Бастамашы топтан кәсіби ұйымға (құралы) «спид фонд Восток-Запад»



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата15.03.2017
өлшемі0,79 Mb.
#9851
1   2   3   4   5   6   7   8   9

I. Кіріспе: өтінім берушінің ұйымы мен қызметкерлер құрамының 

біліктілігі (сенімділігі) деңгейі туралы мәліметтер қамтиды.

1.  Өтінім берушінің кім екенін анық көрсетіледі;

2.  өтінім берушінің ұйымының мақсаттары мен міндеттері сипатталады;

3.  өтінім беруші ұйымының қызмет түрі сипатталады;

4.  өтінім беруші ұйымының клиенттері сипатталады;

5.  жетістіктердің бар екенін тұжырымдайды;

6.  статистикалық деректер негізінде жетістіктердің бар екенін растай-

ды;

7.  қолдау хаттарға және басқа да құжаттарға сүйеніп, жетістіктердің 



бар екенін растайды;

8.  міндеттер атқару үшін жеткілікті құзіреттілік деңгейінің (зерттеу, 

оқыту және т.т.) бар екенін растайды;

9.  Қисындылық тұрғысында «Проблемаларды қою» бөліміне әкеледі;

10.  мүмкіндігінше қысқа бөлім;

11. қызықты;

12. жаргондар болмайды.

II. Мәселелерді қою

1.  өтінім берушінің ұйымының мақсаттары мен міндеттеріне қатысты;

2.  Бөлім көлемі жағынан парасатты – бүкіл әлемдік проблеманы шешуге 

ұмтылмайды;

3. статистика 

қолдайды;

4.  сол саладағы бедел иелеріне сілтеме жасалады;

5.  өтінім берушінің емес, клиенттің тұрғысынан тұжырымдалады;

6.  клиенттердің қатысуымен дамытылады;

7.  Бөлімде расталмаған тұжырымдар болмайды;

8. жаргон 

болмайды;

9. оқуға 

қызықты;


91

10. мүмкіндігінше қысқа;

11.  бірегей жағдайды білдіреді.

III. Жобаның мақсаттары мен міндеттері: өлшемге түсетін жобаның 

орындалу қорытындылары сипатталады.

1.  алдыңғы бөлімде тұжырымдалған әр проблема жөнінде кем дегенде 

бір мәндет келтіріледі;

2.  міндеттерді шешу жобаның мақсаты болып табылады;

3.  міндеттер әдістер болып табыламайды;

4.  бөлімде жобаны орындаудан кімнің пайда табатыны көрсетіледі;

5.  мақсаттарға қол жеткізу уақыты көрсетіледі;

6.  Міндеттерге қол жеткізуге болады және қорытындылар өзгертуге ке-

леді.


IV. Әдістері: көзделген мақсаттарға қол жеткізу және қойылған міндет-

терді шешу үшін қажетті шаралар көрсетіледі.

1.  Әлбетте, мәселелер мен мақсаттардан шығады;

2.  Бөлімде бағдарлама шеңберіндегі іс-шаралар анық сипатталады;

3.  Іс-шараны таңдауға түсініктеме беріледі;

4.  іс-шараларды орындаудың кезектілігі келтіріледі;

5.  бағдарламаның орындаушыларының міндеттері сипатталады;

6.  клиенттер мен оларды іріктеу қағидаттары сипатталады;

7.  мерзімінде және жобаның жалпы құны шегінде атқарылатын іс-шара-

лардың шектеулі жинағы көрсетіледі.



V. Бағалау: алынған нәтижелердің мақсаттарға және пайдаланылған 

әдістер бастапқыдан ұсынылғанға сәйкестігінің дәрежесін анықтау жоспары 

ұсынылады.

1.  Бөлімде мақсаттарға қол жеткізу дәрежесін бағалау жоспары ұсыны-

лады;

2.  жобаның орындалу барысында әдістерді бағалау және түзету жоспа-



ры ұсынылады;

3.  бағалауды кім жүргізетіні және бағалаушылардың қалай іріктелетіні 

сипатталады;

4.  жобаның табыстылығы айқын белгіленеді;

5.  деректердің қалай іріктелінетіні сипатталады;

6.  бағалаудың қандай тәсілдері (ревизиялар, инспекциялар, сауалнама-

лар) қолданылатыны түсіндіріледі;

7.  деректерді талдаудың барысы сипатталады;

8.  есептілік нысаны көрсетіледі.

VI. Аяқталуына қарай қаржыландыру: грант мерзімінің аяқталуына қа-

рай қаржыландыру мүмкіндігі және (немесе) жоба бойынша жұмыс істеуге 



92

арналған басқа да ресурстардың болуы

1.  келешекте қаржыландыру алудың нақты жоспары ұсынылады;

2.  басқа көздерден, нақты қай көздерден қаражат алынаты сипаттала-

ды;

3.  өтінім беруші демеушілердің әрі қарайғы қолдауына аз сенеді;



4.  ұсынымдық хаттар мен қолдау хаттары бар.

VII. Бюджет: қордан және басқа да көздерден алынатын қаражаттар 

анық шектеледі.

1.  өтінімнің сипаттамалық бөліміне сәйкес келеді;

2. егжей-тегжейлі,

3.  жобаны жазу сәтіндегі емес, жобаны орындау басталған сәтке қарай-

ғы бағалар көрсетілген;

4.  қордың қаржыландыратын барлық баптарын қамтиды;

5.  басқа көздерден қаржыландырылатын барлық баптарды қамтиды;

6.  ерікті негіздегі жұмыстардың барлық түрін қамтиды;

7.  жеңілдіктер мен жәрдемақыларды еңбекақыдан бөлектейді;

8.  консультанттардың еңбекақысын қамтиды;

9.  еңбекақы төлеуді басқа шығындардан бөлектейді;

10.  керек болса, барлық тікелей емес шығындар көрсетіледі;

11.  өтінімнің сипаттамалық бөлімінде көрсетілген барлық жұмыстарды 

қамтамасыз ету үшін жеткілікті.


93

Пайдаланылған дерекк здер тізімі

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 

сәуірдегі № 112 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және фи-

лиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі Нұсқаулықты 

бекіту туралы» бұйрығы (30.01.2012 ж. жағдайға қарай өзгеріс-

термен және толықтырулармен бірге).

2. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16қаңтарындағы 

№142-ІІ «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңы (24.12..2012 

ж. жағдайға қарай өзгерістермен және толықтырулармен бірге);

3. Фандрайзинг: Ресей тәжірибесінен хикаялар. Кейстер жинағы. 

– СПб.: ЦРНО, 2012.

4. «ҮЕҰ басқару негіздері» треннгінің материалдары. «Десента» 

ҚБ. Павлодар, 2005.

5. КЕҰ адам ресурстарын басқару. Дәрістер курсы. ЦПНКО. Мәскеу, 

2002.

6. «Кіріспе нұсқаулық», «Жұмыстан қалай босатуға болады?», «Сіз 



боссыз» мақалалары. С.Филин. Директорлар институты. Алматы, 

2003.


7. Қызметкерлер құрамын ынталандырудың психологиялық ас-

пектілері. Б.М.Мастеров, Н.Ю.Тумашкова. қаласы, баспасы, жылы 

белгісіз

8. Грантқа өтінімді қалай жазуға болады? А.Бодунген. САҒ, Мәскеу, 



жыл

*ҮЕҰ-Үкіметтік емес ұйым

*КЕҰ- коммерциялық емес ұйым


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет