«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет80/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   196
Байланысты:
edu kk

Өсімдіктерді қорғау
Кәсіби тәжірибе негізінде өсімдіктерді заманауи, білікті тәсілдермен қорғау 
табыс табуға, сапаға кепілдік береді, еңбек жағдайы мен еңбек шығындарын үнем-
дейді. 
Өсімдіктерді қорғаудың тікелей тәсілдері:
1. Механикалық тәсілдер
2. Биологиялық тәсілдер
3. Химиялық тәсілдер.
Механикалық тәсілдерге ауру қоздырушылар мен арам шөптердің екпе 
өсімдіктерге әсер етуіне жол бермейтін және солармен тікелей күресетін барлық 
шаралар жатады:
- Зақымдау басталғанда-ақ зақымданған өсімдіктерді отау;
- Арамшөптерді торлы тырмамен отау, өңдеу;
- Тамырлы арамшөптер мен шөптерге қарсы топырақты қопсыту және тырма-
лау, мысалы, бидайықты;
- Зақымданған өсімдік қалдықтарын терең жырту, мысалы, жүгері откөбелегі 
зақымдаған кезде;
- Қақпан құру, мысалы, дала тышқанына.
Биологиялық әдістер өсімдіктерді қорғау мақсатында табиғи процестерді мақ-
сатты түрде пайдаланады:
- Жүгері откөбелегіне қарсы трихограмма сияқты жыртқыштар немесе паразит-
тер ретінде ауруларды тудырушылармен күресетін 
арнайы өсірілген жәндіктерді 
пайдалану;
- Ауру тудырушыларды ғана жеңетін 
вирустар, бактериялар мен саңырау-
құлақтарды суда тарату;

Көбеймейтін аталық зиянкес жәндіктерді босату (зарарсыздандыру техни-
касы) олардың көбеюіне жол бермейді. Бұл процесс жылыжайларға өте ыңғайлы. 
Биотехникалық шаралар зинкестерді еліктіретін заттардың (феромондардың), 
үркітетін заттардың (репелленттер) және зиянкестердің көбеюін тоқтататын зат-
тардың әсеріне негізделген. Егістіктерді басқа зиянкестер мен ауруларға қарсы 
химиялық заттар мен биологиялық тәсілдер бір мезгілде қатар өңделсе, оң нәтиже 
бермейді.
Химиялық тәсілдер. Химиялық қорғаныс заттарды қолданбас бұрын ар-
тықшылығы мен тәуекелдерді бағалау қажет. Сондықтан да өсімдіктерді барлық 
егін-өсімдік шаруашылығы шаралары ретінде бірлесе қорғау химиялық тәсіл-
дердің қолданылуын шектейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет