Баспасөз – 2015 ҚҰрметті оқырман! Төл газеттерiңiз – «хантәңiрiне»



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата02.01.2017
өлшемі6,32 Mb.
#1015
1   2   3   4   5   6

К. Ж. соКуров,

ТЕАб- ның мемлекеттік көлік инспекторы,

 полиция аға лейтенанты.

Хантәңірі

4

g. hantaniri@mail.ru.



2014 —Жылқы  жылы,   сенбі,  18 қазан

 

Ақ босаға – Алтын той

Шыңғыс  Тұрсынов,  «Хантәңірі»

Алтын  той.  Атамыз  қазақ:  «Ұзатылған  қыз 

бақытты боламын деп бармайды. Ақ босағасын 

аттаған  үйдің  жандарын  бақытты  жасасам  деп 

барады» деген даналық сөзде терең ой жатыр. Иә,  

қыз онсегізге толып, болашақ жарымен өмірдің 

кездескен  қиыншылықтарын  жеңе  отырып, 

өз  бақыттарын  жанұясынан  табады.    Ақ  босаға 

аттап,  басына ақ орамал салған қыз сол сәттен 

жаңа ғана табалдырығын аттаған үйдің болашағы 

үшін үлкен жауапкершілікті арқалайды.

Жанұяның татулығы да, берекесі де, ынтымағы 

да  ақ  жаулықты  келіншекке  үлкен  сын.  Елу 

жыл  бір  шаңырақтың  астында  түтіндерін  түзу 

шығарып,  ұл-қызын  өсірген.  Олардан  немере, 

шөбере  сүйген  мәуелі  бәйтерек  атанған  жандар 

қаншама? Ондай жандар шынайы бақыттың иесі. 

Қарқара  ауылында  бар  ғұмырын  шаруашылық 

жұмысына  арнаған  Тұрсынбек  бүгінде  жұбайы  

Қалихан  екеуі  өткен  ғасырдың    алпысыншы 

жылдары жанұя құрып, елу жыл отасып, алтын 

тойын  жасап,  ел  жұртын  қуантуда.  Ауызға 

айтуға  жеңіл  болғанымен  жасы  жетпістің 

бесеуіне  жақындаған  Тұрсынбек  қаншама 

қиыншылықтарды  басынан  өткерді.  Әсіресе, 

балалық  шағында  ойнап-  күлмеді,  жетімдікті 

туғаннан көргенін ол қайтып ұмытсын.

                                  

 

 



   Х Х Х

  1940  жыл.  Қарқара  ауылындағы  жылқы 

заводының  жұмысы  жыл  он  екі  ай  саябыр 

тапқан  емес.  Елдің  де  тұрмыс-  тіршілігі  жаңа 

түзеле  бастаған  сәт.  Сол  жылы  Нүсіповтер 

әулетінде  жаңа  туған  жас  нәресте  өмірге  келді. 

Азан шақырып есімін Тұрсынбек қойды.  Анасы 

Шайлда  Андасқызы    Тұрсынбек  бір  жасқа 

келгенде  қайтыс  болды.  Ол  жөргегінде  жатып, 

жетімдіктің  ащы  дәмін  татты.  Осындай  қайғы- 

қасірет жамылған үйге тағы да қайғы жабысты. 

Сол  жылы  Ұлы  Отан  соғысы  басталып, 

шаруашылықтағы  ер  азаматтар  майданға 

шақырылды.  Солардың қатарында Тұрсынбектің 

әкесі Ыбырайымұлы Арын да бар еді. 1942 жылы 

Воронеж қаласын азат етуде ерлікпен қаза тапты. 

Қайғы  үстіне қайғы жамылған үйдегі жас нәресте 

Тұрсынбек  1  жасында  анасынан,  2  жасында 

әкесінен  айырылды.  Тағдырдың  басқа  салған  

бұл шарасына дауа болмас. Жас нәрестені өсіріп, 

азамат  қатарына  қосуда  атасы  Нүсіп  қарияның 

кемпірі  Алтынай  әжесінің,  ағасы  Байжұманың 

еңбектерін қайтып ұмытсын. Өзімен тете ағасы 

Тұрсын  екеуі  осы  кісілердің  аялы  алақанында 

өсті. Тәрбиеленді, білім алды.

Ағасы  Тұрсын  екеуі  жасынан  шаруашылық 

жұмысына  араласып,  еңбек  етті.  Әсіресе  жаз 

айында  мал  азығын  дайындауға  қатысып, 

үлкендермен  бірдей  еңбек  етті.  Қаланың 

балалары  секілді  пионер  лагерлеріне  бармады. 

Доп қуып,  күліп- ойнамады да. Күзге дейін еңбек 

етіп,  демалмастан  мектеп  партасына  отырып, 

білім  алды.  Мұндайда  ағасы  Тұрсын    өзіне 

қамқор болды. Жасынан ұяң мінезді, ешкіммен 

қақ- соқтығы жоқ, біртоға Тұрсынбек мектепте 

зерек  оқыды.  Кейін  Кеген  орта  мектебіне 

ауысып, 1959 жылы орта білім алды.

Кеген  орта  мектебінде  оқыған  жылдары 

өзімен  кластас  жолдастары  шетінен  зерек 

те  алғыр,  бауырмашыл  болып  өсті.  Содан  да 

болар  күні-  бүгінге  дейін  ара-  қатынастарын 

үзбей,  жиі  кездесулері.  Жоғары  класта 

оқып  жүргендегі  мұғалімдері  әлі  жанында 

жаңғырып тұрады. Мектеп директоры Ауғанбай 

Байназаров, тарихшы Қожай Досқараев, химия 

пәнінің  мұғалімі  Рәсілбай  Әділханов,  Жұмаш 

Ұйқасбаев,  математик  Өжек  Жаңабаев,  тағы 

басқа да мұғалімдер оқушыларға терең де сапалы 

білім,  тәлімді  тәрбие  берудегі  еңбектерін  қалай 

ұмытсын.


Бірге мектеп бітірген жолдастары арман қуып, 

Мыңжылқы  ауылы  да  көрінді.  Сиыр 

базының    қасына  келгенімізде  ақшыл  сары, 

ұяң  мінезді  жігіт  бірден  амандасты.  Таныса 

келе  осы    ферманың  зоотехнигі  Тұрсынбек 

екен.  Қыс  қатты  жылы  атқарған  жұмыстары 

жайлы сауыншылардың еңбектері туралы жан- 

жақты айтты.

Сөз 

арасында 



шаруашылық 

партия 


комитетінің  хатшысы  Жұмаш  Ұйқасбаев 

өзінің ұстазы екеніне де тоқталды. 1966 жылы 

Кеген  орта  мектебінің  директорлығынан 

осы  «Қарқара»    совхозына  парткомдыққа 

ауысқан Жұмаш Ұйқасбаев та өте іскер, шебер 

ұйымдастырушы  басшы  ретінде  Қарқара 

ұмытсын.  Шаруашылық  жұмысын  алға  сүйреп, 

ауданның бірінші басшысы болды.

Туған  жер  алтын  бесік.  Туған  жерін  түлеткен 

экономикасы мен мәдениетін көтеруге ат салысып, 

ауылының  өсіп-  өркендеуіне  өзіндік  үлестерін 

қосқан,  жастық  қол  таңбаларын  қалдырған 

жиырмасыншы  ғасырдың  60-70  жылдардағы 

жастары бүгінде салиқалы да ауылдың қадірменді 

ақсақалдары.  Солардың  қатарында  Тұрсынбек, 

Елжас  Шөжімбеков,  Кеңес  Қанапияев,  Жайнақ 

Нүптекеев, тағы басқа да азаматтар бар. Олардың 

еңбектерін қалай мақтаса да орынды.

Өмір.  Ол  уақыт.  Әлемдегі  бар  дүниені  сатып 

алсаң  да  уақытты  сатып  ала  алмайсың.  Әне, 

міне  дегенше  оншақты  жылдың  сырғып  өте  

шыққанын  да  білмей  қаласың.  Содан  да  болар 

ата-бабаларымыз  «қамшының  қысқа  сабындай 

қысқа  ғұмыр»  деуі.  Бірақ  осы  азғана  өмірде 

қаншама қиыншылықтар мен қуанышты сәттерге 

толы  екенін  ой  елегінен  өткізе  бермейміз. 

Кешегі  тал  шыбық  өсе  келе  мәуелі  бәйтерекке 

айналады. Адам баласы да табиғаттың бір баласы. 

Өседі,  өркендейді,  ұрпақтарын  жаяды,  басын 

ақ  қырау  шалады,    мәуелі  бәйтерекке  айналады. 

Ауылдың  ақылшысы,    дана  қариясы  болады.  

Адам  баласының  гүлдену  шағы  осы  болар. 

Сондай  жанның  бірі  –  Тұрсынбек.  Өзі  туып 

өскен  Қарқарада  балалық  шағын  немерелеріне 

сыйлаған, басын ақ қырау шалған, күміс сақалды 

қария болып отыр.

                                               

 

 



 Х Х Х

  Авторлық шегініс  2009 жыл. Аудан әкімі Аян 

Айтжановтың  шақыруымен  кабинетіне  кірсем. 

Сол  кезде  М.  Әуезов  атындағы  мемлекеттік 

академиялық театрының директоры Қазақстанның 

халық  әртісі,  профессор,  халықаралық  тәуелсіз 

“Бас  Тарлан”  (Платина)  сыйлығының  лауреаты, 

“Парасат” орденінің иегері  Есмұхан Несіпбайұлы 

Обаев,  осы  ауданның  түлегі    Амантай  Біләлұлы 

Нұрғожаев,  бастаған  азаматтар  отыр.  Әңгімені 

ширатқан ағамыз Есмұхан Обаев:

        —  Кеген  орта  мектебін  бітірген  түлектер 

50  жылдық  кездесуін  өткізбек.  Осы  мәселемен 

сізге  кіргеніміз,-деді.  Әңгіме  сабақтастығын 

тауып,  Кегендегі  ұйымдастыру  жұмыстарын 

маған  тапсырды.  Осылай  кездесуге  әзірліктер 

жүргізіле  бастады.  Сол  жылдары  мектеп 

директоры 

болған 

Сәуле 


Кенетаевамен 

бірлесе,  мектеп  бітірушілерінің  өмірдеректерін 

жинастырдық.  1958-1959  жылдары  мектепті 

бітрген жастардың барлығы лауазымды қызметте 

болған екен. Есмұхан Обаев, Іле ауданы әкімінің 

орынбасары болған Амантай Нұрғожаев, «Бүркіт» 

компаниясын  ұйымдастырушы,  әрі  президенті 

болып  сайланған  Панаркүл  Нұрқаділова,  Абай 

атындағы  педагогикалық  институттың  доценті 

Күлән Төлеева, ауыл шаруашылығының докторы, 

профессор,  академик  Мұрат  Қойшыбаев,  СССР 

Денсаулық ісінің озаты,  ұзақ жыл республикалық 

соғыс  ардагерлеріне  арналған  емхананың  бас 

дәрігері қызметін атқарған Күләш Қыдырханова, 

ұзақ  жыл  Қарасай  ауданы,  ХХІІІ  партсьезд 

атындағы шаруашылық директоры, шаруашылық 

орталығына Райымбек бабамыздың есімін беруде 

елеулі  іс  тындырған    Имәнілі  Искендиров, 

Қазақ  Ұлттық  ғылым  академиясының  шеттілдер 

кафедрасының  ғылыми  қызметкері  Мәкен 

Нұрақынұлы, 

ауыл 


 

шаруашылығының  

кандидаты, доцент Қанатбек Көбенқұлов, ауданда 

қызметтес  болған  Батырбаев  Армия,    Карл 

Оңғаров,  Қалихан Жетібаева, Асқар Садырбаев,  

Күлшаруан  Боқанбаева  сынды  замандастарымен 

бірге  оқыған  Түкең—    Тұрсынбектің  кластас 

жолдастары,  нағыз  ауданнан  шыққан  зиялы 

азаматтар екен.

                                       

 

 

 Х Х Х



Осындай ортада өскен Тұрсынбек бүгін де ұлын 

ұяға қондырып, қызын қияға ұшырған жан жары 

Қалихан  екеуі  ел-жұртының  алдында  алтын  той 

қуанышын олармен бөлісуде. Ойлап қарасақ жай 

ғана  той  емес.  Екеуі  жүріп  өткен  өмірлерінің  ел 

алдында беріп отырған есептері іспетті. Үлкен ұлы 

Жомарт  «Айдос» шаруа шаруашылығын басқарса, 

Венера қызы Каз мұнай газда менеджер, Жамбыл 

МАИ  қызметкері,  Жадыра  Алматы  қаласындағы 

№7  ауруханада  медицина  қызметкері.  Алмас 

та  Алматы  қаласында  Казтелекомда,  Айбол 

аудандық  білім  бөлімінде  бас  маман.  Айдын 

кинооператоры, кенжесі Айдос заңгер, кәсіпкер.

Келіндері Динара, Света, Әсем, Балауса, алған 

мамандықтары  бойынша  еңбек  етіп,  жанұя 

ұйтқысы  болуда.  Күйеубаласы  Сәбит  қылқалам 

шебері.  Ұл-  қыздарынан  немере  сүйіп  отырған 

Тұрсынбек  пен    Қалихан  сонау  бір  жылдардағы 

алғашқы  жанұя  құрған  сәттеріндегі  армандары 

орындалған жандар деп айтса да болады.

Иә, ақ босаға- алтын той. өмірден жарасымын 

тапқан осы бір жандарға көптің берген батасы мен 

айтқан  тілектері  ризашылық  сезімдері  жұғысты 

болып, 


жанұясында 

жамандық 

болмасын 

демекпіз. 

Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарында 

білімдерін  тереңдетуге  мемлекеттік  емтихан 

тапсыруға кетті. Тұрсынбек те Талғар қаласындағы 

ауыл  шаруашылығы  техникумына  құжаттарын 

тапсырды. Сынақтан сүрінбей өткен ол студент 

атанды. Сөйтіп зоотехник мамандығын алды.

Ел  басына  түскен  ауыр  кезеңде  өмірге  келіп, 

жасынан  қиыншылықты  көп  көрген  жас  жігіт 

енді туған ауылына ойы толысқан, білімді маман 

болып  оралды.  Келе  шаруашылық  жұмысына 

араласып  кетті.  Енді  ол  білікті  маман  ретінде 

жұмысына  жауапкершілікпен  қарады.  Жасынан 

мал ортасында өсіп, шаруашылық жұмыстарына 

араласқан  Тұрсынбек  үшін  көп  қиындық 

кездескен жоқ. Осылай еңбек ете жүріп, бүгінде 

елу жыл отасып, алтын тойдың алтын босағасы 

атанып  отырған  зайыбы  Қалихан  екеуі  ақ 

отауларын  тігіп,  үлкендердің  батасын  алды,  ел 

жұрты ризашылығын білдірді. Қалихан ұзақ жыл 

есепші болып, бүгін де еңбек зейнетінде.

Орнында бар оңалар демекші балалық шақтағы 

тұрмыстық қиындықтар ұмытылып, өмірге деген 

құштарлық,  әке  мен  анасының  көрмей  кеткен 

жақсылықтарының  орнын  толтыру,  олардың 

әруағына  бас  иіп,  ұрпақтарын  өсіру  жолында 

ерінбей еңбектенді.

                                

 

                   Х Х Х



Авторлық шегініс. Осы бір еңбекқор жігітпен 

алғаш  танысқан  сәтім  әлі  көз  алдымда.  1969 

жыл.  Қатал  қыстың  қыспаққа  алған  шағы. 

Жалпы Қазақстан бойынша 1968-69 жылдардағы 

қатал қыс әлі естен шыға  қойған жоқ. Қарқара 

ауылына  газет  тапсырмасымен  шыққан  бетім. 

Түні  бойы  жауған  қар  мен  бораннан  жол 

көрінбейді. Көлігіміз орта жолда қалды. Үш- төрт 

жігіт жаяу ауылды бетке алдық. Жол ашуға келген 

солдаттардың танктері де қарға көміліп қалыпты. 

Солдаттар танкті қардан аршуға кірісіп, жаяулата 

келген  бізді  шаруашылық  партия  комитетінің 

хатшысы  Жұмаш  Ұйқасбаев  кабинетінде  қарсы 

алды. Сәл ойланып отырды да:

      —  Ауданның    бірінші  басшысы  Үмбетжан 

Нұрғазиев келмек. Қыс қаһарын көріп отырмыз. 

Бір өтінішім бар, әрі ұстазыңмын бір жағы інімсің 

ғой.  Мыңжылқы  фермасының  еңбеккерлерінің 

ауылының тұрғындарына таныс болатын.

                             

 

               Х Х Х



Тұрсынбектің  жақсы  қасиетінің  бірі- 

ізденімпаздығы.  Жанұя  құрып,  сәбилері 

бірінен  соң  бірі  өмірге  келіп,  жанұясында 

қуанышты шақ көбейген кезде оқуын одан әрі 

еңбектерін газетке көрсетсеңіз.  Оларда уақытпен 

санасу деген жоқ. Қоғамдық малды аман сақтау 

мен  әр  сиырдан  сауылатын  сүттің  жоспарын  да 

орындап  келеді.  Көріп  отырсыздар  көлік  бара 

алмайды. Ат шана әзірлетейін. Сол жаққа жүріп 

кетсеңіздер.,-деді.  Бізде  келісе  кеттік.  Қалың 

тұлыпқа  оранып,  Мыңжылқы  ауылына  жол 

тарттық. Атшы жігіт те әңгімешіл екен.

    —  Биылғы  қар  бұл  өңірге  бұрын  соңды 

түспеген,-  дейді  үлкен  кісілер.  Қардың 

қалыңдығы  бір  жарым  метрден  асады,-  деп 

әңгімесін    жалғастырып.  Кенет  ат  аяғы  тайып, 

жолдан  шығып  кетті.  Шанамыз  бір  жағына 

қисайып қалды.

    —    Ренжімеңіздер,  аттың  аяғы  тайып, 

омбы  қарға  түсіп  кетті.  Сіздер  шананы  артқа 

тартыңыздар,-деп атты еркіне жібере шү-шү-шү-

деп атты сауырынан сипай қамшылады. Ат екі-

үш ұмтылып омбы қардан шыға алмады.

  —    Аяғы  қардан  жерге  тимей  тұр.  Шананы 

тағы артқа тартыңыздар,- деді. Атшы жігіт-қарды 

аяғымен таптады да атты тағы да сауырын сүйкей 

қамшылады.  Сол  сәтте  ат  та  бар  күшімен  алға 

секіріп,  екі  аяғы  қатты  қарға  ілікті.  Атын  омбы 

қардан шығарып алған жігіт:

  —  Бұл  жерде  байқамаса  болмайды.  Сіздерге 

айтпадым  ба  қардың  қалыңдығы  1,5  метрден 

жоғары деп, қар атты көтеріп,  жерге тимегеннен  

күш ала алмай қалды деді.

жалғастыруды мақсат етті. 1970 жылы Алматы 

Зоотехникалық-  малдәрігерлік  институтына 

түсіп,  ғалым-зоотехник  мамандығын  алып 

шықты.    1962-1977  жылдар  аралығында 

Қарқара  совхозында  және  осы  шаруашылық 

пен  Қызылту  совхозынан  бөлініп  шыққан 

Қазақ  ССР-інің  50  жылдығы  атындағы 

тәжірибе 

шаруашылығында 

зоотехник 

болып  еңбек  етті.  Ал,  1977  жылы  аудандағы 

шаруашылық  жұмысын  жақсы  білетін  білікті 

маман  ретінде  «Кеген»  ет,  сүт  совхозына  бас 

зоотехник  қызметіне  жіберді.  Сүт  өнімін 

молайтуда  тәжірибелі  маман  бұл  жұмысты 

да 

іскерлікпен 



атқарды. 

Директордың 

орынбасары  жұмысын  атқарып  жүріп,    туып-

өскен Қарқара совхозына ауысты.

Әрі  шалғайда  өзі  зоотехник  болып 

жұмысын  бастаған  Мыңжылқы  фермасының 

меңгерушілігіне 

жіберілді. 

Осы 

салада 


зейнеткерлікке 

шығып, 


шаруашылық 

таратылып,  жекешелендіруге  жіберілгенше 

еңбек  етті.  «Еңбек  түбі-зейнет»  демекші,  

зейнеткерлікке  шықты.  Осы  жылдар    ішінде 

қаншама  адамдармен  қызметтес  болды. 

Шаруашылықты  басқарған  сол  жылдардағы 

азаматтардан  Жұмақан  Сокуров  бүгінде 

сексенге таяп қалды.  Ұзақ жыл бірге қызметтес 

болған  Кеңес  Жөргенбаев  та  өмірден  өтті. 

Бексырға Данышпанов сынды азаматты қалай 



Астана. Бәйтерек

Ой-хой, жиырма бес!

Жолдастар   арасында

 №1.

Қазан 


айы

Хантәңірі

5

g. hantaniri@mail.ru.



2014 —Жылқы  жылы, сенбі, 18 қазан

«Жастарыңды 

көрсет, 

ертеңіңді 

айтып 

берейін»,- 



демекші,  қоғамның  қозғаушы 

күші  де,  ел  ертеңі  де  жастар. 

Сол  себепті  де,  жастарымыз 

қоғамдағы  өз  орындарын  біліп, 

қоғаммен  араласа  білулері  қажет. 

Әрине,    қоғамдық  жұмыстардан 

жастарымыз  шет  қалып  жатыр 

дегеннен  аулақпыз.  Бүгінде  кез 

Айтарым  бар

Айтпасқа  амал  қалмады 

Қарасаз мәдениет үйі – ішкіштер үйі ме?  Аузымыз ауы-

рып,  жүрегіміз  сыздаса  да  айтайық.  Ауыл    жастарының 

ішін  жарып  шыққан  мынау  ызалы  үндеріне  үн  қоспасақ 

болмас. Ашына жазған хаттарында жастар ардақ тұтар 

мәдениет  үйінің  бүгінгі  келбеті  көрініс  береді.  Енді  хатта 

жазылған өздерінің сөздеріне құлақ түрсек.

Иә,  Қарасаз  мәдениет  үйі  осы  атаққа  лайықты  ма? 

Әрине,  лайықсыз.  Бірақ  осындай  дәрежеге  апарған  кей-

бір  адамдардың  кертартпа  әрекеттері  осы  күнге  дейін 

көңілімізді  суытып  барады.  Біз  жастар  түрлі  концерттік 

дайындыққа барсақ  «бос емеспіз, ертең келіңдер»  дейді де 

түс болмай тентек суға тойып ап теңселіп жүреді. 

Кейбір  үлгі  тұтар  ағайларымыз    көз  алдымызда 

жаға  жыртысып  төбелесіп  жатады.  Біздіңше  мұндағы 

басшылыққа бұл жағдайлар үйреншікті сияқты. Тек дейтін 

дана  жоқ,  тиылатын  бала  қайсы?    Ауылымызға  ат  арыл-

тып  сонау  Алматы  шаһарынан  концерт  қойып,  көңілімізді 

көтеруге келген  эстрада жұлдыздары «Мело-мен» тобының  

концерттік  кешінде  мәдениет  үйінің  әкімшілігі  тарапынан 

тәртіпсіздіктер орын алды. Сатуға беріп кеткен концертке 

кіру билетінің 20-30-ы еш себепсіз жоғалып кетті. Бұнымен 

қоймай,    еліміздің  бетке  ұстар  әншілеріне  сес  көрсетіп, 

жағаларынан алды.      

Жастар    бұндай  адамдардың  мәдениет  үйінде  жұмыс 

жасауына қарсы. Біздің Сіздерге өкпеміз қара қазандай. Не 

кино, не би кешін қойып беруге, жастар мәдениетін көтеруге 

мүлде бейқам. 

Жастардың хаттарын оқи отыра мұнда барлық жағдай 

ашық жазылғанын көрдік. Тіптен мәдениет үйінде қызмет 

ететін  адамдардың  аты-жөндері  де  толық  көрсетілген. 

Барлығын газет бетіне жариялауға асықпадық...

Қарасаз ауылының жастары мен  мектеп оқушылары.

ЖАСТАР  ҮНІ



 Жастық мені жалтартпай шыңға айдады

 “Хантәңірі” газетінің жастарға арналған қосымшасы

“Жастар үні” жол 

тартты


«Жастар 

үні» 


аудан 


жастарының  тілі  мен  жүрегі 

боларына біз кәміл сенеміз.

Жалындаған жастық шақ,

Ойна да күл, жалын ат.

Балалық  бал  дәуренін  артқа 

келген  мекеме,  қызмет  орындарында  болсын  жастар  ел  өркендеуіне 

барынша үлес қосып, қызмет етуде. Қызмет бабында, ел арасында өрбіген 

тірліктің кейбір түйіткілді тұстары да әркімге ой салары анық. Жастардың 

ойы  қашан  да  тың,  батыл  болары  сөзсіз.  Сондықтан  да  «Жастар  елдің 

болашағы»  -  қағидасын  әр  кімде  өзім  деп  қабылдап,  қоғам  өміріндегі  

түйінді мәселелерге  ой қозғап, қалам тарта біледі, жүрек үндерін ортаға 

салады деген ниетпен осы  аудандық «Хантәңірі»  газетінің арнайы бір 

бетін аудан жастарына  арнап отырмыз. 

Елбасымыздың  әр  жылдардағы  Жолдауларында  жастар  мәселесін 

бірінші  орынға  қойып,  оларға  нақтылы  жағдай  туғызып  жатқаны  да 

мәлім.  Бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол  шығарып  ауызбіршілікпен  ой, 

ұсыныс пікірлеріңді ортаға салады деп күтеміз.

тастап,  жалындаған  «мен»  деп  көкіректі  кере,  дүниені  қопарардай  қай 

істе болмасын батылдық, өзіне-өзі сенімділік күш жігер, АЛҒА ұранын 

жадында  сайратқан,  ол  әрине,  лапылдаған  жастық  кез  емес  пе?!    Кез 

келген  егде  кісіден  тіл  қатып,  әңгімеге  тартсаң,  яғни,  жастығы  мен 

бүгінінің айырмасын сұрасаң, “жастығымда от едік қой, қойып қалар, іске 

батыл кірісіп кетер. Қазір ғой ананы-мынаны,  артыңды  ойлайсың, ол 

күндердегідей  батылдық қайда... Сәл шегіншектеп тосылыңқырайсың...” 

дегенді  естисің.  Осы  тұрғыдан  алғанда  жастығымызды  өз  орнымен  ел 

ертеңіне  жұмсап  бүгінімізде  лаулай  түсейік.  Қай  жағынан  болмасын 

самғай    түсейік.  Жастық  қанаты  қайырылмай  тұрғанда  бабадан  қалған 

ізгілікпен, игілік жолын жалғай түсейік.

Жастық  шағының  өтіп  жатқанын  ешкімде  білмейді,  өтіп  кеткен 

соң “аһ” ұрады. «Қолда бардың қадірі жоқ»,- дегендей, жастық өмірдің 

де қадірін кезінде ешкімде біле бермейді. Кейбіреулер ойлар жастық ол 

– сайрап жүру, жайнап жүру, ойнап жүру деп. Десе де, бүгіні мен ертеңін 

ойлап жүруді әсте естен шығармау керек.

Біз осы себепті де «Жастар үні» бетін ұйымдастырып жастарымыз үн 

қатады, жоғарыда айтқанымыздай ой-пікір ұсыныстарын ортаға салады, 

жасампаздықтың  жаңа  үдерісін  алға  тартады,  тәуелсіз  елдің  көк  туы 

астындағы бейбіт өмірден сыр шертеді. Көкейінде жүрген сан-сауалмен, 

тосын жайлармен, тың жаңалықтарымен  бөліседі, өздерінің қоғамдағы 

алар орны  мен бөлшегі екендігін айқын дәлелдейді, ауданымыздағы түрлі 

Жастар саясаты



Жастар  беделі  Және  қоғам

Қазақстан Республикасының Президенті және жастар саясатына тоқталсақ, біз, тәуелсіздік бесігінде тербеліп 

өскен  бақытты  қазақ  елінің  ұландары,  мемлекетіміздің  қазіргі  жетістіктері  –  әлем  таныған  ірі  саяси  қайраткер, 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  басшылығымен  жүргізіліп  жатқан  сан  алуан 

реформалардың заңды нәтижесі екенін мақтан тұтамыз. Себебі, елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды 

дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталғандығы айқын көрініс табуда.  Мысалы,  жас мамандарды еңбек 

нарығында  қамтамасыз  ету  жолындағы  мемлекеттік  ықпалдасу  тетіктері,  ауыл  жастарына  берілетін  көпсалалы 

квота,  ауылға  барған  жастарға  көтерме  көмектер,  жетім  балаларға  және  мүгедек  жандарға  көсетілетін  көмек 

түрлерін атап өтуге болады. Осы орайда «Алматы облыстық  жастар саясаты орталығы» коммуналдық мемлекеттік 

мекемесінің  аудандық  филиалының  жетекшісі  Гауһар  Кеңесқызымен  сұхбаттасқан  едік.  Арнайы  жүргзген 

сұхбатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз. 

Тілші:  Құрметті  Гауһар  Кеңесқызы,  Елбасымыздың  қамқорлығымен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет