материяның өмір сүру тəсілі, оның негізгі қасиеті.
Материя ілімінде де қозғалыс, даму
процестері жүріп жатады. Қозғалыссыз материя жоқ. Бүкіл əлем заттары, əлемнің
өзі де
мəңгілік қозғалыста болып, үнеміөзгеріп, дамып отырады.
Барлық материяға-жансыззаттардан бастап, ең жоғары дəрежеде дамыған күрделі
материя-адаммиына тəн қасиет, олардың бейнелеу ерекшелігі-материяның сыртқы əсерге
жауап беруі. Материяға тəн жалпы қасиет-биологиялық бейнелеу формасы.
Жанды
материяның белгілі бір даму сатысында психика пайда болады. Бейнелеудің жаңаша түрі
туады. Ал материяның биологиялық дамуы тіршіліктің пайда болуымен байланысты.
Эволюциялық даму нəтижесінде тірі организмдер сыртқы жағдайлардың əсерін
тітіркеніп, бейнелеудің бірнеше түрлері шығады. Организмнің мұндай бейнелеу қасиетіне
қарай əлсіз
тітіркенуден бастап, бейнелеудің күрделі түрлері болып саналатын түйсіну,
қабылдау, ойлау, т.б. сияқты формалары пайда болды.
Сана-психика дамуының жоғары сатысы.
Психиканың адамға тəн
жоғары дəрежеде дамуын сана деп атайды.
Адам санасының дамуы тек қана биологиялық құбылыс емес, сонымен қатар əлеуметтік-
тарихи заңдылық. Сана-адамның қоғамдық тарихи дамуының
жемісі сондықтан сананың
даму процесі, оның əр көрінісі адамзат қоғамы дамуының барысымен байланысты тарихи
жағдайлармен анықталады. Жеке адамсанасы мен қоғамдық санадиалектикалық бірлікте.
Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды жəне
адамзат жинақтаған
білімді меңгереді, айнала құбылысты өзгете де қайта жасайда алады.
Сананың ерекше қасиеттері:
1.-ден – сананың тарихи сипаты
2.-ден – адамның айнала қоршаған дүниені
тануындағы тарихи, онтогенетикалық жəне
индивидуалды – гностикалық бірлік
3.-ден – адам санасының мақсат-бағдарлы жəне белсенді сипаты
4.-ден – адамның өзіндік сана сезімдік сипаты
5.-ден – ақиқаттың адам санасында жалпы жəне жанама бейнеленуі.
Достарыңызбен бөлісу: