«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет193/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   196
Кредит тарихы – бұл сіздің барлық кредиттеріңіз және оларды өтеу тәртібі жайлы 
жалпы ақпарат.
Кредиттік серіктестік – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясыз 
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын коммерциялық 
ұйым. Нысаны – құрылтай шарты негізінде және өзінің жарғысына сәйкес ЖШС.
«Комфорт аймағы» – адам өмірінің шектеулі кеңістігі, сондай-ақ үйреншікті және 
қалыптасқан өмір сүру салты.
Қаржылық сауаттылық – бұл қаржыға қатысты ақылға салынған және ақылға қо-
нымды шешім қабылдауға көмектесетін білімдер мен дағдылар.
Лизинг – мүлікті сатып алу және лизинг алушының мүлікті сатып алу құқығымен, 
оны лизинг шарты негізінде жеке және заңды тұлғаларға белгілі бір ақыға, бел-
гілі бір мерзімге және шартта көзделген белгілі бір талаптарда беру жөніндегі 
инвестициялық қызметтің түрі.
Лицензия – жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейімен байла-
нысты қызметтің немесе іс-әрекеттер (операциялар) осы Заңда белгіленген 
түрлерін (кіші түрлерін) жүзеге асыруға тиісті лицензиар беретін бірінші са-
наттағы рұқсат.
Лицензиялау – лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды, лицен-
зиялардың және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын берумен 
және қайта ресімдеумен, рұқсатты бақылауды жүзеге асырумен, лицензия-
лардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың қолданысын тоқтата 
тұрумен, қайта жаңартумен және оның қолданысын тоқтатумен байланысты 
іс-шаралар кешені.
Маркетинг – сіздің компанияңыздың сыртқы әлеммен кез келген, тіпті маңызды 
емес байланысы.
Маркетинг жиынтығы – мақсатты нарыққа әсер етуге арналған құралдар жиын-
тығы. 
Мерчандайзинг – тауарды сату орнында алға жылжыту жүйесі.
Микрокредиттер (немесе миникредиттер) – бұл микроқаржы ұйымдарының кре-
диттік өнімі, яғни сол кредит, бірақ сегіз мың АЕК аспайтын, шектелген кредит. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет