Бастапқы əскери мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналғАН


Басқару ісінің жалпы психологиялық мəселелері



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата31.03.2017
өлшемі0,6 Mb.
#10875
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

   Басқару ісінің жалпы психологиялық мəселелері. 

Адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  орнатудың  мынандай  ерекшеліктерін  қарастыруға 

болады: 

    1  –  ші  жетекшінің  жеке  басына  қойылатын  талап-тілектер  мен  оның  психологиялық 

бейнесі. 

    2  –  ші  басқару  жұмысының  жүйесі  мен  стилі  жəне  адамдар  мен  топ  ішіндегі 

психологиялық ахуал. 

    Жетекшінің немесе басқарушының өзіндік тəсілі дегеніміз-сол адамның істелетін істер 

мен  атқарылатын  қызметтерді  қалайда  жүзеге  асырып  отырудағы  біліктілігі  мен  өзіндік 

əдіс-тəсілдерді қолданып отыруы. Басқару ісіндегі жетекшінің басшылық қызметі өзіндік 

əдіс-сипатымен ерекшеленеді. Жетекшінің басқару қызметіндегі өзіндік тəсілі оның жеке 

басына  тəн  психологиялық  өзгешеліктері  болып  саналатын    мінезіне,  темпераментіне, 

ықылас ынтасы мен қабілетіне байланысты түрліше болады.   

    Басқарушы  адамдардың  даралық  ерекшеліктеріне  сəйкес  оларды  психологияда 

мынандай үш типке бөліп қарастырады: 

    1. басқару ісінде демократияшыл тəсіл; 

    2. авторитарлық (əміршіл) тəсіл; 

    3. ымырашыл тəсіл. 

Басқару ісіндегі демократияшыл тəсіл бойынша ұжымды басқару ісі көпшілік талқысына 

салынып, тиісті шешім мен бұйрық сонан кейін ғана қабылданады. 

Басқару  ісінде  ымырашыл  жетекшінің  іс-əрекетінде  бір  жағынан  алғанда,  тұрақсыздық 

пен  бей-берекеттік  орын  алатын  болса,  ал  екінші  жағынан  қарағанда,  ондай  жетекшінің 

жұмысты ұйымдастыруға қабілетсіз екнін көрсетіп, əрбір іске немқұрайлы қарайды. 

 Менеджердің іс əрекетіндегі басқармалық ықпал. 

Өз  қол  астындағыларға    мақсаттылы,  əрі  тиімді  түрде  ықпал  етудің  жалпы  потенциялды 

қабілеті үш блок білімдерді меңгерудің нəтижесінде қалыптасады: 

    - Басқармалық  ықпалдың мазмұны мен спецификасы туралы білімдер. 

    - Психологиялық ықпалдың негізгі тəсілдері туралы білімдер. 

    - Ықпал етілетін адамдардың индивидуалды ерекшеліктері туралы білімдер. 

Ықпал етудің екі деңгейін бөліп көрсетеді: когнитиві жəне эмоционалды. 

Негізгі ықпал етудің тəсілдері: Иландыру,  еліктеу,  сендіру. 

    Менеджерлердің тұлғасы мен оның іс əрекетінің индивидуалды стилі. 


Менеджерлердің  жеке  адамдық  қасиеттерін  зерттеудегі  психологияда  басқару  мен 

жетекшілік  ету  (лидерлік)  мəселелері  бөлінеді.Басқару  мен  лидердің  қасиеттері  бір 

адамның  бойынан  табылған  кезде,  идеалды  вариант  алынады.  Басқарушы  –  лидер: 

қиыншылықтар  мен  мəселерді  қабылдай  алу  қабілеті,  ұйымдастырушы  бола  білу, 

сезгіштік  пен  көрегендік,  өзін  -өзі  көрсете  білу  ыңғайы,  эмоционалды  –  психологиялық 

ықпал ете алу, оптимизм қасиеттерімен сипатталады. 

    Басқару  стилі  –  бұл  басқарушының  өзіне  тəн  басқару  жүріс  –  тұрысына  əкелетін 

тəсілдер,  əдістер,  ықпал  ету  формаларының  тұрақты  жүйесі.  Басқарудың  классикалық 

3стилін  атап  көрсетеді:  авторитарлық  –  күшпен  бағындырушы  əдістермен  басқару. 

Демократиялық,  яғни  бірлесе  отырып  талқылау  мен  шешім  қабылдау.  Бос  жіберушілік, 

яғни шын мəніндегі басқару жоқ, формальды түрде ғана бар. 

    Менеджердің іс əрекетіндегі топтық құбылыстар мен процестерді басқару. 

Əлеуметтік  ұйым  басқаруда  құрылым  жəне  жүйе  ретінде    қарастырылады.  Ұйым  –  іс-

əрекеті  саналы  түрде  бірлескен    іс-əрекетті  тəртіптеу  үшін  жəне  ортақ  мақсаттарға  жету 

үшін басқару субъектісімен координацияланатын индивидтердің бірігуінің спецификалық 

формасы.  Мұның  барлығы  топтық  динамика.  Топтық  динамика  –  бұл  ұйымның 

тіршілігінің  бүкіл  циклін  сипаттайтын  топтың  ішіндегі  əлеуметтік  –  психологиялық 

процестер  мен  құбылыстардың  жиынтығы  мен  ондағы  жүріп  жатқан  психологиялық 

өзгерістер;  бұл  жекеленген,  сонымен  бірге  топтық  мүдделер  мен  қажеттіліктерді 

қанағаттандыру  мақсатында  өзара  тəуелділік  пен  өзара  ықпал  ету  негізіндегі  ұйым 

мүшелерінің  өзара  əрекеттесу  процесі.  Топтық  динамика  келесі  құбылыстар  мен 

процестерде  көрінеді:  басқару  мен  лидерлік,  топтық  шешімдерді  қабылдау,  топтық 

нормалар мен құндылықтарды жасау, жұмылу, топтық қысым, қақтығыстар жəне т.б. кез 

келген топ өзінің даму барысында бірнеше сатыдан өтті: 1)танысу, 2)жанжал, 3)жетілген 

топ, ыдырау немесе жаңа сапаға өту. 

Өндірістік жанжалдар, олардың түрлері. 

Жанжал  түсінігі  жəне  анықтамасы,  жанжалдың  талдауы  жəне  сипаттаудағы  негізгі 

категориялар.Жанжалды  сипаттайтын  категориялардың  проблемалық  алаңы  оның 

құрылымы жəне динамикалық сипаттамалардан тұрады. 

    Жанжалдың  құрылымдық  сипаттамасын  келесі  жүйелік  компоненттер  жатады: 

жанжалға  қатысушылар  (жақтар),    оның  жағдайы  (пайда  болуы  жəне  өтуі),  жанжал  пəні, 

қатысушылар əрекеті,  жанжалдың аяқталуы. 

    Жанжалдың динамикалық сипаттамасы   жанжалдың дамуын көрсетеді  жəне жанжалда 

не болады  (процестер) жəне қалай пайда болады (осы процестердің регуляторлары) деген 

сұрақтарға жауап іздейді. 

ғыс түрлері жəне оның оларды түсіндіретін психологиялық концепциялар. 

1.  Жеке адамдар арасындағы жанжал. 

2.  Интерперсоналды жанжалдар. 

3.  Топ аралық жанжалдар. 

    Конфликтология  өзінің пайда  болуынан  бері  практикалық  –  бағдарлық  сипатта  болды, 

жанжалды шешу міндеттерін қарастырды. 



Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 

    1. Топ,топтың түрлері. 

    2. Топтағы əлеуметтік-психологиялық ахуал. 

    3. Ұжымды басқарудың əлеуметтік-психологиялық жақтары. 

    4. Ассоциация,корпорация түсініктері. 



    5. Басқару стилдері. 

    6. Менеджер іс-əрекеті. 

    7. Жанжал,жанжал түрлері. (конфликт). 

Əдебиеттер: 

    1. Морозов А.В. Социальная психология.-М., 2003 

    2. Реан А.А. Психология личности.-СПб.,2004 

    3. Столяренко Л.Д.Основы психологии.-Ростов н/Дону,2003 

    4. Гришина Н.В. Психология конфликта.-СПб.,2000 

    5. Андреева Г.М. Социальная психология.-М.,2002 

Тақырыбы:    Психология ғылымының даму тарихы. 



Дəріс мазмұны: 

            1.Психогияның философия жəне жаратылыстану ғылымдарымен бірлесе дамуы. 

           2. Ежелгі психология. 

           3.  Орта ғасырдағы жан туралы ілім. 

            4.   ХУІІІ  жəне ХІХ ғасырлардағы психология ғылымының дамуы. 

            5.   ХХ ғасырдағы психология 

            6.   Қазақстанда психология ғылымының даму барысы. 

  

 Мақсаты: Психология ғылымының даму тарихымен,даму кезеңдерімен таныстыру. 

 

 Психологияның философия мен жаратылыстану ғылымдарымен бірге дамуы. 

Ерте заманнан бастап адам баласының назары ақыл-ойы айналасындағы дүниенің сырын 

танып  білумен  бірге  өз  денесінің,  ішкі  дүниесінің,  ақыл-ойы,  іс-əрекеті  мен  тіршілік 

бейнесінің құпия сырларын білуге ұмтылған. 

    Ертедегі  Шығыс  елдерінде,  сонан  соң  Ежелгі  Грецияда  адамның  тəнімен  жанының 

сырын  білуге  мəн  берілді  Пəн  атының  өзіде  грек  тілінен  аударғанда  психология  –  жан 

туралы  ғылым  (псюхе-“жан”,  логос-“ғылым”)  дегенді  білдіреді.  Кең  тараған  түсініктерге 

жүгінсек,  алғашқы  психологиялық  көзқарастар  діни  ұйымдарға  байланысты.  Ежелгі  грек 

философтарының  алғашқы  тұжырымдары  діни  –  мифологиялық  көзқарастарға  қарсы  

дами бастады. Осыдан жан туралы зерттеулер мен түсініктер психология пəні дамуының 

алғашқы    кезеңі  болуы  да  психология  “жан”  туралы  ғылым  деп  танылды.  Əр  тарихи 

дəуірде  ғылымдар  бұл  сөз  мағынасын  түрліше  түсіндірді.  Психика  мəніне  байланысты 

көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы философияның өзекті мəселесін материя мен сана, 

заттың жəне рухани болмыстардың ара қатынасын шешуге тəуелді болды. Осы мəселенің 

шешімін  табуда  бір–біріне  қарсы  философия  бағыттары  –  идеализм  мен  материализм 

пайда  болды.  Идеалистер  психиканы  болмыс  бастауы,  өз  бетінше  жасайтын,  материяға 

тəуелсіз,  белгісіз  бір  зат  деп  қарастырды.Ал  материалистік  танымда  психика  –  туынды, 

материяға тəуелді құбылыс. 

      Ертедегі  Қытай  медицинасы  мен  ежелгі  Үндістан  дəрігерлері  адамның  тəні  мен 

психикалық  тіршілігінде  қан  айналу  процесінің  жəне  жүрек  қызметі  мен  организмдегі 

түрлі  сұйықтықтардың  құрамына  байланысты  пайымдаулары  келесі  дəуірлерде  Вавилон, 

Мысыр,  Қытай,  Үндістан  жəне  ежелгі  Шығыс  елдерінде  жалғасты.  Бұл  түсініктер  адам 

психикасының даму туралы заңдылықтардың бір арнаға бағыттала бастағанын көрсетеді. 

Осындай  тарихи  жағдайлар  адамның  жан  дүниесіне  қатысты  мəселенің  ерте  кезде  де 

адамзат  мəдениетінің,  дүниетанымы  мен    білімінің  философиялық  жүйесін,  табиғат 

жайындағы мəліметтер мен адам психикасының өзіндік сипаттарын білдіретін ізденістер. 

Психология  тарихын  зерттеген  ғалымдар  бұл  пəннің  практикалық  маңызы  мен  ғылыми 

білімдер  жүйесінде  алатын  орнын  оның  философия  мен  жаратылыстану  ғылымдарынан 

бастама алғандығын түсіндіреді. Бұл – объективтік шындық жəне ғылыми тұжырым. 

 Ежелгі  психология.    Адамдар  өздері  тіршілік  ететін  ортамен  айналадағы  заттар  мен 

құбылыстарды өзіндік жан болады деген. Мұндай ұғым анализм (латынша “анима” – жан 

деген сөз)  деп аталады.  

Ежелгі  грек  жұртының  ғұламалары  –  Гераклит  (б.з.д.  VI  ғ.)    Демокрит  (б.з.д.  V  ғ.)  жан 

табиғаттың бір бөлігі, ол сол табиғат заңына бағынбайды деген пікірді қолдады Демокрит 

психиканы  (жанды)  оттың    атомдарындай  қозғалмалы  қасиет  деп  санады.  Сонда  жан 

туралы  алғашқы  ілім  –  психиканы  адам  пəнінің  қасиеті  деген  материалистік  түсінік 

дамуымен    қатар  Платонның  (б.з.д.  427  –347  ж.ж.)  жан  мəңгілік  нəрсе,  ол  өлмейді, 

өшпейді деген идеалистік бағыты дамыды. 

    Ежелгі дүние тарихында айрықша орын алатын энциклопедист ғалым Аристотель (б.з.д. 

384 – 322 ж.ж.) психологиялық ой-пікірді табиғи негізде түсіндіріп, психика туралы ілімді 

тереңірек зерттеп “Жан туралы” деген еңбек жазды. 

    Гераклит  пен  Демокриттің,  Платон  мен  Аристотельдің  жан  туралы  көзқарастары 

психологиялық ілімнің дамуына ғылыми негіз болды. 

Сонымен  қатар  ежелгі  психологияда  Римнің  көрнекті  ойшылдары  Лукреций  (б.з.д.I  ғ.), 

Гален (б.з.д.II ғ.) жан туралы ілімнің табиғи негіздерін қарастырса, грек ойшылы Сократ 

(б.з.д.470-3  99  ж.ж.)  адам  жаны  тəніне  тəн  жəне  ол  ақыл-ой  арқылы  реттеліп  отырады 

деген түсініктер жасаған. 



Орта  ғасырдағы  жан  туралы  ілім.    Орта  ғасырда  Аристотельдің  жəне  басқа  да 

ғалымдардың  идеалары,  ашқан  жаңалықтары,  ой-пікірлері  жаңа  сипат  алып,  аты  əлемге 

əйгілі Əбу Насыр əл – Фараби (870 – 950 ж.ж.), жəне Əбу Али ибн Сина (980 – 1037 ж.ж.) 

Ибн Ронед (1116 – 1198 ж.ж.) жəне т.б. орта ғасырлық ғұламалардың зерттеулері арқылы 

адамның жан дүниесі жайындағы ілім дами түсті. 

Араб ғалымы Ибн əл – Хайсам (965 – 1039 ж.ж.) Иранның дəрігер ғалымы Закария Рази 

(865  –  925  ж.ж.)  еңбектерінде  адам  дүниесі  жайлы  сол  кезеңдегі  ғылыми  жетістіктерге 

сүйеніп  тəжірибелік  жақтары  мен  психофизиологиялық  идеаларын  ұсынды.  Психология 

ғылымының  тарихында ғасырдың алатын орны ерекше. 

Бұл кезеңде Европа ғалымдары да психология ілімі жайында жаңаша пікір көзқарастарды 

дамытып  ғылымда  тəжірибелік  зерттеулерге  негіздеді.  Психологиялық  ілімді  дамыту 

жолында  мұндай  көзқарастарды  қолдағандар:  ағылшын  ғалымы  Френсис  Бэкон  (1561-

1626  ж.ж.)  Декарт  (1596-1650  ж.ж.)  Т.  Гоббс  (1588-16189  ж.ж.),  Б.  Спиноза  (1632-1677 

ж.ж.)Г.Лейбниц (1646-1716 ж.ж.) Дж. Локк (1632-1704 ж.ж.) т.б. 



 XVIII  ғасырдағы  психология.  XVIII  ғасырда  психология  ғылымының  дамуына  физик 

И.Ньютон  мен  физиолог  ғалым  А.Галлердің  зерттеулері  негіз  болды.XVIII  ғасырдағы 

психофизикалық  құбылыстардың  мəнін  ашу  енді  психофизиологиялық  мəселелерге 

ауысып,  түрлі  психикалық  процестардің  сыры  жүйке  жүйесінің қызметімен  байланысты. 

Олардың  ішінде  Швейцария  ғалымы  А.  Галлердің  бағдары  психиканың  пайда  болуында 

жүйкелік  процестер  бірінші,  ал  түрлі  ойлар  мен  идеялардың  өзара  байланысты  түрде 

туындауы  екінші  кезектегі  құбылыс  деген  көзқарасты  ұсынып,  психологиядағы 

эмпиристік бағытты қолдады. 

Ньютон  мен  Локк  ассоциативтік  психолгияны  механикалық  жəне  сексуалистік 

көзқарастарға  негіздей  отырып  зерттеді.      XVIII  ғасырдағы  ассоциация  детерминистік 

сипатта болды.Психология тарихында ассоциацияны жалпы категориялық ұғым деңгейіне 

тұңғыш  дəріптеуші  –  ағылшын  дəрігері  Гартли  (1705  –  1757  ж  ж).  Ол  психологиялық 

процестердің  барлығы  ассоциацияға  сүйенеді  деп  түсіндірді.  “Адамды  бақылау”  деген 

еңбегі  (1749  ж)  ассоциациясының  өзекті  ілім  болып  қалыптасуына  бастама  болды  жəне 

Гартли теориясы  XVIII ғасырдағы ассоциациялық материалистік ілімнің негізі болды. 

 XIX  ғасырдағы  психология.  XIX  ғасырдың  бірінші  жартысы  –  психологияның 

тарихындағы  елеулі  кезең  болды.  Бұл  аралықта  рефлекторлық  теорияға  негізделген 

ассоциациялық бұрынғы концепция матералистік тұрғыдан нығая түсті, оның субстрамы 

мен ішкі бейнесінің санаға айналуын  Т.Браун (1778 - 1820), Джемс Милль (1778 - 1830), 

Дж. Ст. Ммилль (1806 - 1873) сияқты зерттеушілер. 

    Ассоциялардың  жасалу  барысы  биология  мен  жүйке  физиологиясын  зерттеу 

нəтижелерімен  анықталды.  Г.Гельмгольц  (1821  -  1894)  ассоциацияның  жасалуын  сезім 

мүшелерінің қызметі деп санаса, ал Ч. Дервин ассоциацияны  эмоция арқылы түсіндірді. 

Орыс физиологы И.М.  Сеченов (1829 –1905 )  ассоциацияның физиологиялық негізін бас 

миы  рефлексінің  қызметімен  ғылыми  тұрғыдан  дəлелдесе,  Г.Спенсер  (1820  -  1903)  оны 

психиканың    филфенездік  дамуымен  ұштастырып,  жалпы,  психика  дамуы  мінез  – 

құлықтың өзгеруіне бейімделеді деді.  

    XIX    ғасырда  адамның  жан  жүйесін  зерттейтін  ғылым  сапалық  жаңа  мəнге  ие  болды, 

адамның  табиғатпен,  қоғаммен  тығыз  қатынаста    болып,  оған  үнемі  бейімделіп 

отыратындығы  нақтылы  іс  -  əрекеттер  арқылы    жүзеге  асып,  оның  шынайы  мəні 

айқындалды.  Ғылымның  мұндай  жетістіктері  психологияны  дербес  пəнге  айналдырды, 

оның  өзіндік  мақсат  –  міндеттері  мен  зерттеу  əдістерін  анықтады.Психологияның    XIX 

ғасыр  ортасында дербес ғылыми пəнге айналуының табиғи – ғылыми негізі – физика мен 

химия, физиология мен биология, дарвинизм мен рефлекс туралы ілім, сезім мүшелерінің 

психофизиологиясы мен психофизикалық зерттеулердің нəтижелері. 

Бұл  пəннің  тəжірибелік  ғылым  ретінде  бой  көрсетуін  бірқатар  зерттеулерге  жəне 

теориялық  көзқарастарға  сүйене  отырып  баяндаймыз.    Мəселен,      1)  В.Вундт  жəне 

Ф.Брентано  (1838  -  1917)  көзқарастарындағы  психикалық  құбылыстардың  əуел  бастаған  

“өзінше пайда болуы”  деген пікірлердің дəрменсіздігі;  2) И. М. Сеченов зерттеулерінде 

организм  мен  оның  тіршілік  ортасы  өзара  қатынасы  –  алғашқы,  ал  психикалық  

құбылыстардың  сол  қатынастардан  туындайтыны  –  нəтиже  деп  саналуы.  Сөйтіп, 

Сеченевтың  материалистік    бағыт  ұстап,  оның  сол  кездегі  қоғамдық  тарихи  жағдайға 


тəуелді  деп  қарастырылуы;      3)  психиологияның  дербес  тəжірибелік  ғылым  болып 

қалыптасуына тірек болған  көзқарастардың  философиялық жəне биологиялық негіздері;                     

4) əр кезеңде тарихи жағынан қалыптасқан, психологиялық бейнелеудің мəнін білдіретін 

организмнің  биологиялық  құрылымы;      5)организмнің  бейнелеу  қасиеті  жайындағы 

аристотельдік,  декарттық жəне дарвиндік зерттеу нəтижелері. 

 Психология  ғылымының  дамуындағы  бағыттар  мен мектептер. 

    Психологияның дамуындағы түрлі бағыт – бағдар мен түрлі ағымдағы мектептер де бұл 

пəннің  сан  алуан  мəселелерін  əрқилы  көзқарастар  тұрғысынан  қарастырады.  Олардың 

негізділері  мыналар:  Э.Титченер  негізін қалаған  құрылым  психологиясы  (көрнекті  өкілі – 

В.Вундт. Бұл мектеп сананың құрылымын тəжрибелік тұрғыдан іздестіруді мақсат етті);                

Вюрцбург мектебі (Батыс Европа мен АҚШ-та кеңінен таралды. Психикалық процестерді 

тəжірибелік зерттеулер арқылы  анық 

талдады. Көрнекті өкілдері: К.Марбе, И.Орт, А.Майер, Г.Уотт, А.Мессер, Н.Ах, К. Бюлер, 

О.Зельц). Бұл мектептің негізі Германияда қаланды. 

     Американдық  психологиядағы  функционализм  ағымы.  Негізгі  мақсаты  –  

психология  ғылымының  жетістіктерін  тəжірибеде  қолдана  отырып,  адамның  мінез  – 

құлқын зерттеу. Бұл ағымның көрнекті өкілінің бірі Р.Вудвортс (1869 – 1962) болды. 

      Бихевиоризм  –  ХХ  ғасырдағы  психология  ғылымын  сипаттайтын    американдық 

бағыт.  Ол  адамның  құлқын  жете  қарастырады  да,  сананы  негізгі  зерттеу  объектісі  деп 

санамайды. Бихевиоризмнің іргесін  қалаушы Эдвар Торндайк (1874 -1949). 

      Гештальт  –  психология  –  Германиядағы  психологиялық  мектеп.  Оның  негізін 

қалаған  Макс  Вертгеймер  (1880  -  1943).”Гештальт”  немісше  –  тұрпат,  түр,  форма, 



құрылым.  Қазақша  құрылым  психологиясы  деп  алып  отырмыз.  Бұл  мектептің  мақсаты  – 

жеке психикалық процестердің құрылымын тəжірибе жүзінде зерттеу. 



    Фрейдизм.    Бұл  –  Австрия  ғылымы  З.Фрейд  (1856  -1939)  есіммен  аталатын  бағыт. 

Зерттеу ілімі  психоанализ деп аталады. 

     ХХ  ғасырдың  30  –  40  жылдарында  капиталистік  елдерде  бихевиоризмнің  психология 

ғылымының  даму  тарихында  өзіндік  бағыт  –  бағдары  жəне  ғылыми  маңызы  бар  



когнитивтік  бихевиоризм    (адамның  ішкі  дүниесін  зерттеп,  танып  білу),  гипотезалық  – 

дедукциялық  бихевиоризм  (психологияның  даму  қисынын  зерттеу),  операнттік 

бихевиоризм    жəне  неофрейдизм    тəрізді  жаңа  бағыттары  пайда  болды.    Неофрейдизм 

(көрнекті  өкілі  –  Х.Корни,  1885  -  1953)  –  биологиялық  еліктеудің  əлеуметтік 

факторлармен  байланысын  психологиялық    тұрғыдан  зерттесе,  ал  американ  психологы 

Курт Левин (1890 - 1974) адамдардың белгілі бір топтарының қозғаушы күштерін, ондағы 

адамдардың өзара қарым – қатынасын қарастырып, “өріс” теориясын жасады. Бала ақыл – 

ойының  дамуын,  оның  ойлауы  мен  сөйлеуін  т.б.  мəселелерді  бір  жүйемен  қарастырған 

біздің заманымыздағы көрнекті психолог маман – швецариялық Жан Пиаже (1896 - 1980).   

Кеңестік психологияның дамуы. 

     Ресейде  психологиялық  ой  –  пікір,  негізінен,  екі  түрлі  бағытта  өрістеді.  Оның  бірі  – 

бостандық  жолындағы  жалпы  халықтық  қозғалыстағы  сана  –  сезімнің  дамуы,  екіншісі  – 

ресми  идеология.    И.М.Сеченевтың  “Бас  миының  рефлексі”  деген  еңбегі  Ресейдегі 

психология  ғылымының  дамуы  үшін  жартылыстық  –  ғылыми  негіз  болды,  сөйтіп, 

материалистік  психологиялық  ой  –  пікірдің  дамуына  күшті  ықпал  етті.  Сонымен  қатар, 

Қазан  төңкерісіне  дейінгі  Ресейде  Г.И.Челпановтың  (1862  -1936),  кеңестік  кезеңде  В.М. 

Бехтеревтің 

(1857 


1927), 


И.П.Павловтың 

зерттеулері, 

Н.Е.Введенский 

мен 


А.А.Ухтомскийдің  рефлекске  байланысты  ашқан  жаңалықтары  психологияның  табиғи  – 

ғылыми негізін одан əрі өрістетуге жол ашты   Кеңестік дəуірде психология  ғылымының  

іргесін  қалауға  П.П.Блонский,  В.Я.Струмлинский,  К.Н.Корнилов,  Б.М.Теплов  т.б.  үлес 

қосты. Психика дамуын əлеуметтік тарихи – мəдени теория тұрғысынан зерттеп, көптеген 

еңбек  жазған        Л.С.  Выготский  (1896  -  1934),  іс  -  əрекет  психологиясының  мəселелерін 

зерттеген    С.Л.Рубинштейн  (1887  -  1960),  А.Н.Леонтьев  т.б.  еңбектері  бұл  ғылымның  

методологиясы  мен    принциптерін    жаңа  сипатта  дамуға  бағдарлады.  Қоғамның  тарихи 

даму  мұқтаждығының,  экономика  мен  идиологияның,  мəдениеттің  өрістеуіне  сəйкес 

кеңестік  дəуірде  психологияның  түрлі  салалары  мен  тармақтары  дамып,  жеке  –  жеке 

ғылыми  пəнге  айналды.  Соның  нəтижесінде  тəлім  –  тəрбие  психологиясының  даму 

қарқыны мен оның қамтыған мəселері əр алуан болды. 

  Қазақстанда психология ғылымының даму жолы. 


    Психология    ғылымына  тікелей  қатысты  болмағанымен,  адамның  жан  дүниесі 

жөніндегі  пайымдаулар  мен  ой  –  пікірлер  Қазақстанда    өте  ерте  кездерден  бастау  алып, 

ХV  –  ХІХ  ғасырдағы  қазақ  халқы  ғұламаларының,  ағартушы  –  демократтарының 

туындыларында  айтарлықтай  көрініс  берді.  Одан  бұрынғы  дəуірлерде  ақын  – 

жыраулардың өлең – толғауларында, билердің шешендік сөздері мен халықтық нақылдар 

да,  ел  намысын  қорғаған  батырлардың  отаншылдық  істерінде  адам  жан  дүниесінің 

жұмбақтарына  терең  бойлап,  болашақ  ұрпаққа  тағылым  берерлік  мол  рухани  қазына 

жатқандығын қазіргі кезде əр  тарапты зерттеліп, белгілі жүйеге келтірілуде. 

    Аса  көрнекті  ғалым  Ш.Уəлиханов  шығармаларында  халықтың  рухы  оның  таным  – 

наным түсініктерімен тығыз ұшырастырылады. Ы.Алтынсарин еңбектері этникалық жəне 

балалар  психологиясының  қыр  –  сырына  толы  болды.  Абай  туындылары  да  туған 

халқының жан дүниесіне тəн қарапайым сезімнен бастап кемеңгерлік ақыл – ой шыңына 

дейінгі  мəселелерді  қамтиды.  Ал  Сұлманмахмұт  Торайғыров  жан  мен  тəн  ылғи  да 

бірлікте, байланысты болады деген орынды сөз қалдырды.  Психологиялық ой – толғаулар 

мен  пайымдау  –  түсініктер  Шəкəрім  Құдайбердіұлы  мен  өзге  де  ағартушы  – 

демократтарда, ақын – жырауларда көп кездеседі. 



     Кеңестік  кезеңде  де  Қазақстандағы  психология  ғылымының  өрісі  кеңейіп,  халыққа 

білім  беру,  тəлім  –  тəрбие  істерінің  мақсат  –  міндеттерімен  сабақтасты.  Жүсіпбек 

Аймауытовтың  “Психология”  оқулығы  мен  “Жан  жүйесі  жəне  өнер  таңдау”  деген 

туындысы – психология пəні бойынша таза ана тілімізде жазылған алғашқы еңбек. 1920 – 

1930  жылдары  А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев,  М.Дулатовтардың  оқу  –  ағарту,  тəлім  – 

тəрбие  істерімен  өзара  ұшырастырылған  ұлттық  сипаттағы    психологиялық  ой  –  пікірге 

толы  мəнді  еңбектер    жазды.  С.Балаубаев,  Т.Тəжібаев,  М.Мұқанов,  А.Темірбеков, 

Ə.Ситдықов,  Е.Суфиев  тəрізді  психолог  мамандардың  ғылыми  зерттеулер  жүргізген 

мəселелері,    тақырыптары  сан  алуан.  Қазақстандағы  психология  ғылымы  сан  –  салаға 

тарамдалып,  қанатын  кеңінен  жайып  өркендеп  келе  жатқан  ғылыми  пəндер  қатарына 

жатады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет