66
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН
ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Сөйтіп географиялық сегментацияны жүргіздік делік. Әзірше бизнесіміз туған
ауыл көлемінде дамымақшы. Сегментация мынадай деректер алуға мүмкіндік
берді:
1) әлеуетті өткізу нарығы – өніміңізді сатып ала алатын 2500 үй;
2) дүкендер мен универсамдар (ауылыңызда бар-жоғы 16 дүкен, олар бұрын-
нан 3 наубайханамен және қаладағы бір нан зауытымен бірлесіп жұмыс істеуде);
3) 4 балабақша (олардың бірі жекеменшік), олар да нанды дүкеннен немесе
наубайханадан сатып алады, онда шамамен мектепке дейінгі жастағы 800 бала
тәрбиеленеді және 50
шақты мекеме қызметкері бар;
4) 4 жалпы білім беретін мектеп, онда шамамен 2 200
оқушы білім алады;
5) күндізгі стационары бар 1 ауылдық аурухана (шамамен 70 адам);
6) 1 өрт сөндіру бөлімінің бөлімшесі (2 топта шамамен 20 адам);
7) «Қазпошта» АҚ 1 бөлімшесі;
8) 2 банк бөлімшесі (Халық Банк және КазкоммерцБанк);
9) 1 мәдениет үйі және іс-шаралар өткізілетін 1 зал (50 адам);
10) 2 әкімдік (ауылдық және аудандық) – 100 адам;
11) үйлену тойлары мен салтанатты шараларды өткізуге арналған 2 тойхана;
12) басқа да инфрақұрылым.
Қорытынды: мақсатты аудитория – нан-тоқаш
өнімдерін әлеуетті тұтынушы
10 000 адам.
4.3. НАРЫҚТАҒЫ ӨЗ ТАУАШАСЫН ТАБУ
Бизнес-сегментациядан кейінгі келесі қадам тауаша (орысша ниша, нарықтағы
орны) жасақтау қажет. Тауаша бизнесті бәсекелестерден бөліп алып, осылайша та-
быс табуға және жеке мақсатты аудиторияға ие болуға көмектеседі.
Мысалы, сіз әлеуетті бәсекелестерден оқшаулану ретінде 5
позициясы бар
өнімді таңдап алдыңыз делік:
1) Үйде пісірілген нан, бидайдан, жоғары сұрыпты ұннан жасалған, салмағы –
500 гр. (барлығында стандартты 350-400 гр.)
2) Ұнтақ себілген тоқаш, бидай, жоғары сұрыпты ұннан жасалған, салмағы ша-
мамен 70 гр. (барлығында 40 гр.)
3) Үйде пісірілген бауырсақ, жоғары сұрыпты ұннан, іс-шараларға арнап тәтті
етіп жасалған, салмағы шамамен 20-50 гр. (көпшілігінде тапсырысқа ғана бейім-
делген, күнделікті тәтті бауырсақтар жоқ)
4) Торттар мен бәліштер тапсырысқа арналған жоғары сұрыпты ұннан, салмағы
1 кг басталады (басқа наубайханалар мұндай жасамайды)
5) Өзбек/тәжік жұқпа нандары, жұқа қамырдан пісірілген лаваштар (басқа нау-
байханалар мұндай жасамайды).
Осылайша, пайдалы ауданарлық 5 позиция кей тұрғыдан ерекше болып табы-
лады және бәсекелестерде жоқ. Бәсекелестерден ерекшелейтін де осы.
Бұл ретте наубайхананың мынадай өлшемдерін негіздейсіз:
Қажетті көлемі: 25-60 ш. метр пайдалы аудан.
67
Оның ішінде:
1) әзірлеуге арналған үй-жай – жабдықтарды орналастыруға 25-40 ш. метр.
2) сақтау қоймасы – 15 ш. метр – дайын өнім сөрелерін орналастыру үшін (стел-
лаждық, бөлшектенетін вагоншалар)
3) шұңғылша (раковина) орнатылған дәретхана – 3-5 ш. метр
4) киім шешетін орын – киініп-шешінуге арналған 3-5 ш. метр орын
БАРЛЫҒЫ: ең аз талап етілетін аудан – 50 ш. м.
Жалға алу құны 50 мың теңге және оған коммуналдық қызметтер қосылады
(30 мың теңге төңірегінде), 1 Квт/сағат құны – 19,48 теңге, сумен жабдықтау ор-
талықтандырылған, кәріз жүйесі – септик (2 шығыршық). Пешпен жылытылады
(көмірдің бағасы) – 16 000 тг/т, жеткізу – 5000 тг. Жабдық – электрлі.
Жабдық, сонымен қатар бірегей артықшылығыңыз болып табылады, себебі кли-
енттеріңіз үшін көбірек, жиі әрі сапалырақ өнімді өндіруіңізге мүмкіндік береді.
5 бәсекелі ұстанымыңызды (позицияңызды) айқындап алғаннан кейін бәсеке-
лестерге қарағанда өнімді 5 есе жылдам пісіруге мүмкіндік беретін технологиялық
жабдықтауға назар аударайық.
Достарыңызбен бөлісу: