«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет161/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   196
беру бөлігінде тек ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге 
ғана шектеулер көзделеді: бұл жер шетелдіктермен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) 
Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы-
ның азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының заңды 
тұлғаларына жалға алу құқығымен берілетін болады. 
Сонымен бiрге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасының 
маңында орналасқан жер учаскелерi шетелдiктердің, шетелдiктермен некеде тұрған 
Қазақстан Республикасы азаматтарының (ерлі-зайыптылар), сондай-ақ шетелдiк 
заңды тұлғалардың және шетелдiк қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды 
тұлғаларының меншік құқығына тиесiлi болмайды.
Бұл шаралар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және Қазақстан Республи-
касының аумақтық тұтастығын сақтауға бағытталған.
Жеке шаруашылықтың мал жайылымы үшін жайылымдық жерлердің жетіспеу-
шілігі проблемаларын шешу үшін Заңда нормалар көзделген, соған сәйкес ха-
лықтың жеке шаруашылығы қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті жайылым-
дық учаскелер елді мекендердің айналасында анықталады.
Бұл аумақтарда Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына 
жалға беруге тыйым салынған. 
Бүгінгі күні елді мекендердің айналасындағы жайылымдардың бір бөлігі жеке 
тұлғалардың меншігінде және пайдалануында екенін ескере отырып, әкімдерге 
оларды халықтың жайылымдық жерлердегі қажеттіліктерін мемлекеттің қажет-
тіліктеріне жатқызу арқылы алып алу мүмкіндігі беріледі.
Бұдан басқа, Заңда жерді беру ресімінің ашықтығы мен мөлдірлігіне бағыт-
талған шаралар көзделген. 
Жергілікті тұрғындардың жерді бөлудегі қоғамдық пікірін ескеру үшін жер-
гілікті комиссияның құрамы жергілікті өзін өзі басқару және қоғамдық өкілдер-
мен, қоғамдық кеңестердің, үкіметтік емес ұйымдардың (агроөнеркәсіптік кешен, 
құрылыс, жер қойнауын пайдалану және т.б.), Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 
өкілдерімен кеңейту, оның құрамының жалпы санының кемінде 50% кем емес. 
Сонымен қатар, жер телімдерін алған тұлғалар тізімі арнайы ақпараттық 
стенділерде орналастырылады, ЖАО мен тиісті өкілетті органның интернет-
ресурстарында ай сайын, сондай-ақ аудан аумағы, қалада таралатын мерзімді 
баспа басылымдарында тоқсанына бір рет жарияланады. 
Сондай-ақ, жер телімін жалға беру мерзімін жаңа мерзімге ұзарту бойынша 
түзетулер енгізілді, оның мерзімін ұзартуды әкімдіктер жер комиссиясының қа-
растыруынсыз қабылдайды (жер учаскесiн жалдау туралы шарт бойынша мiн-
деттерiн тиiсiнше орындаған және жер учаскесi шекараларының өзгермейтiндiгi 
жағдайында).
10.4. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕКСЕРУ
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіп-
керлік кодексімен реттеледі. Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы 
қатынастар (129-бап) 


205
Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастарды реттеу 
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылаудың және қадағалаудың 
жалпы құқықтық негiздерiн белгілеу мақсатында жүзеге асырылады әрі бақылау 
және қадағалау қызметiн жүзеге асырудың бiрыңғай қағидаттарын белгiлеуге, 
сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, өздерiне қатысты мемлекеттiк бақылау 
және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары 
мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталады.
Кәсіпкерлік кодекспен мыналар белгіленеді:
1) бақылау және қадағалау органдарымен жүзеге асырылатын тексерулерді 
жүргізу тәртібі;
2) тексерулерді жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органдарының өзара 
әрекеттесу тәртібі;
3) бақылау және қадағалау жүргізу кезінде тексерілетін субъектілердің құқықта-
ры және міндеттері, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша 
шаралар;
4) тексерулерді жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органдарының және 
олардың лауазымды тұлғаларының құқықтары және міндеттері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет