Бастапқы əскери мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналғАН


Жеке адамның психологиялық құрылымы



Pdf көрінісі
бет34/80
Дата23.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#52111
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   80
Жеке адамның психологиялық құрылымы. Жеке адамның психологиялық 
құрылымы күрделі тұтастық. Олар: 
-адамның психикалық қасиеттері (бағыттылығы, мінез, темперамент. қабілет) 
-өмірлік тəжірибе 
-психикалық жағдайлар 
-психикалық процестердің индивидуалды ерекшеліктері 
Психологиялық құрылымның келесі бір сферасы бойынша:-интелентуалды – танымдық; 
эмоционалды-ерікті; 
қажеттілік, мотивтері ;психомоторлы; 
Адамның психологиялық құрылымында орталық негізі – қажеттіліктерінің мотивтер 
сферасы мен бағыттылық əр алуан қасиеттерден өзара байланысты қажеттіліктер мен 
мүдделер, мінез-құлық мотивациясы жүйесінен құрылады. 
Жеке адамның психологиялық құрылымын зерттеушілер өкілдері: 


К.К.Платонов, А.Г.Ковалев, С.Л.Рубинштейн жəне шетелдік психология өкілдері: 
З.Фрейд, 
Э.Фромм, 
Э.Берн, 
А.Маслоу, 
К.Родижерс 
жəне 
т.б.Жеке 
адамның 
психологиялық құрылымын жалпы топтастырып қарастырсақ 4 топқа бөлуге болады. 
1.Жеке адамның əлеуметтік өмірге қатысты ерекшеліктері: қызығу, ынта, талаптары, 
мақсат-мұраты, дүниетанымдық көзқарас, сенім жəне адамгершілік қасиеттері. 
2. Адамның білімдері мен дағдысы, биімділігі қабілеті. Бұлар адамның даралық 
қасиеттері мен өзіндік даму деңгейін, тəлім-тəрбие негізінде қалыптасқан тəжірибесін 
көрсетеді. 
3. Жеке адамның өзіндік психикалық процестері. Олар зейін, ойлау, қабылдау, ес, 
сезім, ерік, т.б. процестер. 
4. Жеке адамның биологиялық тума қасиеттері, жоғары жүйке жүйесі қызметі, 
темперамент, адамның жас жəне жыныстық ерекшеліктері. 
Жеке адамның қызығуы. 
Қызығу – шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге 
бағытталған адамның тұрақты жеке ерекшелігінің көрінісі.Қызығулар мазмұнына
бағытына қарай: материалдық, қоғамдық, рухани, кəсіптік, эстетикалық, оқырмандық, 
спорттық, танымдық жəне т.б. болып бөлінеді.Адамның қызығу саласындағы 
ерекшеліктері əр түрлі. Бұл ерекшеліктер адамның іс-əрекетіне, көзқарасы мен талғамына, 
мұраты мен мүддесіне байланысты. 
Қызығу – дегеніміз жеке адамның объектіге, оның өмірлік мəні мен эмоциялық 
тартымдылық күшіне қарай таңдамалы қатынасы. 
Индивидтің қызығуы объектінің ерекшелігімен индивидтің өзінің психикалық 
санасына (мəдениетіне, тəрбиелілігіне, қабілетіне жəне мінез-құлқына) байланысты болса 
да сонымен қатар қоғамдық психологияға да байланысты. Қызығу қоғам дамуының əрбір 
тарихи кезеңіндегі жалпы адамзаттың мүдде мен рухани мəдениеттің дамуы жəне 
əлеуметтік қатынастарға да байланысты болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет