Баспасөз – 2015 ҚҰрметті оқырман! Төл газеттерiңiз – «хантәңiрiне»


аудандарда  жастар  орталығы  құрылды.  Біздің  ауданда  қашан  құрылды



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата02.01.2017
өлшемі6,32 Mb.
#1015
1   2   3   4   5   6

аудандарда  жастар  орталығы  құрылды.  Біздің  ауданда  қашан  құрылды, 

қанша штат, қанша жас жұмысқа тартылды?

Гауһар  КЕҢЕСҚЫЗЫ:    Елбасымыз  Тәуелсіз  Отанымыздың 

кемел  келешегі  болар  жас  ұрпаққа  үлкен  сенім  артып  келеді.  Әрине,  

мемлекетіміздің  болашағымен  бақуаты  бүгінгі  өскелең  ұрпақ 

жастарымыздың  қолында  десек,  бұл  орайда  мемлекет  тарапынан 

жастардың  өз  қабілет  дарынын    дамытуға  бар  мүмкіндік  жасалып, 

жағдай  туғызылған.  Бұған    дәлел  2004  жылы  7  шілдеде  «Қазақстан 

Республикасындағы  мемлекеттік  жастар  саясаты  туралы»  Заң  

қабылданып,  жастар саясатының мақсаттары, міндеттері мен принциптері 

анық белгіленген. Осы бағдарлама аясында  «Алматы облысының жастар 

саясаты  орталығы»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  филиалы-  

«Райымбек  ауданының  жастар  орталығы»  2013  жылдың  1    сәуірінде 

құрылды. Аталмыш орталықта  3 қызметкер жұмыс атқаруда. Райымбек 

ауданының жастар орталығы  биыл  23 ауылдық округ бойынша жастар 

ісі жөніндегі нұсқаушы мамандарымен  қатарымыз толығып отыр.



ТІЛШІ:  Ол  жағы  түсінікті.  Енді  атқарып  жатқан  жұмыстарыңызға 

тоқталсаңыз?

Гауһар  КЕҢЕСҚЫЗЫ:    Қазіргі  таңда  жастардың  салауатты  өмір 

салтын қалыптастыруына, патриоттық тәрбие және өзекті мәселелердің 

тиімді  шешілуіне,  заңды  мүдделерін  жүзеге  асыру  мен  қорғауға  көп 

мән  берілуде.  Әртүрлі  тақырыптарда  жастармен  кездесулер,  семинар, 

дөңгелек  столдар  мен  жиындар  ұйымдастырылып  тұрады.    «Алматы 

облысының  жастар  саясаты  орталығы»  коммуналдық  мемлекеттік 

мекемесінің филиалы- «Райымбек ауданының жастары»  Елбасымыздың  

тапсырмаларын орындау  мақсатында  көптеген игі іс- шараларын жүзеге 

асыруда,  саяси  маңызы  зор,  ел  бірлігін,  ынтымақтастығын  білдіретін 

акциялар өткізуде.



Тілші:  Өткен  10  айдағы  атқарған  жұмыстарыңызға  нақтырақ 

тоқталсаңыз?

Гауһар  КЕҢЕСҚЫЗЫ:        Нақтырақ  айтар  болсам,  шаңғы  қысқы 

спорттық    ойын  түрінен    аудан  көлемінде  жарыстар  өтті.  Елбасымыз 

Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы—Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» 

атты Жолдауын насихаттау барысында «Ауылым— алтын бесігім!» атты 

кештер  ұйымдастырылды.  Сонымен  қатар,  «Кел,  жастар  оқылық!» 

республикалық  акциясы  өз  мәнінде  жүрді.  Ұлыстың  ұлы  күні  наурыз 

мейрамына  байланысты    қазақтың  ұлттық  ойын  түрлерінен  спорттық 

жарыстар болды. Айта берсек «Аудан аруы—2014 » байқауы, «Райымбек 

ауданының  Бөрісі»  атты  қазақша  күрестен  жарыстар,  «Біз—  Отанның 

қорғаны» атты спорттық ойындар, «Білікті жастар—ел болашағы» атты 

«Жастар  кадрлық  резерві—2014»  партиялық  жобасы  аясында  дөңгелек 

столдар,  «Салауатты  ұлт—  салауатты  ұрпақ»  атты    минифутболдан 

жарыстар,  «Салауатты  өмір  сүру  дағдыларын  денсаулық  сақтау 

технологиясы  негізінде  қалыптастыру»  атты  семинар-тренингтер,  тағы 

да басқа көптеген іс-шаралар  өткізіліп, өз кеңестерімізді беріп келеміз.             

Жастардың  жан-жақты  дамуы,  олардың  рухани-адамгершілік, 

зияткерлік және нақты әлеуетін,  әлеуметтік мәртебесі мен экономикалық 

жағдайын,  саяси,  құқықтық  және  рухани  мәдениетін  арттыру, 

жастардың  бойында Қазақстандық патриотизм сезімін және азаматтық 

жауапкершілік  ұстанымын,  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 

рәміздерін,  қазақ  халқының  мәдени  мұрасын,  тіліне  және  дәстүріне 

салаларды  оның  ішінде  ауыл  шаруашылығы,  тіл  мәселесі,  өркениетті 

елдің ертеңіне бей-жай қарамайтындықтарын біздің осы «Жастар үнінде» 

көрестеді деген ойдамыз. 

«Ой иірім» - айдары бойынша ойға түйген ойлар, түрлі тақырыпта 

ой түюің қамтылса, «Өнер өлкесінде» - өнерге деген қыр-сыры ерекше 

қабілеті мен дарыны бар жастырымыздың тақтасы болмақ. «Мөлтек сыр» 

-  ішкі  жан  дүниесі,    ішкі  сырын  оқырманмен  бөліске  салмақ.  Жастық 

шақтың  естен  кетпес  белесі  –  студенттік  кез.  Кімде-кім  болмасын 

студент  кезін  тебіренбей,  толқымай,  шабыттанбай  айта  алмасы  анық. 

Ол  бір  асулы  белестің  қызығы  мен  шыжығы  біздің  газетте  «Студент 

дәптерінен»  табасыз.  Олай  болса,  бірлесіп,  сәтті  де,  тәтті  күндермен 

бөліселік. «Пікір мен ұсыныс» - кімде де болмасын әр алуан тақырыпта 

қалыптасқан позитивті пікір бары белгілі. Пікір мен ұсынысты нақтылы 

түрде ортаға салар кез келді. Сенің пікірің қашанда алғашқы екенін естен 

шығарма және бізбен тұрақты байланыс орнатып,  ұтымды пікірің мен 

нақтылы  ұсынысыңды  айқындап,  қоғамға,  айналаны  қоршаған  ортаға, 

ел болашағының дамуына бей-жай қарамайтындығыңды дәлелдер тұста 

осы.  «Оқырман  ойы»,  «Асылдың  сынығы»,  «Бүгінгі  күннің  кейіпкері», 

«Жас  маман  мінбері»,  «Күн  тіртібінде»,  «Айтарым  бар»,  «Сауалнама», 

«Хат  қоржыны»  сынды    түрлі  айдарлармен  жарық  көрер  “Жастар  үні”. 

Құрметті аудан жастары сіздердің сырлас достарыңыз болмақ. Қосымша 

айына  бір  рет  шығады.  Сіздерден    хат-хабар    күтеміз.  Байланыс 

телефондары: 2-13-83, 79-00-9



Лаура МұхАМЕТҚАЛи,

«хантәңірі» газетінің «Жастар үні»

 жастарға арналған қосымшасының

  жетекшісі.

құрметпен қарауды қалыптастыру, 

патриоттық тәрбие беру, саламатты 

өмір 


салтын 

қалыптастыру, 

шығармашылық  дамуына  жағдай 

жасау  мақсаттарында  аудандық 

білім,  дене  шынықтыру  және 

спорт  бөлімі,  ішкі  саясат  бөлімі, 

мәдениет  және  тілдерді  дамыту 

бөлімі,  тұрғын  үй  коммуналдық 

шаруашылық бөлімі, жұмыспен қамту орталығымен бірлесе жүйелі түрде 

ауқымды жұмыстар атқаруда. Бұл шаралар алдағы уақытта да жалғасып, 

өз нәтижесін көрсетеді деген сенімдеміз. 

Тілші: Елбасының биылғы Жолдауы туралы тоқталып, өтсеңіз. Жастар 

туралы не айтылды?

Гауһар  КЕҢЕСҚЫЗЫ:  Мәні  терең,  мазмұны  бөлек    Жолдауда 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 

жастардың иығына біраз жүк  артты және де жастар соны алып  жүретініне 

үлкен сенім білдірді.

Бұл  бағытта  жастардың  ертеңгі  күнге  деген  сенімі  кәміл,  мақсаты 

айқын. Жастарға жасалынып жатқан жағдайлар мен оң өзгерістер аудан 

жастарының  ертеңге деген сенімін нығайтып, білім алып, өнер үйренуге, 

еңбекке деген белсенділіктерін арттырады. 



Тілші: Қаржылық жағынан шет мемлекеттерге қарағанда біздің елдің 

жастарының жағдайы едәуір жақсы. Қаржы жағынан сіздерде қалай?

Гауһар  КЕҢЕСҚЫЗЫ:  Бұл  ТМД  елдерімен  салыстырғанда 

Қазақстандағы  жастардың  әлеуметтік  жағдайына  нақты  қолдау 

көрсетілетіндігін  дәлелдейді.  Біздің  орталықты  «Алматы  облыстық 

жастар  саясаты»  коммуналдық  мекемесі  қаржыландырып,    демеушілік 

жасап, игі шараларды өткізуге ақыл- кеңестерін беріп, қолдау көрсетіп 

келеді.  Бұл да қуантарлық жайт. 

Қазақстанның  ішкі  саясаты  мен  халықаралық  аренада  жеткен 

жетістіктерін  еліміздің  Тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаевтың  есімімен  байланыстырамыз.  Елбасы  жаңа  қазақ 

мемлекеттігінің  қалыптасуына,  халықтар  достығын  нығайтуға, 

еуропалық  және  азиялық  мәдени  байланыстар  мен  экономикалық 

қарым-қатынастардың үйлесімді дамуына үлкен үлес қосты. Міне, осы 

тұрғыдан  алғанда,  еліміздің  тұңғыш  Президентінің  әлемдік  деңгейдегі 

саясаткер  ретіндегі  тұлғасын  ашып  көрсету,  оның  сан  қырлы  қызметін 

ғылыми  тұрғыда  сараптау  және  насихаттау  мақсатындағы  шараларды 

ұйымдастыру  біздің  орталықтың    басты  міндеттерінің  бірі  болып 

табылады.

Тілші: Алға қойған мақсаттарыңыз қандай?

Гауһар КЕҢЕСҚЫЗЫ: Алда атқарылар жұмыстар қомақты, қазіргі 

танда  жоспарлары  жасалып,  бекітілді.    Болашақта  аудан  жастары  биік 

белестерден көрінеді деген үлкен сенімдемін.

Тілші:  Сұхбатыңызға  рахмет!  Бізде  аудан  жастарының  жетістіктерін 

үлкен жауапкершілікпен тосатын боламыз. Істеріңіз оңынан болсын деген 

тілектеміз.

Ғ. РАМАЗАН, Кеген ауылы. 

Дерек пен дәйек

   

  Аудан бойынша   29 жасқа дейінгі  



 

 

жастар        22 638 құраса;

Мемлекеттік  қызметте –        80;

Бюджеттік  мекемелерде –        550 маман;

Ірі  және орта  кәсіпте –              250;

Өзін-өзі  жұмыспен  қамтығандар – 200;

Жұмыссыз  жастар  саны –          2400;

Студенттер –                             2 114;

Әскери борышын өтеуші жастар саны – 25;

Мүмкіндігі  шектеулі  жастар–              50;

Ата- ана қамқорлығынсыз   

 

 

 

 

 

  қалғандар–              30. 

Хантәңірі

6

g. hantaniri@mail.ru.



2014 —Жылқы  жылы,   сенбі,  18 қазан

ҚазаҚ  балалар  әдебиетінің  классик  жазушысы  бердібек  соҚпаҚбаевтың  туған  жері 

нарынҚолда,  өз  жерлестерінің  ортасында,  70  жылдығы  аталып  өтілген  ҚарашырғанаҚ 

Құшағында    Қаламгердің    90  жылдыҚ  мерейлі  тойы  халҚымен  Қайта  Қауышып,  үлкен 

дәрежеде аталып өтті.  30-ға тарта бердібектің әріптес, замандас  іні- Қарындастары келіп, 

жазушы туралы сағыныш естеліктерін айтты. 

шырылдаған  шындыҚтың  көзіне  тура  Қараған  Қаламгер  барлыҚ  туындысына 

Қарапайым  туған  жер  түлектерінің  өмірін  арҚау  ете  отырып,  өз  заманын  өз  бояуымен 

жаза білген суретші ретінде барша оҚырман жүрегінде мәңгілікке  Қала бермек.

сүйікті  жазушысын  сағынған  бұрынғы  ұрпаҚ  өкілдері  мен  кейінгі  жас  буын  жеткін-

шектері Қанша оҚыса жалыҚпайтын Қаламгердің  көркем шығармаларын әлі де сан ғасыр 

жанына азыҚ етері сөзсіз. оған бүгінгі тойға жиналған нөпір халыҚтың ыстыҚ ыҚыласы 

айғаҚ бола алады.

Бердібек Соқпақбаевтың  90 жылдығы аталып өтті



Қаламгер биігі Қарт тауларындай 

асҚаҚтай бермек

нұрлан  оразалин  ақын,  Қазақстан  жазушылар  одағы 

басқармасының төрағасы Қр парламенті сенатының депутаты:

–ХХ 


ғасыр 

ұлтымызды 

тұғырға қондырған Алаш арыстары 

елдіктің  туын  қолға  алған    Ілияс 

Жансүгіров,  Сәкен  Сейфуллин, 

Беймбет 


Майлин, 

Ғабит 


Мүсірепов,  Сәбит  Мұқановтарың  

сүрлеуін сабақтаған арда ұлдардың 

бірі  де  бірегейі  –  Бердібек 

Соқпақбаев  екеніне  ешкімнің 

таласы  жоқ.  Заңғар  жазушы 

Мұхтар  Әуезов  өмірден  өтіп  бара 

жатып: «Қазақ әдебиетінің тізгінін 

бекем  ұстаған  жазушының  бірі» 

деп  сол  кезде-ақ  шын  бағасын 

беріп  кеткен  еді.  Еліміздегі 

ерте    шет  тіліне  аударылған 

көркем    шығармалардан    М.Әуезовтан  кейінгі  Бердібектің  кітаптары 

екенін  айтқым  келеді.  Айтар  болсақ  ағылшын,  француз,  орыс  тілдеріне 

тәржімаланып,  сол  елдердің  рухани  азығына  да  айналып  кете  барды. 

Қаламгердің  суреткерлігі  ұлттық  әдебиетіміздің  биік  белесіне  көтеріліп, 

ешкімге ұқсамайтын көркем тілімен шыққан белесінен аласармай келеді. 

Бұдан артық жазушыға асқан баға шоқ шығар...

жұмабай  шаштайұлы,    жазушы,    «Қазақ  әдебиеті»  

газетінің бас редакторы:

–Күлмес  ханның  езуіне  күлкі 

үйіретін  жазушы  шығармалары 

өзіне  тартып  тұрады.  Тіршіліктің 

шапанын  киіп,  арбасын  сүйреген 

ауыл  тұрғындарын  шығармасына 

азық  етіп алған қарапайымдылығы, 

шыншылдығы  әр  туындысының 

басты тақырыбына айналып кетті. 

Жалықтырмайтын  жадағайлықтан 

аулақ  кітаптарын  қай  бетін 

ашып  оқымасаң  да  қызықты 

эпизодтарымен 

оқырманды 

ілестіріп  отырады.  Табиғаттың 

берген  бойындағы  талантымен 

аңқау  отырып-ақ  жазушылық 

өнердің    қыр-  сырын  шебер 

меңгерген  Бекеңнің  классикалық  дүниелері  қазіргі  қоғамда  да  құнын 

жоғалтқан  жоқ,  керісінше  ол  бүгінгі  уақыттың  әр  тұсынан  жылт  ете 

түсетін: жағыну, жалпақтау, жағымпаздану сияқты бір-бірінен таяқ тастам 

жататын  жағымсыз қасиеттерді тап басып жатады.



нұрдәулет ақышев,  балалар жазушысы:

  –  Өз  заманының  жыршысы  Бердібек  Соқпақбаевты  бала  кезден 

білемін.

Ол  кезде  бүгінгідей  баспасөз  саласы  көп  дами  қоймаған  уақыт  еді. 

Барлық жастың сүйіп оқитын «Пионер» газетіне үзіп-үзіп жарияланатын 

қаламгердің  шығармаларын  асыға  күтетінбіз.  Газет  бетіндегі  оқиғаға 

орайластыра салынған күңгір суреттерге қарап, әңгіменің ауанын өзімізше 

болжап отырушы едік. Жалғыз мені емес сол уақыттың адамдарын кітап 

оқуға тәрбиелеген көркем шығармалардың бірі болды. Жазушылық жолға 

жетелеген ағаның туындыларын қанша оқысам да баяғыдай құлшынысым 

артады да тұрады.

мәлік  отарбаев,  жазушы-аудармашы,  халықаралық    түріксой  

ұйымының өкілі:

  –Бекеңнің  бір  оқырманы  екенімді  мақтан  тұтамын.  Елімнен  алыс 

жүрсем де бүгінгі мына тойға келгенімді мәртебе көремін. Түбі бір түрік 

туыстарымыз  қазақ  елі  жайлы  әдебиеті  мен  мәдениеті  туралы  жақсы 

біледі. Оған тиіттей де болса  үлесімді қосып жүргеніме қуаныштымын.  

Ұйым атынан шығатын журналға жазушының «Ана» деген әңгімесі мен 

замандастарының толымды ой-пікірлерін  түрік тілінде басып шығардық. 

Алдағы уақытта қаламгердің бұдан басқа әңгімелерін басып, түрік халқына 

етене таныстыра түсетініміз сөзсіз.

рысбек сәрсенбай,   «жас алаш» газетінің бас редакторы: 

—Жантақ  жазушы  мен  сарай  ақыны  көбейіп  тұрған  заманда  біздің 

қоғамға  Бердібектей  шыншыл  азаматтың  керектігі  анық  байқалады. 

«Көзі тірісінде Бердібек Соқпақбаев атақ қуып, мансаптың соңына түскен 

емес,– деуші еді көрнекті жазушымыз, драматург Баққожа Мұқаи. 

–  ...  Бердібек  Соқпақбаевтың  сөзінің  ақиқаттығын  өмірдің  өзі 

дәлелдеді. Оқа тағып, шекпен киген талай шығарма уақытқа төтеп бере 

алмай, ескіріп қалды. Бір емес, бірнеше рет Мемлекеттік сыйлық алған 

жазғыштарды кім біледі қазір? Олардың қалың мұқабалы, жып-жылтыр 

«кірпіш»  кітаптарын  көргенде  жүректі  жиреніш  билейді.  Ал  Бердібек 

Соқпақбаев  секілді  ұлы  дарынның  оқырман  ықыласына,  халықтың 

махаббатына бөленген шығармаларына мінезі мен мазмұны мың құбылып 

отыратын уақыт шіркін кедергі бола алар емес»- деп 2005 жылы Б.Мұқаи 

айтқан екен. 

Бердібек, Мұқағали, Абайлар әлемдік тұлға болу керек. Қаламгердің 

кітаптары хансу тіліне де аударылу керек. Көзі қарақты оқырман да біледі. 

Ол  кісінің  шығармалары  нағыз    киноға  сұранып  тұрған  туындылар. 

Мерейтой  қарсаңында  жазушының  90  жылдық  құрметіне  орай  2000 

данамен кітабы шықтты. Бұл бізге аздық етеді. Неге екі жүз мың данамен 

шығармаймыз. Болады ғой олай жасауға. Содан кейін Бердібектің есімін 

Қостөбеге береді дегенді естіп қатты ренжідім. Бұл туралы тиісті жоғары 

орындарға    да  айттым.  Өздерңіз  де  білесіздер,  қазір  Қостөбе  ауылында 

сонаулы  ғана  түтін  қалды.  Біз  ұлы  жазушымыздың  есімін  Нарынқолға  

болмаса  Қызылшекараға  берсек  ешкімнің  тақиясына  тар  келмесі  анық. 

Жазушы  Сейдахмет  Бердіқұлов:  «Арамыздан  адамдық  пен  адалдықты 

ардақтаған  азамат  кетті»-  деп  шын  күрсінген  еді.  Бізде  осы  алымды 

ағаларымыздай қаламгердің қадіріне жете білсек дегім келеді.   

г. р. талипова, б.соқпақбаев атындағы орта мектептің директоры. 

Қазан  айының  бүгінгі  таңы  күреңітіп  тұрған  кешегісінен  жадырап 

сала берді. Тәңіртаудың етегіндегі Нарынқол ауылы таңмен таласа абыр 

– сабыр тойдың қамына кірісті де кетті. Иә, бұл той бір ауылдың емес, бір 

халықтың, бүкіл республиканың тойы, кешегі классик жазушы, балалар 

әдебиетінің  бәйтерегіне  айналған  Бердібек  Соқпақбаевтың  90  жылдық 

мерейтойы.  Еліміздің түкпір – түкпірінен ағылып ат басын арнайы бұрған, 

Бердібек атамыздың көзін көрген ақын – жазушылар мен Алматы және 

Астанадан келген қонақтар санында есеп жоқ.  Б.Соқпақбаев атындағы 

орта  мектептің  алды    қайтқан  қаздай  қатарласа  тізілген  оқушылар,  осы 

бір мектептің құшағында оқып білім алып жатқанына аса бір қуанышты 

көңілмен,  Қазақстан  жазушылар  одағының  төрағасы,  ҚР  парламенті 

сенатының  депутаты Н.Оразалин кірер қақпадан көз айырмай, тамсана 

қарап  тұр.  Тәңіртауды  иектеп  көтеріліп  келе  жатқан  күннің  шұғыласы, 

ақ жаулықты анадай мейірлене, Бердібек атасының әлдебір шығармасын 

немере, шөбересіне оқып тұрғандай тым әсерлі еді.

Көп күттірмей Н.Оразалин мырза мінген автокөлік те мектеп алдына 

келіп тоқтады. Барша  зиялы қауым өкілдерінің керуенін бастап қақпадан 

Н.Оразалин мен ауданымыздың әкімі Ж.Тәжиев кірген кезде оқушылар 

«Менің  атым  Қожа»  филіміндегі  саунтрек  болған  «Туған  жер»  әнімен 

қарсы алды.

Мектеп  алдындағы    шағын    алаңда    орналасқан  Б.Соқпақбаевтың   

мүсініне  гүл   шоғын   қойып, тағзым жасады да,  оқушылардың  атасына  

арнаған  жалынды  жырлары  мен  таудан  аққан  тас  бұлақтай  тұнық 

сөздерінен  бір    сәт    ләззат    алды.    Мектебіміздің  оқушылары  Байжұма 

Медет:


Жұпар ауа, жайсаң халық іздесең,

Аттың басын бұра кеткін бізге сен.

Қай сәтте де жылылық бар жұртымда,

Мейлі көктем, мейлі қыста, күз келсең.

Аталар бар, дуалы ауыз баталы,

Әжелер бар, әжімінде шапағы.

Ағалар бар, жайсаң мінез жомарттар,

Жеңгелер бар, есігі ашық жатады.

Жігіттер бар, Хантәңірдей еңселі,

Қыздары бар гүл біткеннің көркемі.

Әр бір үйдің түзу шыққан түтіні,

Адалдық пен мейірім жырын шертеді.

Таулары бар, көк жүзіме таласқан,

Орманы бар, кірсең адам адасқан.

Сулары бар, шөлің қанар ұрттасаң,

Аң – құсы бар, сай – салаға ұласқан.

Шекарамен шектелетін есігі,

Еліміздің бекем болған бесігі.

Біз туған жер нақ жұмақтың төріндей,

Нарынқол деп аталады есімі.

Мейлі күнде, мейлі түнде келесің,

Ашық жатқан жарқын құшақ көресің.

Ән мен жырға қанық болып кетерде

Халқымызға бата беріп кетесің.

Айтқаным жоқ жақсыларды іріктеп

Бөлгенім жоқ бүтінім мен жырық деп.

Сенбесеңдер келіп қайтқын өздерің,

Жайсаң елдің тіршілігін біліп көп... 

–деп өз өлеңімен бастаса, ізінше Сауранбаев атындағы орта мектептің 

4  сынып  оқушысы  Дәулетбек  Думан  Талғанұлы  Соқпақбаев  атасына 

арнаған жүрек жарды өлеңін:

Сағыныш болып сарғайып келсе сақа күз,

Өнімді жинап, қырманға құйып жатамыз.

Қамымен қыстың қарбалас сәтті өткізіп,

90- ға кепті классик біздің атамыз.

Озсаң да ата ғажайып мына өмірден, 

Өшпейді мәңгі балалық мына көңілден.

Елуден асып алпысқа қадам басқандар,

Оқыса сізді балалық шағы көрінген.

Сіздерді оқып көп нәрсе біздер ұтамыз,

Сіз туған жердің ауасын сіміре жұтамыз.

Өмірде біздің осындай атам болған деп, 

Жүрсек те қайда сіздерді мақтан тұтамыз.

Аспантау қандай, шөл дала қандай байқайық,

Өмірдің балын нәр алып сізден шайқайық.

90- ға  кепсің тұғыры биік аташым,

«Балалық  шаққа  саяхат»  жасап  қайтайық.  –  деп  сабақтап  әкетті.

Оқыған өлеңдерін,  айтқан  сөздерін  тыңдап  әсерленбей тұра алмады.  

М.Мақатаевты,  С.Әшімбаевті,  Б.Соқпақбаевты,  Е.Ібітановты,    т.  б.  

туған  өлкенің  оқушылары  қалай  осал  болсын  деген  Н.Оразалинды 

аудан  әкімі  Ж.Тәжиев    мектеп        ішіне  бастап  кіріп,      Б.Соқпақбаев   

атындағы    мұражайды      көруге        шақырды.    Оқушылар «Менің 

атым  Қожа»  филімінде  саунтрек  болған  «Туған  жер»  әнін      қайталай   

аспандата    жөнелді.  Қожа  деймін-  ау,  бұл  әнді  тыңдап  мектепке  қарай   

ағылған   адамдар   арасынан  Қожаның   рөлін сомдаушы  Н.Сегізбаевтің 

ілесе  айтып  келе  жатқанын  көрген  оқушылар,  тіптен  әсерлете  шырқап 

тұрғандай сезілді маған.  Мұражайға бет алған қауым, оған жетпей тағы 

аялдауға  тура  келді.  Мектебіміздің  жанынан  құрылған  шағын    домбыра  

оркестрінің    орындауындағы    күйлер,    қаны    қазақ    халықтың    жанын 

балқытып, 62 тамырын идіретіндей әсерлі болды. Баяулап барып тоқтаған 

күйден соң іле- шала 9- сынып оқушысы Ж.Оразхан  қолынан шыққан 

қолөнер бұйымдарды қысқаша таныстырып  өтті  де, артынша  Бердібек  

атасына  арнаған «Ұлы тұлға» атты өлеңін оқып берді,  әуелі үнсіз тыңдаған 

қауымның  шапалағы біразға созылып барып тоқтады. Мұражайды  көруге  

асыққан  жандар  ақыры  3  қабатқа беттеді, иә, әркімнің өз көкірегінде, 

“мұражайдан  Бердібектің  не  затын  көрер  екенбіз?”  –  деген  сауал 

менмұндалап-ақ тұрды. Шағын ғана мұражайдың ішінде ине шаншар жер 

қалмай,  қонақтарға  лық  толды.  Жазушының  пальтосын,  жазу  столын, 

стол  шырағын  көріп,  «Көрген  де  арманда,  көрмеген  де  арманда  екен» 

-  десіп  жатты.  Жазушының  өзі  отырған  орындыққа  отырып,  балаларға 

арнап талай – талай шығармасын жазып қалдырған столына  жайғасып, 

қонақтар қолтаңбасы деген парақшаға жүрек сөздерін қалдырып жатты...

Қарашырғанақта жалғасқан той көркін тамашалауға барған қонақтар 

қыз  қууды,  аударыспақты,  ең  қызығы  аламан  бәйгені  көруге  аттанып 

кетті. Осы іс -шараның басы - қасында жүрмесең де алыстан қарап- ақ 

алған әсеріңді, кешкен ойыңды жеткізе алмайды екенсің. 

Ақ  шағаладай  аппақ  үйлер,  біреуінен  бірі  өтіп  анадайдан  көз 

қарықтырады. Той болған соң ән жырсыз өтсін бе?! Райымбек ауданының 

дарынды  тумалары  да  бүгін  осында,  микрафон  ұстап,  халық  алдында 

өнер көрсетіп жүрген әнші, биші, күйшілер де осында. Көгілдір экраннан 

ғана көретін,  не болмаса радиодан ғана әуенін тыңдайтын эстраданың, 

дәстүрлі әннің жарық  жұлдыздарды халық алдында барын салып,  өнер 

көрсетті.

Жетідегі баладан жетпістегі  қарияға  дейін таңдай қағып тамсанған 

жүздерінде шуақ ойнайды. Әуелі ұлттық ойынды қыз қуудан бастап кетті. 

Даланың  еркіндігін, таудың тағысындай меңгерген қыз - жігіттер бірінен 

соң  бірі  кезек  күттірмей  атқа  қонды.  Жиналған  қара  нөпір  халықтың  

айқай-    шуы,    олардың  шабытына  шабыт  қосып,  дүбірлі  тойдың  сәнін 

кіргізді. Кезек аударыспақта, шіркін қазақтың қара нардай ұлдары дерсің, 

белдескеннің белін қайыстыратын, қарсыласқанның сағын сындыратын,  

біздің  жігіттердің  күштері  ат  тізесін  бүктіріп,  алтыайырығынан  терін 

ағызды.  Бұл  ойында  қара  күші  мен  намысын  бермеген    нарынқолдық 

жігіттерге тең келер адам табылмады.                                                               

Кезек топ бәйге мен аламанға да келіп жетті.  Алдымен  топ бәйге 21 

шақырымға  5 жүлдемен сайысқа түсті. Жеңімпазды желіктірген жүлделі 

орынға жол  талғамайтын  “Нива” автокөлігі тігілсе, ал 43 шақырымды 

құрайтын   аламан  бәйгесіне  бас  жүлдеге жерлесіміз Серік Сұлтанғазиев 

шетелдік    “KIA”  автокөлігін  тікті.  Нәтижесінде  топ  бәйгенің  жүлдесін 

Жанат  Тәжиевтің    «Айқара»  атты  жүйрігі    бірінші  келіп,    Жанболат  

Жөргенбаевтай азаматтың тіккен  «Нива» көлігін қанжығасына байласа,  

аламан  бейгеде  алматылық  шабандоз  Самат  Тұрғараевтың    «Ажар» 

атты  жүйрігі  бас  жүлдені  бермеді.    Сонымен  қатар  той  қарсаңында   

аудан  әкiмшiлiгiнiң  қорынан  Б.Соқпақбаев  атындағы  орта  мектепке 

3  компьютерді  сыйға  тартты  және  алдымыздағы  жылдың  көктемінде 

қаламгердің  атындағы  мектепке күрделі жөндеу өтетінін сенат депутаты 

Н.Оразалин атап өтті.  

Ауыл  әкімі  Оспан  Иманбеков  сыйлықтар  осымен  шектелмейтінін 

айтып,  Серік  Сұлтанғазиев  мырзаның  алдағы  уақытта  Бердібек  атаның 

атындағы орта мектепке оқушылар тасымалдау үшін  “Газель” автокөлігін 

сыйға  тартатыны  туралы  уәдесін  жеткізіп,  ұстаздар  қауымы  мен  ауыл 

халқын бір қуантып тастады. 

Туысқан қарындасы Дина мен Ержанның отбасының атынан “Elenberg   

LD 40N70W“маркалы күйтабақ ойнатқышы мен “LG Lifescood CM4345” 

маркалы теледидарын табыс етті. Бұдан басқа, балалар жазушысы Сұлтан 

Қалиұлы «Біз шадыман баламыз» атты балаларға арналған жыр жинағын 

қолтаңбасымен  қалдырып  кетті.  Ауылымыздағы  Б.Соқпақбаевтың 

туғанына  90  жыл  толуына  орай  ұйымдастырылған  бұл  игі  бастаманың 

басы ғана. Алдағы уақытта  әлі талай  шаралар ұйымдастырылмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет