Өсімдіктердің ауамен қоректенуі Ауадағы мөлшері 0,03% құрайтын көмірқышқыл газын жапырақтар сіңіреді.
Органикалық заттардың ыдырауынан микроорганизмдердің өмірлік белсенділігі
нәтижесінде пайда болатын көмірқышқыл газының негізгі көздерінің бірі топырақ
болып табылады. Сондықтан ауаның беткі қабаты үздіксіз көмірқышқыл газымен
байытылған, алайда күндізгі уақытта фотосинтез процесі соншалықты қарқынды
болғандықтан, өсімдіктердің оларға деген қажеттілігі толық қамтамасыз етілмейді.
Өсімдіктердің көмірқышқыл газымен қосымша қоректенуі арқылы олардың
өсуі мен дамуы жақсарады, жапырақтардың саны артады, олар іріленеді, жеміс
беруі артады және түсімі ұлғаяды. Көмірқышқыл газымен топырақ пен жер қаба-
тының байытылуының қуатты көзі органикалық тыңайтқыштар болып табылады.
Көкөністерді жылыжайда өсіру Жылыжайдағы топырақ субстрат деп аталады. Табиғи жағдайда субстрат топы-
рақтан қоректік заттардың құрамы мен саны бойынша ерекшеленеді. Жылыжайда
өсіру табиғи өсуден ерекшеленеді, егер бұл жағдайда кәдімгі топырақ пайдала-
нылса, өнім өте төмен болады.
Жылыжайдағы топырақ қабатының қалыңдығы, әдетте, 30...35 см құрайды, кө-
шеттер үшін 5...10 см жеткілікті.
Бір субстратты жылыжайда ұзақ уақыт пайдаланғанда, онда ауру тудыратын
микроорганизмдер жинақталуы мүмкін, оны жаңа субстратқа ауыстыру керек не-
месе зарарсыздандыру қажет.
Зарарсыздандырудың қарапайым тәсілі – күн шуағымен топырақты залалсыз-
дандыру.
Бұл үшін жаздың ең ыстық күндері (шілде айының аяғы, тамыздың басы), әдет-
те, жылыжайда ештеңе өспейтін кезде топырақты жақсылап жұмсартып, молынан
суарады. Жылыжай 5-6 күн бойы тығыз жабылады. Күн топырақты қажетті тем-
ператураға дейін қыздырады және оны зарарсыздандырады, алайда кез келген
залалсыздандыру кезінде зиянды ғана емес, сонымен бірге пайдалы микроорга-
низмдер де өлетінін атап өту керек.
Жылыжайларда қоректік субстраттар:
• жоғары құнарлы;
• ауа жіберетін;
• суды жақсы сіңіретін және суұстағыш қасиеті бар;
• зиянкестер мен ауру тудыратын организмдерсіз;
• улы заттар болмауы керек.
Топырақтағы органикалық заттардың оңтайлы мөлшері 20-30%, қарашірік –
12%, ауа -10...12% болуы керек.
Көптеген дақылдардың жеткілікті деңгейде пісіп-жетілуіне көп уақыт керек.
Мұндай дақылдардан ерте өнім алу үшін көшет пайдаланылады.