«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет194/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   196
Нарық сегменті — алға қойылған ұсынысқа бірдей жауап қатуы мүмкін деп күтілетін 
шынайы немесе әлеуетті тұтынушылар тобы.
Нарық сыйымдылығы – нақты мерзімде аталған нарықта сатуға болатын тауарлар 
мен көрсетілетін қызметтердің көлемі.
Өтелімділік мерзімі деп жобаның бастапқы сәтінен есесі қайтқан сәтіне дейінгі ке-
зеңнің ұзақтығын атаймыз.
Ол таза ақша ағынын қорландыру арқылы алғашқы 


243
инвестицияларды қайтару үшін қажетті кезең, яғни қорланған таза ақша ағыны-
ның шамасы оң болғандағы кезең болып белгіленеді. 
Позициялау – бәсекелестер иелігіндегі позицияларға қатысты тұтынушылар сана-
сында бренд қалыптастыру мақсатында өте тиімді позиция жобалау және құру.
Рұқсат – рұқсат беру органдарының лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімдерін 
жүзеге асыруы арқылы жеке немесе заңды тұлғалардың қызметті немесе 
іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру құқығын растауы.
Салықтар – мемлекет тарапынан біржақты тәртіпте бюджетке міндетті ақшалай 
төлемдер, бұл белгілі бір мөлшерде өндіріледі, қайтарылмайтын және ақысыз 
сипатта. 
Салық режимі – салық төлеушілердің салық пен бюджетке төлемдер төлеудегі бар-
лық салық міндеттемелерін есептеу кезінде қолданатын ҚР салық заңнамасы 
нормаларының жиынтығы.
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама – өнімдердің, жұмыстардың, қызмет 
көрсетулер мен шаруашылық объектілерінің және өзге де қызметтердің са-
нитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес келуін анықтау 
мақсатында жүргізілетін органолептикалық, санитарлық-гигиеналық, эпиде-
миологиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық
токсикологиялық, радиологиялық және басқа да зерттеулер мен физикалық 
факторлар өлшемдерінің кешені. 
Сатудың кірістілігі – ұйымның кірістің қандай бөлігі пайда әкелетінін көрсететін 
ұйым қызметінің қаржы нәтижелілігінің көрсеткіші.
Сегмент – қажеттіліктері, ниеттері мен мүмкіндіктері ұқсас сатып алушылар тобы. 
Нарықтың түрлі сегменттерге бөлінуі және оларды кейін зерттеп-білу компа-
ниялардың назарын табыстылық тұрғысынан біршама перспективалы сегмент-
терге (яғни мақсаттық сегменттерге) жұмылдыруына мүмкіндік береді.
Сегмента́ция – тұтынушылардың қандай да бір тауарға/қызметке реакциясын зерт-
теп-білу және нарықтың мақсаттық сегменттерін таңдау мақсатында нарықты 
ұқсас сипаттамаларға ие сатып алушылар топтарына бөлу.
Субсидиялау – кәсіпкерлердің операциялық қызметіне қатысты белгілі бір жағдай-
дың болашақта орындалуына айырбас ретінде несие үшін сыйақы ретінде 
кәсіпкерлердің банкке төленген шығындары ішінара өтеуге пайдаланылатын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет