Бастайық Жұмыс дәптерінде



бет14/17
Дата09.11.2022
өлшемі15,76 Mb.
#48722
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Жұмыс дәптер 1

Шапшаң (жүгіртіп) оқу мәтіннің жалпы мағынасын түсіну үшін, адамның сөздер мен мәтінді ойланбастан, мағынасын ұға отырып, дәл оқу қабілеті ретінде айқындалады. Шапшаңдық – жеңіл әрі тиімді оқу және оқылғанды түсіну – мәтінді қайта кодтау дағдыларының жоғарылығын, яғни сөздерді айнытпай тануды және оқып отырған мәтінді синтаксистік қабылдауды көрсетеді. Жаңа оқу әрекеттері, алдымен, қалыптасып, сосын бағалануға тиіс пе?

  • Ақпаратты сыни бағалай білу.

Мәтінді оқып, түсініп қана қоймай, мақсатқа жету үшін қажет ақпаратты тек білім беру көздерінен ғана емес, алуан түрлі дереккөздерден таңдау қажет. Мысалы, авторлардың ұстанымдарын айқындап, содан кейін негізгі тезистер мен әр тезисті қолдайтын дәлелдерді бөліп көрсету керек.



  • Бір-біріне ұқсамайтын бірнеше дереккөзден алынған ақпаратты түсіндіре білу және жалпы қорытындылай білу.

Мысалы, ұсынылған мәтіндер – ғылыми журналдардың, блогерлердің, форумдардың жарияланымдары; YouTube, TikTok-тан алынған видео, яғни қазір бірінші кезекте пайдаланылатын ақпарат көздері.



  • Интернеттегі ақпаратты пайдалану, атап айтқанда, дәйекті сайттар мен онлайн-құжаттарды тану.

Тапсырмаға іріктелген материалдарда, мысалы, бір мәселені шешуде, әртүрлі әдіс-тәсілдер берілген. Қандай да бір ұстанымды қабылдау үшін дереккөздің дәйектілігі мен сенімділігін анықтау, мәтінде фактілер ме әлде пікірлер ме – не берілгенін түсініп алу керек. Бәлкім блог, сюжет авторының эмоцияларды манипуляциялау арқылы өз көзқарасын тану мақсаты бар-жоғын анықтау керек болар. Ақпаратты талдау негізінде бір тәсілді және өз көзқарасын қолдау үшін анағұрлым нанымды және беделді аргументтерді таңдау қажет.



  • Шынайы проблемалық жағдайларға жақын тапсырмалармен жұмыс істеу.

Оқушылар шынайы өмірде мұндай жағдайлармен жиі ұшырасады. Ал тапсырмаға балалардың күнделікті тіршілігіндегі үйреншікті ақпарат көздері мен мәтін форматтары таңдап алынады.
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты бағалауға берілген тапсырманы талдайық.

  1. сыныпқа арналған жинақтан алынған тапсырма5.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет