқан жерің жайлы, топырағың торқа
болсын дейміз.
Сенсіз өмір болды бізге қаралы,
Өзің жоқсың жүрегіміз жаралы.
2013 жылы 25 қарашада өмірден
өткен Текес ауылының тұрғыны
қАлиЕв Тоқтарбай сәрсенқожаұлы
тірі болса 25 қарашада 64 жасқа толар
еді. Тағдырдың жазуы шығар. Туған
күнінде оның бақилық болғанына 1
жыл толып отыр.
Ерте
үзілді
ғұмырыңның
көктемі,
Ғұмырыңды енді сенің жан әке,
Ұл-қыздарың, немерелер жалғайды.
Топырағың торқа, жатқан жерің жайлы болсын жан әке.
Еске алушылар: жан -жары-Әлия, ұлдары- Мақсат, Берікбол,
қыздары- Аягүл, Айгүл, райгүл, назгүл және күйеубалалары –Еркін, Аян,
Еркінбек, келіні –Алуа, немерелері (нарынқол ауылы).
Туған күнін тойлар едік амал не,
Сағыныш боп сарғайтады сананы.
Еске алушылар: бастауыш пән бірлестік мүшелері – Құдыш,
Арман, досың Нұргүл, Анаргүл, Тұрсынай, Айгүл, Шынар,
Гауһар.
Бірімізге
асқар
тау
әке,
бірімізге ата, бірімізге асыл жар
болған БиқожАұлы жұман
осыдан бір жыл бұрын өмірден
озды. Сағына да сарыла еске
аламыз. Мына өтпелі өмірде
қолымызды созсақ та жетпейді.
Жарқын бейнең жадымызда мәңгі
сақталады.
Жыл өтті өмірден сіз өткелі,
Көңілден содан бері мұң
кетпеді.
Отыңды өзің жаққан
өшірмедік,
Өмірдің бастан кешіп түрлі өткелін.
Еске алушылар: жары Гүлмира, ұл-қыздары– Мақсат,
Мақпал, Жасұлан, Бағдат, немерелері – Жандос, Месуд.
кезiнде, 16 жасқа дейiн паспорт алу кезiнде). Ата-аналарының
азаматтығы әртүрлі болған жағдайда шетелдік ата-анасының
баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын
куәландыратын құжатын алуға нотариалды түрде куәландырылған
келісім-өтінішін ұсыну қажет.
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспорт
ауыстырған, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін
жоғалтқан кезде);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi (Қазақстан
Республикасы азаматының жеке куәлiгін ауыстырған, Қазақстан
Республикасы азаматының паспортын жоғалтқан немесе оны
бiрiншi рет алған кезде);
Ішкi iстер органдары беретiн белгiленген нысандағы
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны
туралы анықтама (Қазақстан Республикасының азаматтығына
қабылдануға байланысты құжаттарды алған кезде);
Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi берген
қайтып оралу куәлiгi (Қазақстан Республикасы азаматының
паспортын шет елде уақытша жүргенде жоғалтқан кезде).
Сонымен қатар жеке куәліктерді алмастырушы азаматтар
эксаумақ негізінде тұрғылықты мекен-жайыңызға қарамастан,
орналасқан жеріңіз бойынша ауыстыруға болатындығы туралы
хабарлаймыз.
Г. н. нусипКожАЕвА,
«ХқКо» рМК-ның филиалының
Алматы облысы бойынша
аудандық бөлім инспекторы.
Спорт денсаулық кепілі. Осыған байланысты Сарыжаз
ауылында желтоқсанның 6-сы күні шаңғыдан жарыс
болады. Осы ауылдың азаматы Сұлтанғазиев Досболаттың
атынан ұйымдастырылып отырған жарысқа төмендегідей
жас мөлшеріндегі спортшылар қатыса алады.
15 км қашықтыққа 15-20,
10 км қашықтыққа 20-30,
7 км қашықтыққа 30-40,
5 км қашықтыққа 40-50 жас аралығындағы спортшылар
қатыса алады.
Басталу уақыты сагат 10:00-де.
Байланыс тел: 87759471847.
құрметті кәсіпкерлер!
Кеден одағының 1-ші шілде 2013
жылғы «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі
жөніндегі» техникалық регламенті
күшіне
енгеннен
кейін
тамақ
өнімдеріне, соның ішінде алкоголь
өнімдеріне қойылатын талаптарға
қоса маркілеу белгілеріне қойылатын
талаптарға да өзгерістер енгізілген.
Регламент талаптарына сай Сіздерге
2015 жылдың 1 қаңтарына дейін
техникалық регламент талаптарына сай
келмейтін алкоголь өнімдерін сатып,
өткізу қажет. Ұлттық экономика
министрлігінің тұтынушылар құқы-
ғын қорғау Комитетінің түсіндірмесіне
сай 2015 жылдың 1-ші қаңтарынан
кейін Кеден одағының техникалық
регламентіне сай келмейтін алкоголь
өнімдері мәжбүрлі түрде айналыстан
алынатын болады.
2015 жылдың 1-ші қаңтарынан
бастап алкоголь өнімдерінің әр бір-
лігінде төменде көрсетілген мағлұмат-
тар болуы керек:
1) Атауы
2)
Алкоголь өнімінің құрамы
3) Сыйымдылығы (көлемі)
4) Шығарылғын күні
5) Қолдану мерзімі
6) Өнімді шығарушының өнімді
сақтау талаптары
7) Өнім шығарушының сондай
ақ, тұтынушылардың арыздарын
қабылдауға сенім білдірілген импорт-
таушы ұйымдардың атауы, мекен-
жайы.
8) Өнімді пайдалану жөніндегі
нұсқаулық пен шектеулер
9)
Алкоголь
өнімінің
тамақ
құндылығы-
энергетикалық
құндылығы (колорийность)
10) Кеден одағы мүшелерінің
мемлекет нарығындағы айналым-
дағы тауарларға қойылатын бірінғай
таңбасы. ЕАС.
Осы мәселелер бойынша Алматы
облысы
ұлттық
кәсіпкерлер
Палатасының Райымбек аудандық
филиалына жолығуларыңызға болады.
Филиалдың мекен-жайы: Райымбек
ауданы, Кеген ауылы, «Шырғанақ»
кофесі ғимараты 2-ші қабат,
Тел: 5-54- 41.
Алматы облысы ұлттық кәсіпкерлер
палатасы, аудандық филиалы.
«райымбек атындағы несие серіктестігі» 12 желтоқсан 2014 жылы сағат 10-да болатын
құрылтайшылардың жалпы жиналысының күн тәртібі туралы хабарлайды
1.
«Райымбек
атындағы
Несие
Серіктестігі»
ЖШС-нің
басқармасының
төрағасын және басқарма мүшелерін сайлау
жайлы.
2.
«Райымбек
атындағы
Несие
Серіктестігі» ЖШС-нің құрылтайшылары
«Семсер», «Ескене», «Мураталы» шаруа
қожалықтарының несие жобалары бойынша
берешек сомаларын бухгалтерлік баланстан
тыс есеп шотқа орналастыру жайлы.
Хабарламашы- «Райымбек атындағы
Несие серіктестігі» басқармасының
төрағасы Н. Советов.
3.
«Райымбек
атындағы
Несие
серіктестігінің құрамына жаңа құрылтайшылар
қабылдау және «Райымбек атындағы Несие
серіктестігінің» құрамынан құрылтайшыларды
шығару жайлы.
Хабарламашы-
«Райымбек
атындағы
Несие серіктестігі» басқармасының маманы Г.
Аутанова.
Ескертпе: «Райымбек атындағы Несие
серіктестігі» ЖШС-тің құрамына мүшелікке
жаңа құрылтайшылар қабылдайды.
Жұмыс телефоны: 5-53-57.
«райымбек атындағы несие серіктестігі»
басқармасының төрағасы н. советов.
**** Сарыжаз ауылындағы Қабылбеков көшесіндегі №43 үйдегі
Ногайбаева Жамалхан Зәкірқызының атындағы жер учаскесіне берілген
(№298376, кадастрлық номері 03-050-013-630) мемлекеттік актісі
жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.
**** Жеке кәсіпкер Иманжанов Марат (куәлік сериясы 06915,
№0103386, берілген күні 11.07.2007 ж) өз жұмысын тоқтатады.
**** Қайнар ауылындағы жеке кәсіпкер Салтаева Рая Аманжолқызы
(куәлік сериясы 12915, №0531547, берілген күні 25.06.2012 ж) өз жұмысын
тоқтатады.
**** Шалкөде ауылындағы жеке кәсіпкер Амраева Фаузия (куәлік
сериясы 07915, №0095685, берілген күні 2.04.2009 ж) өз жұмысын
тоқтатады.
**** Шырғанақ селолық округінен шаруа қожалығын жүргізу үшін
Тулегенов Мусилимге берілген 12 гектар шабындық, 8 гектар жайылымдық,
5 гектар егістік жер учаскелері ауданның жер қорына қайтарылсын.
**** Кеген ауылындағы жеке кәсіпкер Тажибаева Баглан (куәлік
сериясы 06915, №0103341, берілген уақыты 7.05. 2007 ж) өз жұмысын
тоқтатады.
****Шалкөде орта мектебін 1997-98 оқу жылында оқып бітірген
Абдықадыров Бақытжанның атына берілген МОБ №0148025 номерлі
аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.
Бір жыл болды сен өмірден өткелі.
Біздер үшін ерекше еді бағаңыз,
Сені Әке сағына еске аламыз.
Өзіңізге тие берсін дұғамыз.
Еске алушылар: жұбайы-нағима, ұлдары- жігер, жомарт,
самат, қыздары-назым, Тоғжан, келіні-назгүл, немерелері-Аңсар,
інжу (Текес ауылы).
жылысай ауылдық округі әкімшілік аппараты, ауыл
ақсақалдар алқасы жылысай ауылының тұрғыны, ауданның
құрметті азаматы Бағашаров қуандыққа немересі, ауылдық
округтің учаскелік инспекторы полиция майоры Бағашаров
жанатқа баласы
қАзБЕКТің
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл
айтады.
Шалкөде
ауылының
тұрғыны,
қарашаның 19 жұлдызында ұлымыз
Асхат жАнБолАТұлы 27 жасқа толар
еді. Амал жоқ. Жүрегіміз қарс айрылып,
қапияда мерт болған тастүлегімізді
сағына еске аламыз.
Бүгін сенің туған күнің, құлыным,
Басқа ұлдардан ерекше еді қылығың.
Хантәңірден кеттің ұшып келмеске,
Естілмейді «мама» деген нұрлы үнің.
Хаһ бұйрығы, көн бе мейлің көн
мейлі,
«Жоқ»
дегенге
жүрек
құрғыр
сенбейді
Жатқан жерің жайлы болсын
Асхатым,
Жер бесігің енді сені тербейді.
Еске алушылар: әжесі Зейнеп, әкесі Жанболат, шешесі Айтжамал,
бауырлары: Сағдат- Гүлнұр, Мағжан- Лаура, қарындасы Маржан, іні-
қарындастары Айбар, Елнұр, Айару.
Хабарландырулар
Хантәңірі
8
Бас редактордың орынбасары
Иемберді ТАСТАНОВ, жауап-
ты хатшы Ғани БЕЙҚҰТБАЙ,
бөлiм меңгерушiсi Серікжан Му-
рАСИлОВ, меншікті тiлшi лаура
ҚАрАСАрТОВА, дизайнер рысгүл
ДҮЙСЕНБЕКОВА, корректор
Айша АНДАСОВА, фототілші
Біржан НҰрАҚЫНҰлЫ.
Директор—
бас
редак-
тор Шыңғыс ТҰрСЫНОВ.
ҚҰРЫЛТАЙШЫ:
АлМАТЫ ОБлЫСЫНЫң әКiМДігi.
МЕНШIК ИЕСI: “МЕДИАхОлДИНг “ЖЕТіСу АҚпАрАТ” АКцИОНЕрліК ҚОҒАМЫ. газет аптасына бiр рет шығады. Бағасы келiсiмдi.
редакцияның
мекен- жайы:
041400,
Кеген селосы,
Д. Қонаев көшесi,
137 үй.
10 тамыз 2002 жылы Қазақстан республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнен бұқаралық
ақпарат құралын есепке қою туралы № 3106 - г куәлiгi берiлген.
Телефондар: бас редактор - 2-13-77 (факс), бас редактордың орынбасары 2-13-83, жауапты хатшы - 2-14-57, 79- 00-9, бөлім
меңгерушісі 2-13-83. Көлемi екi баспа табақ. Офсеттiк тәсiлмен басылған. А - материалдың жариялану ақысы төленген.
Таралымы 4869 дана. Авторлардың пiкiрлерiн редакцияның түпкiлiктi көзқарасы деп түсiнбеген жөн. Индексi 65543.
«Алматы -Болашақ» ЖАҚ-ның баспаханасында басылды. Алматы қаласы, С. Мұқанов көшесi, 223 «Б».
g.hantaniri@mail.ru.
Нөмірдің кезекші
редакторы
С. МурАСИлОВ.
2014 — Жылқы жылы, сенбі, 22 қараша
****«ОТАу- ТВ» қондырғыларын
сатамыз.
Келіңіздер,
көріңіздер.
Арзандатылған бағада сатамыз. 1 жылға
кепілдік береміз. Комплект 18000
теңгеден бастап. Мекен- жайымыз:
Алматы облысы, Красныйполя ауылы
«Сұлтан» мал базарында. Алматыда.
хабарласу телефондары 8 701 139 29 29,
8 777 122 26 26.
“Отау” алыңыз!
Құттықтаймыз!
Сөзі де, тілегі де бір замандастарға не жетсін! Қашан көрсең де жасына
қарамай кішіпейілдікпен хал-жағдайыңды сұрап, сенің әрбір сәтті
қадамыңа қуанып, сүрінсең қолдау бола білетін әрі замандасымыз, әрі
арамызды екі-үш ай бөлетін құрдасымыз, қолынан сажыны мен құжаты
түспей аудандағы жүздеген отбасылардың жерін заңдастыруға, жаңадан
салынатын үйінің орнын белгілеуге қу жанына тыным бермей жүгіріп
жүретін әріпжан ДуВАНАЕВ зейнеткерлік жасқа да келіп қалыпты.
Артынан қуып келе жатқан біздер «Апыр-ай, зейнеткерліктің ауылына
бізде келіп қалыппыз» деп, әрі қуанып, әрі ойланып, мұңайып қалдық.
Амал не, уақытқа тоқтау жоқ. Жалындап жүрген жастығыңда аудандағы
талай сәулетті құрылыстардың бой көтеруіне ізденіспен өлшеусіз үлесіңді
қоссаң, зейнеткерлік жаста соңыңнан қозықұйрықтай өсіп, ілесіп келе
жатқан іні-қарындастарыңа ақылшы бола бер, Әріпжан!
Зейнеткерлік жаста немере, шөберелеріңнің кіршіксіз күлкісімен
бірге қуанып, өмірдің бар жақсылығын көре бер!
Құттықтаушылар: құрдастары әрі замандастары: Тұрсынжан-
Ұмытшақ, Жұматай-Күміс, Иемберді-Биғайша.
Спорт: зілтемір көтеру
Қасиетті Райымбек бабамыз
атындағы
ауданның
түлегі,
Сарыжаз ауылының жас қыраны
Жасұлан Қыбыраев кеше ғана
Алматыда өткен зілтемірден әлем
чемпионатында
Илья
Ильин,
Зулфия Чиншанлолармен қатар
94 килограмм салмақ дәрежесінде
қоссайыс қорытындысы бойынша
408 килограмм зілтемірді көтеріп
әлем чемпионы атанды. Жасұланның
жеңісі— барша халқымыздың жеңісі.
Себебі, спорттың зілтемір түрінен әлі
де бір қандасымыз әлем чемпионы
атанған жоқ.
Сарыжаздан шыққан саңлағым,
Арыстан жүрек арланым.
Әнұранды ойнатып,
Топ жардың асыл тарланым.
Көріне бергін биіктен,
Ильяның жолын жалғаған.
Қуанды ауыл аймағың,
Күлімдей күліп, жайнағын.
Көтерттің биік көгіме,
Ұлтыңның көк байрағын.
Бұйырған алтын жүлдені,
Қанжығаңа байладың.
Асылдан туған арысым,
Ұлтыңның бермей намысын.
Зілтемірді көтердің,
Жеңіспен бітті жарысың.
Чемпион болдың әлемге,
Сенді ғой халқың дәлелге.
Нұрын төксін бір Алла.
Сендей ұлы бар елге.
Көтердің жүгін еліңнің,
Көрсеттің күшін беліңнің.
Биіктен балам көріндің,
Төлеуі қайтты-ау теріңнің.
Топ жардың қазақ баласы,
Қуанды қазақ даласы.
Көзіне ыстық жас алды,
Жасұланның анасы.
Талайлар басын шайқады,
Талайлар бос сөз айтады.
Кім екенін қазақтың,
Дәл бүгін міне байқады.
Еңбек ет балам, ел үшін,
Жеңістің кілті еңбекте.
Қуанды Дархан, Ермек те,
Спортшы болам деп екі інің,
Уәде саған бермек те.
Қуандың балам, қуандың,
Топ алдында сыналдың.
Зілтемірді көтеріп,
Уәдеңде тұра алдың.
Рухы қолдап бабаңның,
Қолыңа көк ту алдың.
Мақтасын халқың, мақтасын,
Әлемнің аштың қақпасын.
Өсе бер балам, өркендеп,
Тіл көзден Алла сақтасын!
Райымбектей бабаңның,
Әруағы сені қолдасын.
Қыбырай бабаң күш беріп,
Қызыр болсын жолдасың.
Күйіп тұрды-ау іштері,
Талайы тістеп бармағын.
Жүректен шыққан сөзімді,
Жасұлан саған арнадым.
Ақ тілекпен Бексұлтан КөлБАев,
Сарыжаз ауылы.
Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Жасұлан Қыбыраевқа ақ тілек
Әлем чемпионы Жасұлан
Құқықтық сауаттылық — уақыт талабы
Еліміздің Ата Заңында адамның негізгі
құқықтары
мен
бостандықтарына
қол
сұғылмайтыны атап көрсетілген. Ата Заңның басты
қағидаларының бірі – адамның құқығы туралы
терең білу үшін алдымен өзіміз құқытық жағынан
сауатты болуымыз керек. «Ұяда не көрсең-ұшқанда
соны ілесің» -деп халық мақалында айтылғандай,
әсіресе, мектеп қабырғасында шәкірттерге
құқықтық жағынан терең білім берудің маңызы
зор. Себебі, дамыған өркениетті елдерде ұсақ
құқық бұзушылыққа жол бермеу, қоғамдық
тәртіпті сол елдердегі халықтың қанына сіңген
қасиетіне айналған. Қоғамдық орындардағы
құқықтық нормалардың сақталуына сол елдердің
әрбір тұрғыны, әсіресе, жастар өз үйлеріндегідей
жанашырлықпен қарайды.
Бізде жастар көшелерде шемішке шағып
жүре береді. Қалдықтарды арнайы орындарға
тастамайды. Қоғамдық орындарды орынсыз
дөрекі сөздер айтып, бір-бірін негізсіз айыптайды.
Демек, жастарымыз құқықтық тәртіп сақтаудың
қарапайым қағидаларын білмейді. Мысалы, қалада
бала-шағасымен рұқсат етілмейтін жерлерден
бағдаршамның қызыл түсінде жүгіріп өтетін ата-
аналар бар. Ата-анасынан сондай тәрбие көрген
бала заңды қалай сақтайды? Алдымен өзіміз
оларға заңды сақтауды үйретуіміз керек. Ол үшін
баланы жастайынан заңды сыйлауға тәрбиелеуіміз
керек. Олай дейтініміз, құқықтық сауаттылықтың
негізгі бағыттары алдымен қарапайым тұрмыстық
жағдайлардан бастау алады.
Ең бастысы, құқығын білмегендер өздеріне
жасалған қысымнан қорғануға әлсіз. Жалпы,
статистикалық деректер қоғамда зорлық-
зомбылыққа ұшырайтындардың денін әйелдер
мен балалар құрайтынын көрсетіп отыр.
Өйткені әйел-әлсіз, бала-қорғансыз. Сондықтан,
қоғамымыздың болашағы–балалардың құқықтық
сауатын жетілдіруге біздің Қарқара орта мектебінде
баса назар аударылып келеді.Мектебімізде
тәрбиеге байланысты өнеге сағаттары,апталықтар,
онкүндіктер жиі өткізіледі. Тәрбие саласында
құқықтық тәрбиеге жете көңіл бөледі. Жылына
екі рет құқықтық онкүндіктер өткізіледі.
«Сен құқығыңды білесің бе?», «Құқықтық
сауаттылық–заман талабы», «Нашақолық және
құқық бұзушылық», “Құқық бұзушылықтың алдын
алу”, «Заңды біл, Заңды құрметте» тағы басқа
тақырыптарда семинар кеңестер, психологиялық
тренингтер, пікірлесу кездесулері тұрақты өткізіліп
келеді.
Осы орайда «баланы бастан» дегендей,
балаларымызға ойлы, сын сағатта өзіндік шешім
қабылдай алатын, құқықтық жағына өзін қорғай
алатын деңгейде тәрбие берсек, оның келешегі
үшін алаңдамауымызға да болады. Интернеттен
дайын заттарды пайдалана салу баланың қабілетін
төмендетеді. Бала тәрбиесіне, олардың жан-
жақты, құқықтық жағынан сауатты болып өсуіне
Қарқара орта мектебінде барлық мүмкіндіктер
жұмылдырыла береді.
Иманбек Дина,
Қарқара орта мектебінің мұғалімі
Келіндер — отбасының
ұйтқысы
Жақында Сарыжаз ауылындағы мәдениет үйінде «Келіндер –
отбасының ұйтқысы» атты келіндер сыны өтті. Аталған мәдени шараға
ұстаздар Молдасанова Жаңагүл, Саурықова Аян, Бекмұханбетова Аяу-
Тәрбие–тал бесіктен
жан, Тілекова Гүлнар, балалар бақшасының тәрбиешісі Есімбекова Гуля,
мәдениет үйінің қызметкері Нұрақынова Меруерт, емхана ұжымының
мейірбикесі Симтикова Гүлмари және Кепшақова Айжан, Әшімова
Әселдер қатысты. Байқауға қатысушы келіндер баланы бесікке бөлеу,
бесік жырын нақышына келтіре орындау, бір ұлттық тағам әзірлеу, күйеу
жағының туыстарымен қарым-қатынастары, инабаттылық, ибалық,
келінге тән мінез-құлықтар туралы барлығы 4 номинация бойынша
ұлттық ерекшеліктерімізді қамти отырып, өз өнерлерін көрсетті.
Келіндер сыны қорытындысында Ақбейіт ауылынан келген жас
келін Кепшақова Айжан бас жүлдені жеңіп алды. Бірінші орынды Сары-
жаз орта мектебінің ұстазы Саурықова Аян, екінші орынды Нұрақынова
Меруерт, үшінші орынды кәсіптік колледждің ұстазы Тілекова Гүлнар,
төртінші орынды емхана ұжымының мейірбикесі Симтикова Гүлмари
иеленді. Байқауға қатысқан 5 келіндерге ынталандыру сыйлықтары
берілді. Көрермендер бұл тәрбиелік маңызы зор шараны ұйымдастырған
ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Қайыпбердіұлы Бақытжанға,
көркемдік жетекшісі Байсұлтанова Маржанға, мәдениет үйінің маман-
дары Жақсылықова Айжанға, Омаров Сержанға алғыстарын білдірді.
гүлнар
БОлАТБАЕВА,
Сарыжаз ауылы.
Суретте: сынға қатысқан келіндер.
Білім ордаларында
Аудандық «Хантәңірі» газетіне қазан айының 18-і күні жарияланған
«Айтпасқа амал қалмады» атты мақалаға сәйкес Қарасаз ауылында
жиналыс өтті. Жиналысқа ауылдық округ әкімі Б.Сыпатаев, аппарат
қызметкерлері, жастар ұйымы, мектеп басшылары, ақсақалдар Кеңесі
мен әйелдер Кеңесі мүшелері, шаруа қожалық төрағалары және ауыл
тұрғындары болып барлығы 50 адам қатысты. Күн тәртібінде мақалада
айтылған сөздер талқыланып, негізсіз деп табылды. Белгісіз адамның
қолымен жазылған хатта айтылған ойлар редакцияның түпкілікті
көзқарасын білдірмейді. Алайда келешекте әр хаттың астына аты-
жөндеріңізді көрсеткендеріңіз жөн.
Жазылған жайдың жаңғырығы
Құрметті
аудан
тұрғындары! Сіздерді жас әнші
Шаба ӘденҚұлҚызының
«Маржан қыз» атты ән
кешіне шақырамыз. Кеште
әнші, әртіс нұрлан Сағынай,
домырашы
Сабира,
мың
бұралған биші қыздарыңыз
Тамара өз өнерлерімен тәнті
етеді. Келіңіздер, көріңіздер!
Концерт өтетін уақыт:
1- желтоқсанда нарынқол
ауылында сағат 15:00 де;
Текесте 18:00 де; 2-ші
Шақырамыз! Шақырамыз! Шақырамыз!
желтоқсанда Қарасаз ауылында сағат 15:00 де, Сарыжазда 18:00 де, 3-ші желтоқсанда Қарқара ауылында сағат 16:00
де, Кегенде 18:00 де. Ән кеші жанды дауыста өтеді.
Байланыс тел: 87775822224 нұрлан.
22 жастағы Жасұлан Қыбыраев спортпен 13 жасынан айналысты.
Әу баста Талғар қаласында грек-рим күресіне қатысып, 2006 жылы
Алматыдағы Каркен Ахметов атындағы спорт мектебіне қабылданды.
Сол кезде ауыр атлетикадан олимпиадаға даярлау орталығында жұмыс
істейтін ағасы Бекен Бекмұхамбетов Жасұланның ауыр атлетикамен
айналысуын қалайды. Араға 2 жыл салып жерлесіміздің жеңісті жолдары
басталды. Жасұлан 2008 жылы
Шымкентте өткен жасөспірімдер
арасындағы Қазақстан чемпионатында
1-ші орын, 2011 жылы Бішкекте өткен
Қаныбек
Османәлиев
атындағы
халықаралық турнирде 1-ші орын
алып, шетел мамандарына танылды.
2011 жылдың соңында Тайландта
өткен жасөспірімдер арасындағы әлем
чемпионатында жеңімпаз атанып,
алтын медаль алды.
Тайландтағы әлем чемпионатында
жеңіске жеткенде алғашқы бапкері
Дәурен Әділғазин «бұл басы ғана» деп
Жасұланды арқасынан қаққан екен.
Міне, бапкердің, үміт күткен елінің сенімін ақтап Жасұлан Қыдырбаев
зілтемірден әлем біріншілігінде Қазақстанның көк байрағын биікке
көтеріп, Әнұранын орындатып отыр. Жеңіс құтты болсын, Жасұлан!
Алдағы өтетін олимпиадияның Жеңіс тұғырына көтеріл! Үлкен
спорттағы әрбір қадамыңда Сені қасиетті Райымбек бабамыздың рухы
қолдасын!