136
«БАСТАУ БИЗНЕС»
ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
6.4.4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
МАЛЫН БІРДЕЙЛЕНДІРУ
Ауылшаруашылығы малын бірдейлендіру тәртібі – бірдейлендіруді жүргі-
зу үшін бұйымдарды (құралдарды)
пайдалану, ауылшаруашылығы малы туралы
мәліметтерді ауылшаруашылығы малын бірдейлендіру бойынша деректер базасы-
на енгізу отырып таңба басу және ветеринарлық паспорт беру арқылы малға жеке
нөмір беруді қамтитын малды есепке алу рәсімі.
137
Ауыл шаруашылығы малын бірдейлендіру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы No2331 қаулысымен бекітілген
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесімен»
реттеледі
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес
ауылшаруашылығы малы міндетті бірдейлендіру рәсіміне жатады, бірдейлендіру
рәсімі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мал
ауруларының алдын алу және
диагностикалау бойынша ветеринарлық өңдеуді іске асыруды бақылау және
қадағалау мақсатында әрбір малды бақылауға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы малының мынадай төлдері:
- бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен
кейін;
- құлындар – төрт айлығынан бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей бір-
дейлендіріледі
Достарыңызбен бөлісу: