Бастапқы əскери мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналғАН



Pdf көрінісі
бет32/80
Дата23.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#52111
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   80
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
 1. Психика дегеніміз не. 
2.Психиканың бейнелеу теориясы дегеніміз не. 
3. Психиканың жүйке жүйесімен байланыстылығы 
4. Сананың қызметі мен қасиеттері. 
5. Психикалық құбылыстар дегеніміз не. 
6. Психикалық процестер. 
7. Психикалық қасиеттер. 
8. Психикалық кейіп. 
9. Психикалық білім. 
10. Жүйке жүйесі қызметіне қарай адам типтері. 
Əдебиеттер: 
1. Алдамуратов Ə.Жалпы психология.-Алматы.,1996 33-59, 75-91 беттер 
2. НамазбаеваЖ.И.Психология.-Алматы.,2005 40-81беттер 
3. Лурия А.Р. Лекции по общей психологии.-Питер.,2004
4. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.-М.,1981 410-435 стр 
5 Сəбет Бап-баба Жалпы психология.-Алматы.-2003 37-69 б. 
4 дəріс 
Тақырыбы:Жеке адам жəне іс-əрекет психологиясы. 
Дəріс мазмұны: 
1.Жеке адам туралы түсінік жəне оның психологиялық құрылымы. 
2. Жеке адамның дамып қалыптасуына əсер етуші факторлар. 
3. Жеке адамның бағыт-бағдары,қажеттілігі,дүниетанымы жəне мотивтер сферасы. 
4. Іс-əрекет туралы жалпы түсінік. 
5. Іс-əрекеттің түрлері. 
Мақсаты: 
Жеке 
адамның 
психологиялық 
құрылымы 
мен 
бағыт 
бағдары,қажеттілігі,дүниетанымы жəне мотивтер сфеорасымен таныстыру. Жеке адамның 
дамып ,қалыптасуына əсер етуші факторлар мен адам өмірінде іс-əрекеттің маңызы 
 Жеке адам туралы түсінік. 
Адам бір жағынан қарасаң саналы ойлауға жəне сөйлеуге қабілетті еңбек етіп, сыртқы 
ортаны танып, жəне оны белсенді түрде өзгерте алушы биологиялық ақза болып 
табылады. Екінші жағынан, адам ол қоғам мүшесі. Ол адамға тəн басты белгі, себебі 
қоғамдық қарым-қатынастар адамның биологиялық қасиетін өзгертіп, дамытады. 
Психологияда адам түсінігінен басқа да “индивид”, “тұлға”, “индивидуалдық”, “жеке 
адам” ұғымдары қолдануда. 
Индивид – адамды биологиялық тұрғыдан қорғау. Индивид дегеніміз өзіне тəн барлық 
ерекшеліктермен бірлікте алынған нақтылы адам. 
Əр адамның өмірімен іс-əрекеті, тəрбиесі, білімі əртүрлі жəне қайталанбас өзін тəн 
белгілерімен психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығын “индивидуалдық” деп 
атайды.“Тұлға” жəне “жеке адам” түсінігінің мəні адамның əлеуметтік қоғам мүшесі 
екендігін білдіреді. 
Жеке адам қоғамдық ғалымдар объектісі. Тарих, философия, социология (əлеуметтану) 
этика, эстетика, психология, педагогика т.б.Жеке адам – қоғамда белгілі бір жағдайға ие 


жəне белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Роль дегеніміз – жеке 
адамның атқаратын əлеуметтік қызметі. Жеке адамның позициясы дегеніміз – оның 
қатынастарының жүйесі. Ол қатынастар: өмірді материалдық жағдайларына, қоғамға жəне 
адамдарға, өзіне, алдына қойған мақсат-міндеттерге т.б. Жек адамның өзіне тəн негізгі 
құрылымы: қабілеті, темпераменті,мінезі, еріктік, сапалық қасиеттері, эмоциясы
мотивациясы, жəне əлеуметтік құрылымы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет