Бастайық Жұмыс дәптерінде


Орындалған тапсырма бойынша қысқаша түйіндеме



бет9/17
Дата09.11.2022
өлшемі15,76 Mb.
#48722
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Жұмыс дәптер 1

Орындалған тапсырма бойынша қысқаша түйіндеме




Математикалық сауаттылықтың құзыреттілік моделі



1-білік. Проблемаларды көре білу және математиканы қолдану мүмкіндіктерін айқындау, сосын проблеманың математикалық құрылымын ұсыну



Әрекеттер

1.1 Проблеманың шынайы өмірдегі математикалық аспектілерін айқындау және маңызды айнымалыларды анықтау.


1.2 Жағдаяттардағы математикалық құрылымды (заңдылықтарды, қатынастар мен заңдылықтарды қоса алғанда) тани білу.


1.3 Математикалық талдау жасауға болатындай ету үшін жағдайды немесе проблеманы ықшамдау.


1.4 Контекстен математикалық модельдеудің негізінде жатқан шектеулер мен ұйғарымдарды анықтау.


1.5 Тиісті айнымалыларды, символдарды, диаграммалар мен стандартты модельдерді пайдаланып, жағдаятты математикалық түрде беру.


1.6 Проблемаларды математика тіліне аудару.


1.7 Проблеманың белгілі проблемаларға немесе математикалық тұжырымдамаларға, фактілерге немесе рәсімдерге (процедура) сай келетін аспектілерін тану.


1.8 Проблеманың өзара математикалық байланысын бейнелеу үшін АКТ-ны (электрондық кестелер, графикалық калькуляторлар) пайдалану.


1.9 Проблеманы қадамдап шешуге арналған нұсқаулар құрастыру.





2-білік. Математикалық тұрғыдан тұжырымдалған есептерді шығару және математикалық қорытынды жасау үшін математикалық тұжырымдамаларды, фактілерді, рәсімдер мен пайымдауларды қолдану қабілеті

Әрекеттер

2.1 Математикалық шешімдерді іздеу стратегияларын әзірлеу және іске асыру.


2.2 Шешімдер үшін математикалық, оның ішінде техникалық құралдарды пайдалану.


2.3 Шешімдерді тапқанда математикалық фактілерді, қағидаларды, алгоритмдер мен құрылымдарды қолдану.


2.4 Сандар, графикалық және статистикалық деректер мен ақпарат, алгебралық мәндер мен теңдеулер, геометриялық көрсетілімдер арқылы амалдарды шығару.


2.5 Диаграммалар, графиктер салу, олардан математикалық ақпарат алу.


2.6 Шешім табу үшін математикалық рәсімдерді қолдану нәтижесі бойынша жалпы қорытынды шығару.


2.7 Математикалық аргументтерді ойлану, сондай-ақ математикалық нәтижелерді түсіндіріп, негіздеу.


2.8 Деректердегі байқалатын (немесе болжалды) заңдылықтардың маңызын бағалау.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет