Бастапқы əскери мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналғАН



Pdf көрінісі
бет29/80
Дата23.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#52111
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   80
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1. Психологияның философиямен бірлесе дамуы. 
2. Психологияның жаратылыстану ғылымдарынан бастау алуы. 
3. Ежелгі жан туралы түсініктер қандай 
4. Орта ғасырдағы жан туралы түсініктер мен көзқарастар. 
5. ХУІІІ ғасырдағы психология. 
6. ХІХ ғасырдағы психология ғылымының дамуы. 
7. Психологиялық бағыттыр мен мектептер 
8. Қазақстандағы психология ғылымының даму барысы. 
Қолданылатын əдебиеттер: 
1. АлдамуратовƏ.Жалпы психология-Алматы.,1996 
2. Ждан А.Н. История психологии.-М.,1999 
3.Психология:Адамзат ақыл-ойының қазынасы.10 томдық. 1,2,3,4 том./жетекшісі-акад. 
Ə.Н.Нысанбаев.-Алматы:Таймас,2005 
4. Ярошевский М.Г. История психологии.-М.,1985 
5.Əлемдік философиялық мұра. 20 томдық шығ. 9 том «Өмір филисофиясы».-
Алматы,2006 
6. Леонтьев А.Н.Лекции по общей психологии.-М.,2003 
3 дəріс 
Тақырыбы:Психика жəне жүйке жүйесі. 
Дəрістің мазмұны: 
1.Психика туралы түсінік. 
2. Психика дамуын бейнелеу теория тұрғысынан түсіндіру. 
3. Психиканың жаратылыстық ғылыми негізі. 
4. Сана-психика дамуының жоғары сатысы. 
5. Психикалық құбылыстар құрылымы. 
Мақсаты: Психиканың жаратылыстық ғылыми негізі – жүйке жүйесімен 
байланыстылығын жəне адам санасының психика дамуының жоғары сатысы екендігін 
түсіндіру. 
 Психика туралы түсінік. 
Психика сезім мүшелерінің бізді қоршаған сыртқы заттар мен құбылыстарға əсерлерін, 
тітіркендіруінен пайда болады. Бұл жағдай психиканың сыртқы орта мен объективтік 
шындықтың өзара шартты байланыста екнін көрсетеді. Сыртқы нəрселердің адам миына 
əсер етуі салдарынан түйсінулер мен қабылдаулар, елестер мен сезімдер, т.б. психикилық 
процестер пайда болды. Сонда, психика дегеніміз – үнемі болып отыратын қозу мен 
тежелу сияқты физиологиялық процестердің ми қабығында жасалуы. Сыртқы заттар мен 
құбылыстардың əсері мида түйсіну, қабылдау, елес тудырып, олар адамның түрлі ойлау 
əрекеттері арқылы қорытылады. Адам өзінің мақсат-мүдделеріне қарай оларға тітіркеніп, 
(икемделеді) бейімделеді. Осы жайттар психика қоршаған сыртқы ортамен қарым-
қатынасынан пайда болып отыратын күрделі бейнелеу процесі екендігін дəлелдейді. 
Адам психикасының пайда болуы, дамып жетілуі-тарихи процесс. Ол адамның 
қоғамдық еңбегі, дыбысты тілі жəне сөйлеуінің даму ерекшеліктерімен тығыз 
байланысты. Бұл психика дамуында айқықша мəнді физиологиялық құбылыс жəне адам 
тіршілігі үшін де маңызды. Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен, жүйке 
жүйесінің қызметінің байланысты болса, екіншіден, бұл бейнелеу адам санасында өз 
таңбасын, ізін қалдырып отырады да, жан дүниесінің сырына айналады. Психика идея да, 
материалдық сипаты бар зат та емес. Психика- мидың негізгі (қызметі) қасиеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет