саласында ұйымдасқан қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді.
«алушыға» ғана емес, «берушіге» де жауапкершілік артылған.
туғызу үстінде.
табылады.
Хантәңірі
3
g. hantaniri@mail.ru.
2014 —Жылқы жылы, сенбі, 18 қазан
АдАл еңбек иесі
9 қазан— Дүниежүзілік пошташылар күні
үлкендей көріп сыйласақ оларда қарындасындай қабылдап,
жарасымды ұжымда ортаға тез сіңісіп кеттім десем болатын
шығар.
Тілші: – Өзіңізге кімді ұстаз тұттыңыз?
Ажар ЕсЕнбАйқызы: –Жоғарыда өз сөзімде атап өткен
екі адам менің нағыс білгір маман болуыма көп септігі тиді деп
есептеймін. Бір орында қалып қоймай білімімді жетілдіруге де
көп көмектесті. Жұмыс жасай жүріп сырттай АУКТ-ні бітіріп,
бухгалтер деген мамандық иесі атандым. Жалпы өткен ғасырдың
соңғы 30 жылында, яғни, 1975-79 жылдары соңғы бақылау
бөлімшесінің есепшісі, 1979-86 жылға дейін жинақ аудандық
қатар мамандардың өкше басар, ізін жалғар жасқа келіп те
қалғанымызды аңғармаптық. Халыққа шын махаббатыңды беріп
жұмыс жасау зор мақтаныш қой. Өмірдің ағысымен жарыса
жүріп, жоғары жақтың нұсқауымен сбербанкі қазпоштаға
қосылып жүйе өзгерді. Содан бері 2000 жылдан Нарынқол
байланыс бөлімшесінің бастығы болып қызмет атқарамын.
Бөлімшеге Нарынқол мен Қостөбе ауыл тұрғындарының банкіге,
поштаға қатысты барлық қызмет түрлері кіреді. Нарынқолда
бізден басқа банк саласында қызмет көрсететін мекеме жоқ
болғандықтан халыққа мінсіз қызмет істеп, көңілін табу олардың
талап-тілектеріне сай әр салада жұмыс жасай білу қиын-ақ.
Атап өткендей барлық қызмет түрлерімен қоса еңбекақы,
жәрдемақы, зейнетақы тарату сияқты міндетті төлемдер мен
салықтарды, телекоммуникация қызметі секілді істері байланыс
бөлімшесі арқылы бітіп жатады. Біз өзімізге тиесілі міндеттерді
аяқсыз қалдырған емеспіз. Оған ауыл халқы куә. Осындай
жауапкершілікті арқалаған қызметкерлер анығырақ айтсақ
сенімді серіктерімнің еңбегі, күш-қайраты ешқандай өлшемге
сыймайды десем болатын шығар. Қазіргі күні біздің бөлімшеде
3 оператор мен 4 хат тасушы қыздар жұмыс жасайды. Басшы
болған соң барлық жайды бағамдай білу шарт. Қол астымдағы
қызметкерлерден Мұнашбаева Бибігүл, Алболтаева Ләтипа
сияқты 25-30 жыл жұмыс жасаған білікті қыздар мен қатар жас
маман Әсем Нүсіповалардың еңбегі әр кезде қуантып отырады.
Бұдан басқа ауыл халқына қалтқысыз еңбегі сіңіп жүрген хат
тасушы қыздардың жұмысы орасан. Аманатына қиянат жасамай
жүгіріп жүріп жұмыс жасайтын Әнапияева Жадыра, Әбішева
Эльмира, Жаңбыршиева Самалдардың күнделікті қызметіне
газет- журнал оқитын оқырман қауым үлкен рахметтерін
айтатынына сенімдімін.
Тілші: – Ажар тәте еленген еңбегіңіздің жемісін жеп келесіз.
құрметіңізге жарасатын мақтау-марапаттаудан ада емес
шығарсыз.
Ажар Есенбайқызы: —Менің 40 жыл халықтың арасында
жүріп қызмет істеген кездерімде, ауылдық әкімшілік,
сбербанкының мақтау қағаздары, бұрынырақтағы еңбек
екпінді значогы, аудандық Алғыс хат, бағалы сыйлықтарымен,
сондай-ақ, АҚ Алматы облыстық филиалының директоры
М.У.Карибаевтың 2 рет Алғыс хатымен де марапатталдым. Иа,
бұл марапаттаулар осы уақытқа дейін жеткен жетістігімізді түгел
өлшеп бермесі анық. Бізге ең басты құрмет ол – пошташыларға
деген халықтың ыстық ықыласы деп ойлаймын.
Тілші: – Жанұяңыз туралы айта отырсаңыз?
Ажар ЕсЕнбАйқызы: –Шүкір Алланың берген 1 ұлы
мен 2 қызын тәрбиелеп өсірдім. Жолдасым 2005 жылы жол
апатынан қайтыс болған. Уақыт бәрін ұмыттырады екен. Бүгінде
жан жұбанышым ұл- қыздарым Беркін, Майгүл, Айнұр. Үшеуі
де жоғары маман иелері. Қазір 10 баланың қадірлі әжесі атанып
отырмын. Әже болу бақытын ауызбен айтып жеткізу қиын
әрине. Енді солардың тілеуін тілеп, қуаныштарына мас болып,
құрақ ұшып жүгірген немеремнің маңдайынан иіскеп отырған
жайым бар.
Тілші: – сұхбат бергеніңізге көп-көп рахмет! Алдағы
жұмыстарыңызға табыс тілеймін
сұхбаттасқан серікжан МурАсилов,
«Хантәңірі»
«ЖолдА қАбылдАу»
Республикалық акциясы
Тілші: – құрметті Ажар Есенбайқызы жыл сайын дәстүрлі
аталып өтетін дүниежүзілік пошташылар күнімен құттықтаймын!
қандай мамандық болмасын өзінің майталманы болады. сізді де
өз ісінің майталманы десек оқырмандарымыз келісетін шығар.
Алдымен өзіңіз туралы, туып өскен жеріңіз жайлы сұрақтан
бастасақ.
Ажар ЕсЕнбАйқызы: –Дүниежүзілік пошташылар
күнімен құттықтағандарыңызға көп рахметімді айтам. Мен өзім
1954 жылдың қаңтар айында қарапайым отбасында дүниеге
келдім. Әкем Өмірәлиев Есенбай Шалкөде ауылының тумасы,
шопан болған. Ал шешем Ноғайбаева Жұмахан 10 құрсақ көтерген
көп балалы ана. Анамыз қайсымызды болмасын ешкімнен кем
өсірмеді. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырды. Анамыздың ақ
үмітін үкілеп, әрқайсысымыз бір-бір өмір арнасына жол салдық.
Әрине, бүгінде ол кісілер о дүниелік болып кетті. Балғын
балалық шағымды сұрасаңыз 1970 жылға көз салар едім. Ол кезде
мен Шалкөде бөлімшесі (ол кезде Қошқар) Талас ауылында 8
сыныпқа дейін, ал жоғары 9-10 сыныптарды Талғар қаласындағы
интернатта жатып оқып бітірдім. Енді бала болған соң армансыз
болмайсың ғой. Мектепті бітіргеннен кейін жақсы есепші-
финанс маманы болсам дедім. Бірақ сол уақыттарда әкем қатты
науқастанып, оқу жайы кейінге қалды. Сөйтіп, кешігіп барып
армандаған оқуыма түсе алмай, бухгалтерлік курсқа тапсырып,
1 жылдық курсты бітіріп шықтым. Сол заманның талабы курс
бітірген адамды жоғары білімі бар маман ретінде қарайтын.
Осылайша оқуды бітіріп келіп, яғни, 1975 жылдың ақпан айында
Нарынқол аудандық жинақ банкісіне соңғы бақылау бөлімінің
есепші бухгалтері ретінде жұмысқа қабылдады. Жүрегім
қалап алған мамандықтың қалайда қыр-сырын меңгермекке
талпындым. Жаспын әрі басым бос. Таңғы сегізден кешкі 8-ге
дейін тапжылмай отырып үйреніп, жұмысымды ұршықша иіріп
әкеттім. Осылайша алғашқы еңбек жолым басталды да кетті.
Тілші: – Өмірдің өзі ұстаз ғой. Кеңес үкіметінің тәрбиесін
көрген жанның бірі өзіңізсіз. Жалпы мамандығыңызда сол
уақыттарда талап қандай еді, жас жұмысшы ретінде үлкен өмірге
деген көзқарасыңызды қалай қалыптастырдыңыз?
Ажар ЕсЕнбАйқызы: –Өмірдің өзі ұстаз екені рас. Әлі
есімде басшымыз Тұрған Бағыбаева деген өте талапшыл адам
болатын. Жұмысқа өте сергек әрі, қол астындағы қызметшілерге
қатал болатын. Кімде болса ондай тәртіпке түсіністікпен
қарайтынбыз. Жұмыс басталардан бұрын сағат 8:45 орыныңда
болуың керек. Бас есепшіміз Башар Байтөлекова ішкі тәртіпке
қАЖыр-қАйрАТТы ТАлАп ЕТЕТін МАМАндықТың
бірі – пошТАшылАр ЕКЕні Анық. «...Айшылық
Алыс ЖЕрлЕрдЕн, ЖылдАМ ХАбАр АлғызғАн»
дЕМЕКші, ХАлықпЕн ЕТЕнЕ Тығыз бАйлАнысТА
ӨрбиТін МАМАн иЕлЕрінің сырТ КӨзгЕ бАйқАлА
бЕрМЕйТін ТыныМсыз ЖұМысТАрын ЕрліККЕ
бАлАсАқ ЖАрАсАТындАй. осығАн бАйлАнысТы
пошТАшылАрдың ТӨл МЕрЕКЕсі ТұсындА Өз
ісінЕ ЕріКсіз бЕрілгЕн біліКТі пошТАшы АЖАр
ЕсЕнбАйқызыМЕн сұХбАТ құрғАн ЕдіК.
барынша үйретті. Бір мекемеде
бір телефон болатын. Онымен
сөйлесу біз сияқты жас
мамандарға таңсық болатын.
Осының барлығына араласа
жүріп үйрендік ғой. Әрине,
жұмыстың аты жұмыс. Бірақ
адамгершілік деген дүние
тағы бар. Ол ешқандай заңға
симағанмен әркімнің бойында
қалыптасатын қасиет. Үлкенді
банкінің бас есепшісі болдым. Ал екі аудан қосылған жылдары
орталық банкінің Нарынқол бөлімшесінде кассир болып еңбек
еттім. Осы жетістігімнің барлығына осындай аға-апаларымның
арқасында ол кісілердің риясыз қамқорлығының құшағында
жеттім десем артық айтқандық емес.
Тілші: – Мекеме жұмысымен аз-кем таныстырып өтсеңіз?
Ажар
ЕсЕнбАйқызы:
–«Дарияның
суы
аққан
сайын тазарады» демекші, уақыт өткен сайын алдыңғы
****дүниежүзілік пошта одағы Конгрестің 14-ші
шешімімен аталған одақтың 1874 жылы құрылған құрметіне
орай атап өтіледі. Ал дүниежүзілік пошта күні ретінде
пошташылардың дүниежүзілік одағы 1969 жылы Токиода
өткен конгресінде жария етілді.
****1874 жылы 9 қазанда швейцарияның бьерне
қаласында 22 елдің өкілдері бас пошта одағының негізін
бекітетін берн келісіміне қол қойды. 1878 жылы одақ өз
атауын өзгертіп, дүниежүзілік пошта одағы (дпо) деп атала
бастады. бүгінгі күні дпо-ға 189 мемлекет мүше. қазіргі
кезде барша әлемде 9 қазаннан бастап халықаралық хат
апталығы өткізіледі.
****дпо-ның мәліметтеріне сәйкес, халықаралық
пошта өз клиенттерінің 6800 тілінде сөйлейді және поштаны
жеткізіп салудың әлемдегі ең ұзын желісі болып табылады.
ол тауарларды сенімді, тиімді әрі артық шығынсыз жеткізіп
салуды, сондай-ақ идеялар алмасуды қамтамасыз ету үшін
арналған. дпо әртүрлі ауқымдағы фирмаларға клиенттерді
іздеп табуға және олардың сұраныстарына жауап беруге
көмектеседі.
1 қазан— Қарттар күні
АтАдАн миРАс— Ақылың
Халықаралық
қарттар
күніне орай Кеген ауылдық
округі әкімінің аппаратының
ұйымдастыруымен
қарттармен
кездесу өтті. Алғы сөзді Кеген
ауылдық ақасақалдар алқасының
төрағасы Ә. Шелекбаев ашып бата
берді. Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы Х. Зықаев сөз
сөйлеп, қонақтарды мерекемен
құттықтады. Ауыл әкімі Ернат
Сатыбалдиев
қорытындылап,
Н. Есімбеков, А. Әбілова, Ж.
Әбдіраманов,
С.Қосаева,
Е.
Байдулатов ақсақалдарға шапан
жапты. Демеуші болған кәсіпкер
Қ.Мұқашоваға
ауыл
әкімі
аппараты алғыс хат табыс етті.
Аудандық
қазынашық
басқармасы да мекемелеріндегі
зейнеткер
қызметкерлермен
мерекеге орай дөңгелек стол
ұйымдастырды.
Арғынбекова
Ұлдахан мен Тайбанов Тамашаға
әріптестері тарапынан қарттар
күніне орай құттықтау мен үлкен
сый көрсетілді.
Текес ауылының мәдениет
үйінде де ауылдың қарттарымен
кездесу өтті. Сұлтанбай, Дәметхан,
Кеңесбек, Жамбылхан қариялар
мен әжелер қызықты да қиындығы
мол еңбек жылдарымен бөлісті.
Кәсіпкерлер Т. Нүсіпқожаев, Е.
Сатылғановтар сонымен қатар,
«Досалы баба» мешітінің діни
қызметкерлері де өз тараптарынан
құттықтау сөз арнап, үлкен
көлемде қарттарымызға сый-
сияпат көрсетті.
№2 Кеген орта мектебінде
бастауыш кәсіподақ ұйымының
ұйымдастыруымен қарт зейнеткер
ұстаздармен кездесу дөңгелек стол
өтті.
Негізгі мақсат сол «Қариясы
бардың,
таусылмас
дариясы
бар», демекші қазыналарымыз,
көпті көреген көнекөздерімізді
бүгінгі
ұрпақ,
алдымыздағы
жас буын шәкірттерге өнеге
көрсетуімен қатар олар салған
сара жолды үлгі ете отырып,
тәлімін көрсін, тәрбиесін бойына
сіңірсін»,- деді ұйымдастыушылар
мектеп жанындағы бастауыш
кәсіподақ ұйымының төрайымы
Манайбекова Ләззат пен тәрбие ісі
жөніндегі орынбасар Толымбекова
Нұргүл.
Бізде қосыламыз қартын қадір
тұтқан ел емес пе ек... Бүгіннің
алғы буыны аудандық ардагер,
қарт зейнеткер ұстаз Бектұрғанов
Амангелді:
«Мерекелеріңіз
құтты
болсын!
Көгеріңдер,
көктеңдер!
Қартты
сыйласаң
– көрегенділігің», -деді. Кезегімен
сөз алған Шайгүл Камиқызы:
«Көпті көрген адам–қазыналы»
дегенді алға тартты. Көпті көріп,
ақылы мен парасаты өрістеген
кешегісі мен бүгінін саралай
білетін, ақылдың дариясы осы
кісілер емес пе?!
«Болар бала кішкентайынан
жарқырап шығады. Құры қарап
жүрмей титтей де болса, бір нәрсені
бойларыңа сіңіре біліңдер»,-деді
қарт ұстаз Тәжібаев Ермағанбет
ақсақал.
«Мен атам мен апамның
жалғасымын» бөлімінде оқушы-
лар өз туындыларымен бөлісті.
Риза кейіпте зейнеткер ұстаздар
«Өркенің
өссін!»
деп
бата
тілектерін арнап, бір марқайып
қалды.
Оразова Збира, Байтөлекова
Роза, Оразбаева Сәуле сынды
зейнеткер ұстаздарда өз ойларын,
кешегілерін ортаға салып бала
көңілді періштелерге “Қартын
қадір тұтқан азаматтар болың-
дар!“ деп ықылас- ниеттерін
білдірді.
Қарт
ұстаздар
ақ
баталарын шәкірттерге арнады. Ақ
жаулық жауып, үлкенге лайықты
сый-құрмет көрсетіліп, соңы
оқушылар дайындаған ән мен
биге, тамаша көрініске ұласты.
Ұйымдастырушылар
алғы
буынды зейнеткерлерімізге алғыс-
тарын білдіріп, жүздеріңізден әр
таймасын деді.
Осы үрдіс Жалаңаш ауылында
да жалғасып, өз деңгейіне жетті.
Аудандық
“Жұмыспен
қаму
және әлеуметтік бағдарламалар”
бөлімінің бастығы Халық Зықаев
бастаған ұжым мүшелері бір топ
ардагерлерімізбен жүздесіп, сый-
құрметтерін көрсетті.
лаура
қАрАсАрТовА,
«Хантәңірі».
Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауында алға қойған
жалпы мемлекеттік алдын алу жүйесін құру жөніндегі міндеттерге сәйкес
және құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік құрылымдардың
имиджін көтеру, сондай-ақ, жол полициясы қызметіне халықтың сенімін
арттыру мақсатында Жол полициясы бөлімшесінің ұйымдастыруымен
кезекті «Жолда қабылдау» акциясын өткізді.
Аудан тұрғындары көптеп жиналған аталмыш акцияда сөз сөйлеп,
бұл іс- шараның басты мақсаты– тұрғындарға құқықтық көмек көрсету,
құқық қорғау және өзге де мемлекеттік құрылымдарға, оның ішінде жол
полициясы қызметіне азаматтардың сенімін арттыру және партия мен ел-
жұрт арасындағы байланысты нығайту болып табылатындығын айтып,
қатысушылардың барлық сауалдарына жауап беретіндігін жеткізді. Акция
барысында өз құқықтары мен құқық қорғау органдарының жұмысына
бей-жай қарамайтын азаматтарға жолда жүру ережелерін білуі мен оларды
қандай дәрежеде сақтайтындығы және жол полициясы қызметкерлерінің
жұмысына қанағаттана ма, жол полициясы қызметкерлері тарапына
айтатын сын-ескертпе, ұсыныстары туралы сұрақтары бар сауалнамалар
толтыру үшін таратылды.
Шарада сондай-ақ, жол полициясы қызметіне халықтың сенімін
арттыруды көздеді. Акция шеңберінде мемлекет саясатын, Президент
Жолдауын түсіндіруге бағытталған іс-шаралар өткізу, азаматтарға
құқықтық және консультативтік көмек көрсету бойынша жол полициясы
комитетінің, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың
басшылығы азаматтарды қабылдау ұйымдастырды.
Акция өткізу кезінде жол полициясы қызметкерлерінің заңдылық пен
конституциялық құқықтарды сақтау мәселелері жөнінде азаматтармен
сауалнама жүргізілді. Акциясының мақсаты МАИ қызметкерлерімен
көлік жүргізушілері арасында өз ара қарым қатынасты нығайту және
жол жүру ережесін сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстары аясында
кеңейтілген дәстүрлі іс-шара. «Жолда қабылдау» құқық бұзушылықтың
және де жол ережесін бұзу деректерінің алдын алу, заңдылықты сақтау
үшін жасалып жатқан игі шара.
Достарыңызбен бөлісу: