Бастамашы топтан кәсіби ұйымға (құралы) «спид фонд Восток-Запад»


сурет. Фандрайзинг үдерісін іске асыру схемасы



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата15.03.2017
өлшемі0,79 Mb.
#9851
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 1 сурет. Фандрайзинг үдерісін іске асыру схемасы

71

Қорлар мен бағдарламалар туралы ақпаратты әртүрлі сілтемелерден, 

сайттардан, Интернеттегі топтардан тікелей алуға болады. Бүгінгі таңда бұл 

фандрайзинг үшін ең қуатты ресурс болып отыр.



Қорлар мен бағдарламалардың деректер базалары

Қорлар мен бағдарламалар жөнінде кейбір деректер базасын мына ме-

кен-жайлардан табуға болады:

• http://www.rsci.ru/allFonds.html

 – «Ғылым мен инновациялар» 

инновациялық жүйесі, қорлардың деректер базасы;

• http://tisbi.org/home/science/grants/

 – «ТИСБИ» Басқару ака-

демиясының сайтында орналасқан қорлар мен бағдарлама-

лардың деректер базасы;

• http://www.prpc.ru/konkurs/phil_fon.shtml

 – Пермь аймақтық 

құқық қорғау одағы, қорлардың деректер базасы;

• http://www.ecolife.org.ua/funds/index.html

 – «ЭкоЛайф» Қо-

ғамдық экологиялық Интернет-жобаның қорлары мен бағ-

дарламаларының деректер базасы;

• http://www.infolive3.ru/granti-i-konkursi-2013/granty-i-

konkursy-maj-2013/#

 – донорлардың, гранттардың және кон-

курстардың тұрақты жаңартылатын деректер базасы.

Келтірілген деректер базасы тұрақты жаңартылып отырады, бұл оларда-

ғы бар ақпараттың өзекті сипатта болуына септігін тигізеді. Гранттық қыз-

мет үшін мұның маңызы зор, өйткені, қорлар бағдарламалар мен өтінім беру 

шарттарын жүйелі түрде өзгертіп отырады. Гранттық жобалық қызметтің 

өзектілігін ескере отырып, қорлар мен бағдарламалар жөніндегі жаңа де-

ректер базаларының пайда болу үрдісі бар, сондықтан фандрайзерге әркез 

шұғыл және дәл ақпаратты иелену үшін жаңа ақпараттың үнемі іздеп отыру 

қажет.

Қорға жүгіну үлгісі

Қаржыландырудың лайықты көзін таңдағаннан кейін сіз онымен жұмысқа 

қосыласыз.  Нақты қордың құжаттарында әдетте, жүгінудің тиімдірек үлгісі 

көрсетіледі. Кейбір қорлар берілген нысанға сай келетін толық өтінімнің 

ұсынылуын талап етеді.  Кейбір қорлар  әлеуетті өтінім берушімен телефон 

арқылы хабарласуды немесе кездесуді қалайды.  Алайда, маңыздырақ бөлігі 

алдымен жобаның қысқаша баяндалуымен және өтінім берушінің сипаттта-

масымен  сұраныс хатын алуын қалайды. 

Сұраныс хат – жүгінудің аса кең таралған және сенімді түрі. Бір жағынан, 

ол сізді өз жобаңыздың маңызын қысқаша әрі нақты қалыптастыруға мәж-



72

бүрлесе, басқа жағынан сіз сындарлы үнқатысу үшін негіз қалайсыз.



Сұраныс хат:

• 

Қысқа  – ең көбі 2-3 бет;



• 

Сіз неліктен дәл сол қорды таңдағаныңызды түсіндіру;

• 

Осы жобаның қажеттілігін және проблеманың мәнін анық түсіндіруі;



• 

Жобаны орындаудың мақсаттары, міндеттері, күтілететін нәтижелері, 

әдістері мен құны туралы нақты ақпаратты қамтуы;

• 

Нақты сіз, сіздің ұйымыңыз, ұжымыңыз, немесе Сіздің өзіңіз осындай 



жобаны орындау, қызмет бағытын, жетістіктерін және жоба команда-

сы мүшелерінің біліктілігін сипаттау  мүмкіндігін сенімді етіп түсінді-

руі;

• 

Өзіңіздің сұранысыңызды қараудан не күтетініңізді түсіндіруі тиіс.



Сұраныс хатпен танысқаннан кейін қор сізбен кездесуді, немесе қаржы-

ландыруға толық өтінім жіберуді сұрайды, немесе  сыпайы бас тартады. Қа-

лай болғанда да соңғысын қасірет деп қабылдамаңыз. 10 сұраныстың әдетте 

1-2-іне ғана қолдау көрсетіледі. Егер де сіз өз идеяңызды іске асыруға мүд-

делі болсаңыз, сіз міндетті түрде табысқа жетесіз.

Б лімге қатысты сұрақтар

• 

Сіз қайырымдылық ұйымдарының қандай түрлерімен жұмыс 

істеуді жоспарлап отырсыз? 

• 

Сізге қорлар және бағдарламалар туралы ақпаратты алудың 

қандай көздері белгілі?

•  Сіз қорды қандай өлшемдер бойынша  іздеуді жоспарлап 

отырсыз?

• 

Қор анықтаған шектеулер туралы ақпараттан басқа қан-

дай қосымша ақпарат сізге лайықты қаржыландыру көз-

дерінің тізімін қалыптастыруға көмектеседі?


73

10. Жобалық ұсыныстарды әзірлеу және жазу

Грантттарға  тінімдерді жоспарлау және жазу

Жекеменшік қорларға және мемлекеттік ұйымдарға (федералды, облыс-

тық, қалалық немесе аумақтық деңгейдегі) берілетін гранттарға өтінімдер 

түріне қарай бөлінеді.  Жекеменшік қорлар, әдетте бастапқы өтінім ретінде 

жобаңыздың маңызын баяндай отырып, алдымен қысқаша хат жіберуді өті-

неді. Көптеген жағдайларда, одан әрі сізге жобаның толық нұсқасын жіберу 

керек болады. Мемлекеттік қаржыландыру көздері, өтінімнің өзінен бөлек, 

әркез дерлік стандартты түрлердің белгілі бір санын толтыруды талап етеді. 

Осылайша, жекеменшік және мемлекеттік ұйымға өтінімдер рәсімделуі жағы-

нан қатты ерекшеленеді.

Донорлық  ұйымға берілетін құжаттардың пакеті мынадай үш бөлікті қам-

тиды:


• Мүдделілік 

хаты; 


• Өтінім; 

• Қосымша 

материалдар..

1. Мүделілікті білдіретін хатты, әдетте жоба менеджері немесе фандрей-

зинг жөніндегі маман  жазады және оған ұйым басшысы қол қояды. Хатта 

жоба қысқаша сипатталады және грант берушілерге ұсынылатын жобаның 

қаншалықты маңызды екендігі туралы  түсініктемелер беріледі. Хатта өз бас-

шылығыңыздың жобаны барынша қолдайтындығы расталады, ол грантты алу 

үшін тән жағдай.

2. Жалпы, өтінім бар болғаны тек бір бетте ғана баяндалуы мүмкін (егер 

де, қордың талабы сондай болса), немесе көп бетті алуы мүмкін. Ол хат түрін-

де немесе аса формальды құжат түрінде жазылады. Кез келген жағдайда 

құралдың осы бөлімінде назарыңызға ұсынылатын нұсқаулықтар сіздің 

өтініміңіздің барлық қажетті құрамдастарын қамтитындығын және олардың 

қаншалықты байланысты баяндалғанын бағалауға көмектеседі. Және де 

сізге жобамен жұмысты дұрыс ұйымдастыруға және оны дұрыс жоспарлау-

ға мүмкіндік береді.  Егер де өз қорыңыз сізге оған қатысты ешқандай нұс-

қаулық жібермесе ол жобаңыздың  рәсімделуі үшін стандарт болуы мүмкін 

(жекеменшік қорлар жағдайында мұндай жиі болады). Алайда,  бар стандарт-

тардың орнына біздің пішінді пайдаланбаңыз! Егер қор сізден өзі белгілеген 

пішінді ұстануын ұсынса,  соны ұстаныңыз.

3. Қосымша материалдар тек ең қажеттісімен шектелуі тиіс. Сарапшылар 

жобаның сапасы туралы оның салмағына қарап бағамдамайды, сондықтан, 

ақшаларыңызды пошталық жөнелтілімдерден үнемдеңіз!

Біз өз өтінімдеріңізі жазу үшін  мынадай әмбебап пішінді ұсынамыз. Ол 


74

сізге өтінімге мемлекеттік және жекеменшік қорлардағы өтінімдерде кезде-

сетін барлық ықтимал тармақтарды енгізуге септігін тигізеді. Біздің пішін 

сізге сондай-ақ жобаларды жоспарлау мен жазудың қисынды тәсілін әзір-

леуге мүмкіндік береді.

Жобаның түйіндемесі

Түйіндеме – соңғы сәтке  қалдырып қоя салатын майда-шүйде нәрсе 

емес, ол өтінімнің ең маңызды бөлігі. Грантқа өтінім үлгісінің бірінші бетінде 

түйіндемеге арнайы орын қалдырылуы мүкін. Түйіндемені көбіне «жобаның 

қысқаша мазмұны» деп атайды. Жекеменшік қорға жүгінген кезде түйіндеме 

хат түрінде жазылған өтінімнің бірінші азатжолында немесе  аса формальды 

өтінімнің бірінші бөлімінде болуы тиіс. Нақ сол түйіндеме алғаш оқылатын 

болғандықтан, оны нақты, қысқа әрі мазмұнды етіп жасаңыз. Одан сіздің кім 

екеніңіз, жобаңыздың көлемі қандай және оның құны қанша екені түсінікті 

болуы тиіс. Кейбір рецензенттер  тек түйіндемені оқитын болады, сондықтан 

түйіндеме жақсы болуы керек.

Кіріспе

Тапсырыстың бұл бөлігінде сіз грантқа әлеуетті өтінім беруші  ретінде өз 

ұйымыңыз туралы айтасыз. Әдетте, өтінімдер тек жобаның өзінің сапасына 

ғана емес, сондай-ақ өтінім беруші ұйымның абыройына сүйеніп қаржылан-

дырылады. Кіріспеде сіз өзіңіздің сенімділігіңізді негіздейсіз және неліктен 

нақ сіздің өтініміңіздің қолдауға тұратынын түсіндіресіз.



Сенімділік

ЧДемеушінің көз алдында ұйымға сенімділікті не келтіреді? Ең алды-

мен,  әр демеушінің талабы әр түрлі. «Керітартпа»  демеуші көбіне ұйымы-

ңыздың директорлар Кеңесі құрамында танымал адамдардың болуына, ұйым 

қызметінің ұзақтығына және демеушіден бөлек  басқа  қаржыландыру көз-

дерінің болуына назар аударуы мәлім.  «Озық» демеуші танымал адамдардан 

емес, жай азаматтардан құралған Кеңеске және көп жыл бұрын емес, жақын-

да құрылған ұйымдарға мүдделі болуы ықтимал.

Әлеуетті демеушілер өзіңіз тұрпаттас ұйымдар мен сізге ұқсас жобаларға  

өздерінің ықтимал мүдделілігі бойынша таңдалуы тиіс. Кіріспені өз мүддеңіз 

бен демеушінің мүддесі арасында байланысты негіздеу үшін пайдаланыңыз. 

Сіз өзіңіз туралы Кіріспеде не хабарлай аласыз?

• 

Өз мақсаттарыңыз және міндеттеріңіз (ұйымның жарғысынан алуға 



болады); 

• 

Сіз қанша уақыттан бері әрекет етіп келесіз, қалай дамыдыңыз,  сіздің 



75

қаржы ресурстарыңыз қаншалықты маңызды;

•  Өз ұйымыңыздың бірегейлігі – елде сіздің өз салаңызда жұмысты 

бастағандар арасында тұңғыш болғандығыңызға ұқсас фактілер; 

• 

Сіздің кейбір маңыздырақ жетістіктеріңіз, ал егер ұйым жақын арада 



құрылса, қамқоршыларыңыз бен қызметкерлер құрамының бұрынғы 

жұмысындағы жетістіктері;

• 

Ұсынылатынға ұқсас жобадағы өз жетістіктеріңіз; 



• 

Өзіңіз жүгінген қордан бөлек, көздерден алатын қаржылай қолдауы-

ңыз, қолдау хаттарын қоса тіркей отырып (Қосымшада).

Біз сізге, ол ақпаратты Өзіңіздің әр өтініміңіздің Кіріспесіндегі сол ақ-

паратты пайдалану үшін өз жетістіктеріңіздің бәрін жазып отыруыңызды 

табанды түрде ұсынамыз. Өз ұйымыңыз туралы газет қиындыларын, басқа 

мекемелердің және жеке тұлғалардың қызметіңізді мақұлдайтын хаттарын, 

клиенттердің пікірлерін сақтаңыз. Бұған ірі саяси қайраткерлердің немесе 

өз салаңыздағы, сізге ұқсас жобалардың орындалуына қоғам назарын ауда-

ратын ғылымдардың сөздерін қосыңыз. Оны аталған тұлғалар нақ сіз туралы 

емес, тек тұтастай алғанда проблеманың қойылуы туралы айтса да жасаңыз. 

Мәселен, өтінімге сіздікін еске түсіретін жобалар тәрізділер қойылған мәсе-

лелерді тиімді шеше алатыны туралы Үкімет есебінен сөздәйектер қоса оты-

рып,  сіз көпшіліктің назарын осындай мәлімдеме жасаған тұлғалардан (бұл 

жағдайда Үкіметтен) (егер де оларға шынымен сенсе) өзіңізге қаратасыз. 

Грантты алу үшін Кіріспеде негізделген  өз сенімділігіңіз өтінімнің басқа 

бөлімінен гөрі маңыздырақ болуы мүмкін екенін есіңізге сақтаңыз. Сенімді 

арттырыңыз! Алайда, қай жердегідей, мұнда да мүмкіндігінше аз сөзді, әрі 

нақты болыңыз. Жаргонды қолданудан бас тартыңыз және қарапайым сөзбен 

жазыңыз.


Мәселені  қою

ВКіріспеде сіз өзіңіз туралы айттыңыз. Кіріспеден сіздің демеушіңіз 

сіздің мүдделеріңіздің саласын, сіздің немесе жұмыс істейтіндігіңізді айқын 

ұғынуы тиіс. Енді сіз өз жобаңыздың көмегімен шешуге тырысатын нақты 

проблеманы анық баяндауыңыз тиіс.  Егер Кіріспе қаражаттарды алу тұрғы-

сында маңызды болса, онда Проблеманы қою  жобаның жақсы жоспарын жа-

сау үшін шешуші маңызы бар. 

Бұл секцияда сізді жобаның әзірлеуіне итермелеген жағдай сипатталады. 

Баяндалатын жағдай(лар) сіздің ұйымыңыздан тыс болған жағдайды, яғни 

өз клиенттеріңіздің, қаланың немесе елдің жергілікті тұрғындары өмірінің 

проблемаларын сипаттауы тиіс. Тұжырымдалған қажеттіктер өз жұмысыңыз-

дың тиімділігін арттыруға қаражат іздестіретін жағдайды қоспағанда ұйымы-

ңыздың ішкі қажеттіктері болмауы тиіс. Атап айтқанда, сізде ақшаның бол-


76

мауы - ол проблема емес. Әркім сіздің қаржылай көмек үшін жүгінетініңізді 

түсінеді. Ол өтінім берген фактіден мәлім. Маңыздысы, сізге ақша қандай 

проблеманы шешу үшін керек деген сұраққа жауап беру. Алынған қаражатты 

сіз неге жұмсайсыз? Осыны өтінімнің осы секциясында көрсеткен жөн.

Егер сіз мәселен, үйсіздердің өмірін жақсартуды, жұмыссыздардың жұ-

мысқа орналасуына жәрдемдесуді, дамуында артта қалған балаларға кө-

мектесуді және қазіргі қоғамның көптеген проблемаларын шешуді қолға 

алсаңыз, бұл бөлімді «Проблеманы қою» деп атауға болады. «Қажеттіктерді 

тұжырымдау» абзалы аз сезілетін заттарға жатады: мәселен, халықтың руха-

ни қажеттіктерін қанағаттандыратын мәдени немесе басқа да бағдарлама-

ларды ұйымдастыру. Әлбетте, олар алдыңғы бағдарламаларға қарағанда аса 

маңызды емес, «Проблемаларды шешу» үлгісіне толық сай келе бермейтін 

қарапайым тәсілді қолданады. Бұл жағдайда «Проблеманы қою» мен «Мақ-

саттар» бөлімдерінің орнына «Қажеттіктер» мен «Қажеттіктерді қанағаттан-

дыру» аса лайықты. 

Бәрі сіздің проблемаңыздың  маңыздылығы туралы хабардар деп ойлама-

ңыз. Мүмкін ол солай да болуы мүмкін, сонда да, осы сұрақта өз донорыңызға 

құзіреттілігіңіздің қосымша дәлелі керек болады. Жобаға тиісті статистика-

лық мәліметтерді қосыңыз, билік органдары өкілдерінің (әсіресе, жергілікті) 

сөздерін дәйекке алыңыз, сіз іс жүзінде нақты мәселені шешетініңізді көр-

сетіңіз. Кестелер мен сұлбалар оқырманды қуанта алмасы анық, сондықтан 

оларды Қосымша үшін сақтаңыз. Тиімдісі, жағдайды көрнекті түрде көрсе-

тетін аса тиімді деректерді келтіріңіз. Өзіңіз келтірген сандардың нені білді-

ретінін нақты біліңіз.

«Мәселені қоюды» жазу кезінде сіз мынаны жасауыңыз тиіс:

• 

Өз ұйымыңыз орындайтын міндеттерді сіз шешуге тырысатын пробле-



малармен  қисынды байланыстырыңыз;

• 

Өзіңіз жұмыс істеуге кірісетін барлық проблемаларды нақты анықта-



ңыз, проблемаңыз шынтуайтында орындалатынына, яғни оны нақты 

мерзімде, шектеулі соманы жарата отырып,  өз күшіңізбен шешуге бо-

латынына сенімді болыңыз;

•  Қосымша материалдардың – статистикалық мәліметтердің, топтық 

өтініштердің, өз салаңызда жұмыс істейтін клиенттеріңіздің және 

кәсіпқойлардың  жеке хаттарының  көмегімен проблеманың бар 

екенін растаңыз;

• 

Шынайы болыңыз   – таяу жартыжылдықта барлық әлемдік проблема-



ларды шешуге тырыспаңыз.

Ескерту:  Көптеген өтінім берушілер проблеманың өзі мен оны шешу 

әдісінің арасындағы айырмашылықты түсінбейтінін ұмытпаңыз. Мәселен, 

қаланың бір ауданындағы қарт адамдарға көмектесетін агенттік өз клиет-


77

терінің қалада қатынауы үшін микроавтобустың аса керек екендігін айтады. 

Агенттік  автобустарға «қажеттік» бар деп есептейді, себебі ауданның көпте-

ген тұрғындары дәрігерге және әлеуметтік қамсыздандыру мекемесіне және 

т.б. жерлерге жете алмайды. Мұндағы қателік, өтінім авторлары  проблеманы 

қоюдың орнына, «Әдістердің» мына тармағына бірден өтіп кетті. Автобустар-

дың  болуы тек қарт адамдарды емдеу және қажетті мекемелердің орналасқан 

жеріне жеткізу құралы ал автобуссыз олар өздеріне қолжетімсіз орындар бо-

лып табылады. Проблеманы шешудің мұндай әдісінен басқа, көптеген басқа-

лары да бар. Мәселен, тиісті ұйымдарды қызметтерді орталықсыздандыруға, 

үйге тауарларды жеткізу және үйде қызметтер көрсетуді қамтамасыз етуге; 

немесе қарттарға көмектесетін көмекшілер жалдауға сендіріп бағуға болады. 

Ақырында, микроавтобустар саты алу проблеманы шешуге жақсы көмектесер 

де еді, бірақ атап айтқанда бұл проблема да емес, қажеттік те емес, тек әдіс 

қана. Мұндай жағдайларда аса сақ болыңыз. Егер сіз «Проблеманы қоюда» 

нақты құралдардың тапшылығы туралы жазғыңыз келсе, онда онда сіз абза-

лы, «Әдістер» бөлімінде бандалуы тиіс құралдардың тапшылығын меңзеген 

шығарсыз.



Жобаның мақсаттары мен міндеттері

Жақсы әзірленген жоба байланыса баяндалуы тиіс. Кіріспе Проблеманы 

қоюды қисынды түрде әзірлеуі керек, сәйкесінше, соңғы бөлім «Мақсаттар 

мен міндеттерге» қисынды ауысуды білдіруі тиіс.



Мақсаттар – екі тілді халыққа арналған ЖИТС туралы ақпараттың қо-

сымша көздерін әзірлеу; ересектер арасында жұмыссыздар санын азайту; 

мониторинг қызметін құру және т.б. секілді аса ортақ тұжырымдар. 

Мұндай тектес тұжырымдар сандық тұрғыдан бағалануы мүмкін. Олардың 

басты міндеті -  жобаның ісі бар проблемалар типін көрсету. Сонысымен де 

мақсаттар міндеттерден айрықшаланады.

Міндеттер – жобаңыздың жұмысының нақты және өлшеуге келетін нәти-

желері. 


Міндеттер -  Сіздің «Проблеманы қою» бөлімінде сипаттаған жағдай-

ды ықтимал жақсарту. Егер сіз жоба міндеттерін әр жазған  кезде оларды 

осы түйінде қарастырыңыз, сонда сіз олардың қандай болуы керектігін оңай 

түсінесіз. Мысалы, егер де проблема сіздің мектебіңіздегі кейбір оқушылар 

өз жасындағы балалардан әлдеқайда нашар оқитындығында болса, онда мін-

дет жобаның аяталуына қарай осы балалардың белгілі бір пайызы бұрынғыға 

қарағанда анағұрлым жақсы оқуында болуы мүмкін. Олар бұрын өзімен бір 

деңгейде болған, жобамен қамтылмаған құрдастарынан гөрі жақсы оқитын 

болады. Мұндай міндеттерде кім жобамен қамтылғанын, нені, қай бағытта, 

қаншалықты және қандай мерзімде өзгерткен жөн екенін көрсеткен абзал.



78

Өлшеуге келетін тағы бір міндет ретінде мынаны қарастырайық:



Біліктілікті арттырудың 30 күндік бағдарламасының аяқта-

луына қарай қайырымдылық негізде білім алушылардың 80 пайы-

зының  75% сағатына 5 доллар ең аз ақымен жұмыс алады және 

кемінде үш айға жұмыс орнын сақтайды.

Тапсырмалар мен әдістердің айырмаларының болуы

МЖобалардың көпшілігі болмаса да, көбісінің өзінің басты мақсаты қан-

дай да бір бағдарламаны немесе қызметті ұйымдастыру болады. Бұл тұтастай 

алғанда пайдасыз секторға тән, оның ұйымдарының көпшілігі әдетте түрлі 

қызметтер ұсынады. Сондықтан осындай текті жобаларда мынадай түрдегі 

Міндеттер жиі келеді: 



«Жобаның міндеті -  8-ден 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған 

құқықбұзушыларды олардың өзі тұратын ауданында кеңес беру 

қызметтерімен қамтамасыз ету».  

Аталған жағдайда Міндетте нәтижелері, яғни проблеманың Қойылымында 

сипатталған жағдайдың өзгерістері туралы ештеңе айтылмайды. Жоғарыда 

келтірілген міндет нашар емес, егер Проблемалық бөлімде басты мәселе «ке-

ңес беру қызметтерінің болмауында» деп тұжырымдалып, бірақ, абзалы мұн-

да жастар қылмыстылығының, мектептегі тәртіп ережелерінің бұзылуы және 

т.б. айтылады.      

Осылайша, Міндеттер барынша нақтылануы керек. Оларда жобаның пай-

далылық дәрежесі жөніндегі сандық мәліметтер болуы керек. Кейбір өтінім 

берушілер нақты болу мақсатында «ойына келген» сандарды  айтады. Мы-

салы, қасыбір қызмет өз міндеттерін «нақты уақыт кезеңінде Н ауданында-

ғы жұмыссыздық деңгейін 10 % кеміту» деп жазады. Басты сұрақ: мұндай 

сандар қайдан алынған? Әдетте, олар өздерін көрнекті етіп көрсету үшін жа-

зады. Осылайша, шынайы жетістік көрсетілетіндей көрінеді. Бірақ, сандық 

көрсеткіштер аса сенімді болуы керек. Осыған дейін бірде бір бағдарламада 

осыған ұқсас нәрсе жасау қолдан келмеген секілді. Орташа түрде жұмыссыз-

дық 2-6 % кемуі мүмкін, осы жағдайда 5 % өте жақсы көрсеткіш болады, ал 

6 % - ең көп ықтимал нәрсе. Сонда 10 % - жай ойдан шығарылған, оға қоса 

таңдалған салада Сіздің біліксіздігіңізді  көрсетеді. Міндеттер шынайы орын-

далатын болуы керектігін әркез есте сақтаңыз. Он пайыздық межеге жетуге 

болатын-болмайтынын бірден шешіңіз, өтінімге қасақана орындалмайтын 

заттарды қоспаңыз.       

Егер Сізге барлық міндеттерді бірден сипаттау қиын болса, бір-екі жылдан 

кейін немен шұғылданатыңызды елестуге тырысыңыз. Қандай өзгерістерді 

көргіңіз келеді? Істің қазіргі жағдайы мен болашақтың арасында қандай 

айырмашылықтар бар? Ұқсас өзгерістерге жету сіздің жобаңыздың міндеті 



79

болып табылуы мүмкін.



Әдістемелік міндеттер туралы ескерту

Сіздің мына түрдегі Міндеттермен кездесуге тура келген шығар: 



«Бағдарламаның міндеті – 40 жұмыссыз тобы үшін 36 апта бойы 

аптасына үш рет көліктерді жөндеу жөніндегі сабақ өткізуді  

қамтамасыз ету» немесе «Бағдарламаның міндеті – балалар-

мен нашар қарым-қатынасы жөніндегі мәліметтер келіп түскен 

кемінде 50 ата-анамен кем дегенде 18 апта бойы аптасына екі 

мәрте семинарлар жүргізу». 

Мұндай Міндеттер әдістемелік деп аталады, себебі олар Әдістер бөлімі-

не жатқызылады. Олар Сіздің не істейтіндігіңізді айтады, бірақ нәтижесінде 

нені алатындығыңызды айтпайды. Мұндай әдістемелік міндеттерді (process 

objectives) нағыз мақсат-міндеттерден (outcome objectives) ажырату аса ма-

ңызды. Егер Сіз осыны істемесеңіз, онда бағдарламаның орындалуы кезінде 

оның өзінде өткен үдерістер туралы ғана білесіз, бірақ қоршаған жағдайдағы 

өзгерістерді біле алмайсыз. Есіңізде сақтаңыз, онсыз да түрлі кеңесшілермен 

және көмекшілермен толып тұрған ортада бір қызметті жасап қана қоймай, 

қоршаған әлемде бір нәрсені өзгертуге қатысты жобаны ұйымдастырасыз. 

Әдістемелік міндеттер тым пайдалы болуы мүмкін, бірақ шатастырмау үшін 

оларды «Әдістемелерде», бірақ «Мақсаттар мен міндеттерде» орналастырған 

жөн.

Әдістер

Осы сәтке қарай сіз ендігі өз рецензентіңізге немен және қалай жұмыс 

істеуге кірісетініңіз және мақсаттарыңыздың қандай екені (проблеманы ше-

шуді немесе жеңілдетуді уәде ететін) туралы айтыңыз. Енді сіз мақсаттарға 

қол жеткізу үшін қолдануға кірісетін  әдістерді сипаттауыңыз керек. 

«Әдістер» бөлімінде қалаулы нәтижелерге жетуге қажетті қызмет түрлерін 

толық сипаттауыңыз керек. Осы бөлімнен жұмыстың қалай орындалатыны; 

қандай құрылғылар мен құрал-жабдықтың керектігі; орындаушылардың не-

мен шұғылданатыны; клиенттерге қалай қызмет көрсетілетіні, қайдан және 

қандай қосымша ресурстар тартылатыны және т.б. айқын анықталуы керек.  

Осы бөлімде түсіндірілуі тиіс 2 басты сұрақ бар: 1) қалаулы нәтижелерге 

жетудегі сіздің стратегияңыз қандай? және 2) басқа барлық мүмкіндерден 

неге тек осыны ғана  таңдадыңыз? 

Соңғы сұраққа жауап сізден жобаларыңызға ұқсас білімдерді қажет етеді. 

Сіздің проблемаңыз бойынша ауданыңызда немесе басқа жерлерде тағы кім 

жұмыс істеді? Бұрынырақта қандай әдістер қолданылған және қазір қандайы 



80

қолданылады, және  нәтижелер қандай? Басқаша айтқанда, сіз өзіңіз таңда-

ған  әдісті негіздеуіңіз керек.  

Баламаларды қарастыру – сіздің әдістемеңіздің басты аспектісі. Ұқсас 

жұмыстармен өзіңіздің таныстығыңызды көрсете отырып, және қолданатын 

құралдарды таңдауыңызды түсіндіре келе, сіз демеушінің көз алдында үлкен 

сенімге ие боласыз. «Әдістер» бөлімі есебінен өзіңізге деген сенімділік дең-

гейін арттыра аласыз. Сіз өтінімнің барлық бөлімдеріндегі өз мәселеңізде 

білікті болып шыққаныңыз маңызды.   

Сонымен, «Әдістер» бөлімінде сіз мынаны көрсетуіңіз керек: кім, нені 

және кім үшін жасайды, және неліктен осылай істейді? Проблеманы шешуге 

деген сіздің көзқарасыңыз рецензент үшін тартымды көрінуі тиіс. Шынайы 

және негізделген жоба әсер қалдыруы керек. Шынайы шықпаған жобаны ең 

ізгі ниеттің өзі де  құтқара алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет