Бастамашы топтан кәсіби ұйымға (құралы) «спид фонд Восток-Запад»



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата15.03.2017
өлшемі0,79 Mb.
#9851
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Б лімге қатысты сауалдар

• 

Өз ұйымыңызда қызметкерлер құрамын басқару жөнінде нен-

дей шаралар енгізуге болады?

• 

Қызметкерлерді жұмысқа уәждеу үшін сіз қандай әдістер қол-

данасыз?

• 

Өз ұйымыңызда қызметкерлер құрамын таңдауға, іріктеуге 

және жалдауға байланысты қандай рәсімдер енгізуіңіз қа-

жет?

51

8. Волонтерларды тарту мен басқару ерекшеліктері

Құралымыздың бұл бөлімі 2002 жылы коммерциялық емес ұйымдарды 

қолдау орталығы басып шығарған «КЕҰ адам ресурстарын басқару» дәріс-

терінің курсынан толығымен қайта басылып алынды. Онда сізге волонтер-

лармен ғана емес, сонымен бірге қызметкерлер құрамымен жұмыс істеуде 

жәрдемдесетін орасан зор тәжірибе жинақталған.

Қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдарда волонтерлармен жұмыс 

істеу саласының елеулі айырмасы және қызметкерлер құрамын басқарудың 

ерекшеліктері бар. Ең алдымен, бұл ерекшеліктер оларды тартуға және уәж-

деуге, басқару әдістері мен жұмысын ұйымдастыруға қатысты. Волонтерлар-

ды уәждеу айрықша қаржылық емес сипатқа ие болады. Волонтерлармен 

жұмысты коммерциялық емес ұйымдар жұмысының маңызды саласының бірі 

дейтін тұрғыдан қолдайтын ұйымдар өз мақсаттарына қол жеткізуде аса та-

банды әрі тиімді. Бұл волонтерлар – әмбебап ресурстардың қайнаркөзі бол-

ғандығынан. Волонтерлар – идеялар мен құндылықтардың иесі, дәстүрлер 

мен тарихтың сақтаушысы, жетістіктердің куәгерлері мен қатысушылары, до-

норлар мен фандрайзерлер, PR-агенттер мен өз ұйымдарын қоғам мен мемле-

кет алдында қорғаушы.



Жоспарлау

Ең алдымен ұйымыңызға волонтерлардың не үшін қажет екенін, қағидатты 

түрде олардың қажетін-қажетсізін шешіп алыңыз. Олар сіздің ұйымыңызда 

не істейді? Сіз волонтерлар жұмысы ұйымыздың мүмкіндіктерін арттырады

имиджін нығайтады, өз клиенттеріңізге қызмет аясын кеңейеді деп сенесіз 

бе? Өзіңізге келген волонтерларға командаңыздағы кім өз уақытын бөле ала-

ды? Олардың өз ұйымыңыздың алдандағы жауапкершілігін қалай тіркей ала-

сыз? Ең соңында, волонтерлармен жұмыс қанша тұрады? Жоспарлау кезеңін-

де өзіңізге волонтерлармен жұмыс істеу жоспарыңыз бен мүмкіндіктеріңіздің 

қандай екеніне, волонтерлардан қандай үміт күтетініңізге, волонтерлармен 

жұмыс істеуге арналған ресурстар көзінің қолда бар-жоғына, өзіңіздің бұл 

жұмысты аса сеніммен әрі сәтті жүргізе алатыныңызға жауап беріңіз. 

Волонтерлер бейресми қатынастар мен адамның жан жылуы, шығармашы-

лық пен жаңа идеялар, іске берілгендік пен оған сенім қажет жерде болуы 

тиіс екенін есте сақтаңыз. Волонтерлар өздерін күтукен жерде, өздерінің 

жұмыс істеуіне жағдай жасалған, жұмыс жүйесі ойластырылған әрі жолға 

қойылған, ұйымның өздерімен жұмыс істеуге шынайы ресурстары бар жерде 

қалады.


52

Іздестіру және тарту

Волонтерларды қайдан іздеп табуға болады? Жергілікті газетке мақала 

берсе қайтеді? Не болмаса, БАҚ-та кең ауқымды жарнама науқанын жүргізу 

керек пе? Бәлкім, клиенттерге, серіктестер мен достарға, туыстарға қайыры-

лу керек пе? Мүмкін, ниеттес қоғамдық ұйымдарға бару керек пе? Волон-

терларды ойластыра іздестіріңіз, қарт адамдар радиобағдарламаларды тың-

дауды ұнататыны, ал жастардың жарқын мысалдар мен мәнсаб жолымен өсу 

мүмкіндіктеріне үн қататыны қаперіңізде болсын. Волонтерларды тартудың 

негізгі нысандары мегн әдістерін қарастырып, олардың қай жағдайларда аса 

тиімді болатынын көреміз.



Волонтерларды жинақтаудың нысаны мен әдістерін таңдау

Жинақтау нысаны

Әдістері

Асқан тиімділік

Кеңінен тарту – толық 

қамту

Кітапшалар мен плакаттар 



тарату. 

БАҚ-тағы хабарландыру.

Интернет желісіндегі ақпарат.

ҮЕҰ-дармен өзара іліктестік.

Арнаулы акциялар.

ҮЕҰ шараларындағы хабар-

ландыру.

Оқу орындарында, бизнес-

компанияларда сөз сөйлеу

Кез келген жастағы, жыныстағы 

және  қызығушылықтары әра-

луан волонтерларды жинақтау. 

Кез келген волонтерлық жұмыс-

тарды атқару үшін.

Біржолғы акцияларға арналған 

волонтерлар үшін.

Волонтерлерды волонтер орта-

лықтарына, агенттіктеріне және 

қызметтеріне тарту үшін

Мақсаткерлік жинақтау.

Сол әдістердің барлығы. 

Бірақ волонтерлардың нақты 

қандай жұмыстар үшін және 

іріктеудің қандай өлшемдері 

бар екенін (мәселен, тек 

18-25 жастағы арнаулы білімі 

бар, компьютерді меңгерген 

жасөспірімдер) жарнамада 

көрсетілуі және сөздерде 

айтылуы тиіс. 

Белгілі бір міндеттері бар 

дайындалып қойған бос орын-

дарға волонтерларды жинақтау 

үшін.


Мақсатты бағдарламалар мен 

жобаларға байқаулар бойынша 

волонтерларды жинақтау үшін.

Бейінді мекемелер мен орта-

лықтарға волонтерлар жинақтау 

үшін.


Шоғырлану сақинала-

ры қағидаты бойынша 

жинақтау

Жұмыс істеп тұрған волонтер-

лық топтағы ақпарат.

Ұйымға қатыстыларға және 

достарына арналған шаралар.

Сарафандық радио.

Айрықша жауапты бос орындар-

ға волонтерлар жинақтау үшін.

Жақын айналасын тарту

Жүйенің құндылықтарына 

баулу.

Тарту пәлсапасын әзірлеу 



және қолдау.

«Тұйық жүйелер»: шіркеу қауы-

мы, мектеп, бірдейлендіру мен 

байланыстылықтың маңызы бар 

жерлер үшін.


53

Кестеден көріп отырғанымыздай, жинақтаудың әртүрлі міндеттерінде са-

налуан нысандар мен әдістерді пайдаланған абзал. Егер компьютерде жұмыс 

істейтін үш адам қажет болса, БАҚ-қа кең ауқымды ақпарат берудің қажеті 

қанша? Алайда, осы үш волонтерға қойылатын айрықша талаптар бар және 

конкурстық іріктеу жоспарланады, мұның өзі толықтай мүмкін. 

Сіздің өз ұйымыңыздың қызметіне волонтерларды немен тартуды ойлауы-

ңыз қажет. Басқалармен салыстырғанда сіздің ұйымыңыздың тартымдылығы 

неде? Егер мұндай тартымдылық болмаса, оны туғызу қажет.

Сіздің ұйымыңызда волонтерларға таратуға болатын айрықша дәсүрлер 

бар шығар. Волонтерлар үшін сіз қызықты жұмыс нысандарын, мәселен, мүд-

делер бойынша клубтарды, идеялар мен инновациялар зертханасын ұсынып 

көрерсіз. Мұнда әркімнің өз қабілеті таныла алады. Өз ұйымыңызға келген-

нен кейін волонтердың өмірінде өзгерістің болуы мүмкін екенін тұжырым-

даңыз. Мәселен, ол қандай да бір қызықты адамдармен  танысады, қандай 

білім алады? Бәлкім, сіздің ұйымыңызда волонтерларға арналған қандай да 

бір қызметтер, айрықша символика немесе арнаулы киім нысаны бар шығар? 

Волонтерларға сіздің ұйымыңыздың куәлігін иеленудің жөнді болатынын 

шешіңіз. 

Өз қызметіңізге адамдар тарту олар үшін сіздің ұйымыңызда ашылатын 

сан түрлі мүмкіндіктер болуы мүмкін. Бұл биік мақсаттарға қол жеткізуге 

тең қатысу, кәсіби өсу мүмкіндіктері, жалғыздықтан арылу, жаңа білімдер 

мен дағдыларды меңгеру. Бұл мүмкіндіктер: қамқорлық, қайырымдылық, 

мейірімділік таныту, қажет әрі пайдалы болу, жаңа достар табу және т.т. Осы 

мүмкіндіктерді анықтап алып, олар туралы волонтерларға айтудың маңызы 

зор. Біздің айналамызда көптеген пайдалы ресурстары бар адамдар жүр. 

Оларды тек қана шақырып, көмектесуін өтіну және үн қатқан жағдайда олар-

дың не алатынын көрсету қажет. Волонтерларды іздестіру мен тарту үшін 

міндетті түрде ресурстар қажет болатынын ұмытпаңыз. Бәлкім, жарнаманы 

төлеу немесе ұйым қызметі туралы бүктеме басып шығару қажет болар және 

т.т. мұның қандай ресурстар екенін және оның көздерінің қандай болатынын 

анықтау керек.



Уәждемені анықтау және іріктеу

Волонтерлар неліктен ҮЕҰ-да жұмыс істейді? Неліктен олар нақ сіздің 

ұйымыңызға келді? Осы қызметке қатысуда олардың уәждемесі қандай? 

Неліктен олар ақысыз жұмыс істеуге дайын?

Біріншіден, жасына, жынысына, кәсібіне, әлеуметтік мәртебесіне, жеке 

қасиеттеріне қарамастан адамдар пайдасын тигізгісі, яғни волонтер болғысы 

келеді. Екіншіден, әрбір адамның жеке қажеттіліктері мен уәждері бар, адам 

оны тапқанша қайдан болса да қанағаттандыру амалын іздейді.



54

Іріктеу кезеңінде сіздің міндетіңіз қажетті жұмыс үшін пайдалы волон-

терды табу. Әлеуетті волонтердың міндеті – өзіне пайдалы әрі қызықты қыз-

мет саласын табу. Осы қызығушылықтарды іріктеу сәтінде сәйкесінше ұштас-

тырған маңызды.

Волонтерлық – бұл адам үшін өзінің жеке қажеттіктерін қоғам қажеттік-

терімен қанағаттандыруды ұштастыру. Сондықтан ҮЕҰ – волонтерлықтың 

дамуы үшін ең қолайлы орта. Биік мақсаттар мен төреліктің аздығы, бейрес-

ми араласу мен жұмыстың көрнекі нәтижелері, өзін-өзі іске асырудың мол 

мүмкіндігі мен мүдделестер қолдауы – мұның бәрі белсенді адамдарды тар-

тады.

Әрбір адамды оның өмірлік құндылығы мен тәжірибесіне сәйкес өзінің 



жеке уәждемесі қимылға келтіреді. Бұл ретте адамдар қызметінің басты уәжі 

үнемі өз қажеттіктерін қанағаттандыруды қалауы болып отырады. Өз ұйы-

мызға келетін адамдардың қажеттіктері мен уәждері туралы сіз не білесіз? 

Мәселен, А.Маслоудың танымал «Қажеттіктер пирамидасы» теориясынан 

ауытқуға болады. Осы теорияға сәйкес адамның жеке басының негізгі қа-

жеттіктері бесеу: тіршілік ету, қауіпсіздік, қатыстылық, жұмыс, қызмет ету. 

Аталған қажеттіліктердің волонтерлар қажеттіліктеріне арақатынасын кес-

теден қарастырайық.



Волонтерлардың жеке және топтық қажеттіліктерінің адамның 

басты қажеттіліктеріне сәйкестігі (А. Маслоу бойынша)

Негізгі 

қажеттіліктер

Волонтерлардың жеке 

қажеттіліктері

Волонтерлардың топтық 

қажеттіліктері

Тіршілік ету (бар)

Материалдық қолдау іздеу. Қызметтер мен 

ақпарат іздеу.

Тұлғалық проблемаларды шешу қажеттігі.

Топта тіршілік етуге үміт. Ортақ 

проблемалар.

Өзара күш-жігер мен өзара қолдау.

Қауіпсіздік 

(тұрмыс)


Қауіпсіздікті іздеу. 

Борышты сезіну.

Кінәлылық сезімі.

Өз ойын білдіру қажеттілігі.

Формальды мәртебені иелену қажеттілігі

Өзара көмек. 

Қатынасудың қауіпсіздігі.

Ортақтықты сақтау.

Топтың формальды мәртебесі, таны-

малдылық.

Қатыстылық 

(ұнату)


Құрмет пен мойындауды іздеу.

Мүдделестерді, достар, ортақтықтар іздеу.

Сенімді қарым-қатынасқа қажеттілік.

Қамқорлық көрсетуді, пайда әкелуді, 

құрметке лайық болуды қалау.

Ұзақ мейірімділік, аяныш білдіру

Ортақ іс үшін мақтаныш. 

Ынтымақтылық.

Ортақ мақсаттар.

Топтық жауапкершілік.

Мазмұнды демалыс.

Қатынасудың жайлылығы, сенім 

ахуалы.

Қауымдастық арқылы рухани қағи-



даттарды білдіру.

55

Негізгі 

қажеттіліктер

Волонтерлардың жеке 

қажеттіліктері

Волонтерлардың топтық 

қажеттіліктері

Жұмыс (істеу)

Маңызды әрі мәнді нәрсеге қатыстылық.

Өмірлік және кәсіби тәжірибені іске асыру.

Өзінінің маңыздылығын тұжырымдау.

Өмірдің мәні мен қанықтылығын сезіну 

қажеттілігі.

Топтың мәдени және кәсіби өсуі.

Басқаларды жеңуге ұмтылыс.

Топтық жетістіктерді тарату қа-

жеттілігі.

Қызмет ету (өсу)

Өзін-өзі іске асыру қажеттігі. 

Кәсіби даму.

Іс-қимылы арқылы ұстанымын білдіру.

Әлеуметтік өзгерістерге ықпал ету қа-

жеттігі.

Өз идеяларын іске асыру қажеттігі.

Жаңа білім мен дағдыларды меңгеру. 

Топ мәдениетін қолдау және дамыту.

Топтың қоғамдық өзгерістерге 

ықпалы.


Инновацияларға қатыстылық, сынақ 

мүмкіндігі.

Желілерде нығаю.

Кестеден көргеніміздей, бес қажеттіліктің әрбіріне тиесілі адам мен 

топтың уәждері ұқсас. Бұл ретте уәждер жеке адамдарды күшейтуге жұмыс 

істейді. Осылайша, басты қажеттіліктерді сезініп, адамның уәждерін түсіне 

келе, біз оған өз мүдделеріне топқа қатысу арқылы қол жеткізу мүмкіндігін 

ашамыз. Бұл жағдайда әлеуетті волонтердың бірдейленген тобы өзіндік әм-

бебап ресурс болып табылады. 

Уәждемені анықтау тәсілдері сауалнама салу, тестілеу, мамандар (мәсе-

лен, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар) сараптамасы болуы 

мүмкін. Өз ұйымыңызға лайықты адамдардың уәждемесін анықтаудың тәсіл-

дерін айқындаңыз. Уәжедесін анықтай отырып, сіз іріктеуді сенімді жүргізіп, 

нәтижесінде волонтерлармен қарым-қатынас орнатып, жұмыста үлкен нәти-

желілікке қол жеткізе аласыз.

Қызметтің түрлі салалары үшін саналуан кәсіптік және тұлғалық қасиет-

тері бар адамдар қажет. Сізге жұмыстың әртүрлі түрлері үшін волонтерлар 

іріктеу қажет болғандықтан өз ұйымыңдағы іріктеудің өлшемдерін әзірлеуге 

тура келеді.

Волонтерларды кез келген іріктеу әңгімелесуден басталады. Әңгімелесу 

нысаны жеке және топтық болуы мүмкін. Волонтерларды іріктеу үшін өзге 

де әдістерді қолдануға болады: анықтама жүргізу, ұсынымдар беруді өтіну, 

жұмыстағы сынақ және т.б. Егер волонтер іріктеуден өтсе, онымен байланы-

суды кейінге ысырмай, кездесуді мүмкіндігінше тездетіп тағайындаңыз (оны 

мүмкіндікке бағдарлаңыз).

Егер сіз әлеуетті волонтердан бас тартсаңыз, онда оны қандай нысанда 

іске асыратыныңызды ойластырыңыз. Егер адам талаптарға сай келмесе, одан 

бас тартудан қорықпаңыз, асылы оған басқа жұмыс ұсыныңыз немесе басқа 

ұйымдағы жұмысқа бағдарлаңыз.

Іріктеу мен уәждеуді өткізуге жұмсалатын қажетті шығындарды қарас-



56

тырыңыз. Егер сіз жоғары деңгейлі маманды шақырғыңыз келсе, онда оның 

жұмысы өте қымбатқа түседі – немесе қаржы іздеңіз, не болмаса маманға өз 

ұйымыңыздың волонтеры болуды ұсыныңыз (солай болғанда оған жұмсала-

тын қаражатты қарастырыңыз).

Құлақтандыру және бағдарлау

Волонтер сіздің ұйымыңыз туралы не білуі қажет? Волонтердың өз ұйы-

мыңыздың мақсаттарын, міндеттері мен әдістерін, бағдарламалары мен жо-

баларын, оның жұмыс қағидалары мен стандарттарын, кімнің не үшін жауап 

беретінін түсінуіне қалай көмектесуге болады? Бұл ретте сізбен волонтерға 

оның өзі үшін лайықты белсенділік саласын таңдау қажет болады.

Ақпараттың тапшылығы мен ақпарат дауылы волонтерды үркітуі мүмкін. 

Бірінші кезекте ненің қажет екенін, ал нені тоса тұрауға болатынын қалай 

анықтаймыз? Төмендегі кестеде сіз волонтерлардың сантүрлі топтарына 

түрлі көлемнің және ақпараттың мазмұны қажет екенін көресіз.



Волонтерлердың басты топтарының бағдарлауы үшін қажетті ақ-

парат

Негізгі топтар

Негізгі ақпарат

Қолда бар өкілеттіктер 

(ұйым мүшелері, басқару 

органдарының мүшелері)

Ұйымның миссиясы.

Ұйымның тарихы.

Ұйымның жарғысы.

Ұйымның мақсаттары мен басымдықтары.

Нәтижелері мен жетістіктері.

Даму стратегиялары.

Стандарттары мен рәсімдері.

Басшылары мен мүшелері туралы ақпарат.

Бағдарламалары мен жобалары туралы ақпарат.

Серіктестері, донорлары мен демеушілері туралы ақпарат.

Жоспарлары мен есептері.

Ұйымдастырушылары 

(волонтерлық топтар-

дың, бағдарламалардың, 

жобалардың, акциялардың  

менеджерлері мен үйлесті-

рушілері)

Ұйымның миссиясы.

Бағдарламалары мен жобалары туралы ақпарат.

Ұйымның ағымдағы міндеттері.

Ағымдағы жоспарлары.

Қызметкерлер мен волонтерлар туралы ақпарат.

Волонтерлармен жұмыс істеу қағидалары.

Ұйымның волонтерға берген мүмкіндіктері.



57

Негізгі топтар

Негізгі ақпарат

Мамандар (фандрайзерлер, 

PR-агенттер, заңгерлер, 

оқытушылар, психологтар 

және т.б.)

Ұйымның миссиясы.

ҮЕҰ ұғымы туралы ақпарат.

Өңірдің, елдің қоғамдық секторындағы ұйымның маңызы мен 

орны.

Серіктестер, донорлар, демеушілер туралы ақпарат.



Стандарттар мен рәсімдер.

Клиенттер туралы ақпарат.

Орындаушылар (әлеуметтік 

қызметкерлер, диспетчер-

лер, хатшылар, жүргізушілер 

және т.т.)

Ұйымның миссиясы.

Стандарттар мен рәсімдер.

Бағдарламалары мен жобалары туралы ақпарат.

Ұйымның құқықтық өрісі мен іс-қимыл шеңбері.

Ағымдағы жоспарлары.

Қызметкерлер мен волонтерлар туралы ақпарат.

Клиенттер туралы ақпарат.

Акциялар мен іс-шаралар-

дың біржолғы қатысушы-

лары 


Ұйымның миссиясы.

Волонтерлармен жұмыс істеу қағидалары.

Ұйымның волонтерға берген мүмкіндіктері.

Ағымдағы жоспарлары.

Қызметке қатысты адамдар, 

ұйымның достары

Ұйымның миссиясы.

Нәтижелері мен жетістіктері.

Ағымдағы жоспарлары.

Мұнда біз волонтерлардың әртүрлі топтарына ақпараттың түрлі көлемі 

мен мазмұны қажет екенін көреміз. Бұл орайда, еріктілердің барлық топта-

рына, мәселен Ұйым миссиясына қажет арқаулық ақпарат болуы тиіс. Во-

лонтерлардың әртүрлі топтарына бағдарланған арнаулы ақпарат пакеттерін 

жасақтаған абзал. 

Еріктілерге ақпаратты ұсыну көлеміне қарай оларды сол немесе басқа 

қызмет түріне, оқудан өту мүмкіндігіне, басқа ұйымдардағы жұмыс істеудің 

жаңа перспективаларына және т.т. бағдарлаңыз. Нақ волонтерларға арнал-

ған өз ұйымыңыздың ақпараттық және жарнамалық өнімінің қосымша санын 

қарастырыңыз. 

Сондай-ақ волонтерларға ұйымның ағымдағы ақпаратын жеткізу әдістерін 

ойластырыңыз. Жиындар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар, миға шабуылдар, 

жаңа бағдарламалар мен жобалардың таныстырылымы – бұл әдістердің бәрі 

өз волонтерларыңыздың бәрінен хабары болуы үшін тиімді. Өз кеңсеңіздің 

қабырғаларындағы көрнекі ақпаратты да ұмытпаңыз. Ол тек іскерлік қана 

емес, команда өміріне қозғау салуы мүмкін. Қабырғалар жұмыс істеуі тиіс!

Уәждеу әдістері

Волонтерларыңыз әркез жаңа міндеттер мен жаңалықтарға пікір білді-



58

ре ме? Волонтерларға міндет жүктеу және оларға сәйкес жауаптар алу сіз-

ге қиын емес пе? Сіздің барлық тапсырмаларыңызды адамдар түсіністікпен 

және құлшыныспен атқара ма?

Әрбір адамда өзінің уәждемелік ауытқымасы болады. Ұйым көшбасшыла-

ры үшін сәттілік олардың уәждерінің волонтерлар уәждерімен сәйкес келуі. 

Бірақ, кез келген барлық жоспарланған бола алмайды. Көбіне, волонтердың 

жұмысынан ұйымға қажетті нәтиже алу үшін көп күш-жігер жұмсауға тура ке-

леді. Адамдарды волонтерлық жұмысқа уәждейтін жағдайларды қамтамасыз 

ету үшін қоғамдық ұйымдардың көшбасшылары мен мүшелері волонтерлар 

белгіліі бір жұмысты атқара жүріп, сонымен бірге жеке қажеттіктерін де қа-

нағаттандыра алатындай жағдай туғызуы тиіс.

Волонтерларды уәждеуді қаржылық емес әдістермен жүргіле алады. 

Адамның басыт қажеттіліктеріне және оларға сәйкес уәждерге бағдарлана 

отырып, осы уәждерге сәйкес қосымша уәждеу әдістерін іріктеп алу қиын 

емес. 


Төменде келтірілген кестені мұқият зерделеңіз.

Әдістер__Жеке_әдістер__Топтық_әдістер'>Бар уәждерге бағдарланып, волонтерларды уәждеу әдістері

Әдістер

Жеке әдістер

Топтық әдістер

Көмек және эмоционалдық қолдау.

Материалдық ынталандыру.

Қолдау көздеріне қатысты-лықты 

қамтамасыз ету.

Перспективалық кепілдіктерді 

көрсету

Материалдық қолдау іздеу.



Қызметтер мен ақпарат 

іздеу.


Тұлғалық проблемаларды 

шешу.


Топта тіршілік етуден 

үміттену.

Ортақ проблемалар.

Өзара күшейту және 

өзара қолдау.

Қызметтер алмасу.

Қауіпсіздік пен мәртебені кепіл-

дендіру.


Қалаулы рөлін қолдау.

«Сенім несиесі» сөзі

Нәтижелерге қатыстылықты қамта-

масыз ету.

Қауіпсіздікті іздеу.

Борыш сезімі.

Кінәлылық сезімі.

Өз ойын білдіру қажеттігі

Формалды мәртебені иелену 

қажеттігі

Өзара көмек. 

Қатынасудың 

қауіпсіздігі.

Ортақтықты сақтау.

Топтың формальды 

мәртебесі, танымал-

дылық.

Көмек сұрау.



Сенімді ашық көрсету.

Жеке еңбектер мен қадір-қасиеттерді 

мойындау.

Ықылас пен қамқорлық көрсету.

Қолайлы психологиялық ахуал мен 

жайлы қатынасты туғызу.

Бірлескен демалысты қамтамасыз 

ету.


Көтермелеу.

Жеке ерекшеліктер мен көзқарастар-

ға төзімділік таныту.

Құрмет пен мойындауды 

іздеу.

Мүдделестерді, достар, 



ортақтықтар іздеу.

Сенімді қарым-қатынасқа 

қажеттілік.

Қамқорлық көрсетуді, пай-

да әкелуді, құрметке лайық 

болуды қалау.

Ұзақ мейірімділік, аяныш 

білдіру


Ортақ іс үшін мақта-

ныш. 


Ынтымақтылық.

Ортақ мақсаттар.

Топтық жауап-

кершілік.

Мазмұнды демалыс.

Қатынасудың жайлы-

лығы, сенім ахуалы.

Қауымдастық арқылы 

рухани қағидаттарды 

білдіру.


59

Әдістер

Жеке әдістер

Топтық әдістер

Бара-бар бағалау.

Оқыту.

Орындалатын жұмыстың маңыздылы-



ғын көрсету.

Үміттерді қанағаттандыру.

Ұйым қызметіне мән мен құндылық 

беру


Тәлімгерлікті көтермелеу.

Маңызды әрі мәнді нәрсеге 

қатыстылық.

Өмірлік және кәсіби тәжіри-

бені іске асыру.

Өзінінің маңыздылығын 

тұжырымдау.

Өмірдің мәні мен қанықты-

лығын сезіну қажеттілігі.

Топтың мәдени және 

кәсіби өсуі.

Басқаларды жеңуге 

ұмтылыс.

Топтық жетістіктерді 

тарату қажеттілігі.

Тәжірибе үшін алаң беру.

Оқыту.

Өзін әртүрлі салада байқап көруге 



мүмкіндік беру.

Жеке басының таланты мен қабілетін 

ашуға көмек.

Танылу және арманының орындалуы-

на жәрдемдесу.

Өзін-өзі іске асыру қа-

жеттігі. 

Кәсіби даму.

Іс-қимылы арқылы ұстаны-

мын білдіру.

Әлеуметтік өзгерістерге 

ықпал ету қажеттігі.

Өз идеяларын іске асыру 

қажеттігі.

Жаңа білім мен дағдыларды 

меңгеру. 

Топ мәдениетін қол-

дау және дамыту.

Топтың қоғамдық 

өзгерістерге ықпалы.

Инновацияларға қа-

тыстылық, тәжірибе 

мүмкіндігі.

Желілерде нығаю.

Сіз өз жұмысыңызда осы әдістердің көпшілігін пайдалануыңыз ықтимал. 

Сіз мұны түйсік арқылы жасайсыз ба әлде ойлап барып жасайсыз ба? Уәж-

деу әдістерін ойланып әрі жоспарлы пайдалану сізге адамдарды одақтас етіп, 

олардан қажетті әрекеттерге қол жеткізуге септігін тигізеді. Уәждеу әдістерін 

пайдаланудың саналы тәсілі сіздің ұйымыңызға тіптен ұйым қызметі елеулі 

өзгерген кезде кикілжіңді болдырмауға септігін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет