«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет85/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   196
Байланысты:
edu kk

Наурызда
• Қияр дақылын күтіп-баптау шаралары атқарыла береді (ылғалдылықты 
сақтау, гүлдерді тозаңдандыру, ауа, көмірқышқыл газымен байытылады, қо-
сымша қоректендіру).
• Қияр өнімі жиналады.
• Жылыжайда қызанақ тұрақты жайына отырғызылады.
• Айдың ортасына қарай шалғам, аскөк, орамжапырақ салатын, пияз көшетін, 
көк пияз отырғызылады.
• Қияр ұрығы көшетке себіледі.
• Айдың соңына қарай орамжапырақтың кеш пісетін сұрыптары көшет дайын-
дау мақсатында егіледі.


106
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
• Жылыжай жабдықталып, биожылыту орнатылады.
• Органикалық тыңайтқыштар тасылады.
Сәуірде
• Сәбіз, ақжелкен, балдыркөк дақылдарын егуге тұқымдары дайындалады.
• Картопты баптау басталады.
• Қияр дақылын күтіп баптау шараларын жүргізу жалғасады (ылғалдылығын 
сақтау, гүлдерін тозаңдаңдыру, ауаны көміртегімен байыту, өсімдіктерді қо-
ректендіру) 
• Қияр өнімі жиналады 
• Жылыжайдағы өскен басқа өсімдіктерге де күтіп-баптау шаралары жалғасты-
рылады.
• Жылыжайдағы қияр көшеттері ашық топыраққа шығарылып отырғызылады. 
• Ашық жердегі топырақтың ылғалдылығын сақтау мақсатында қопсытылады. 
• Ашық топыраққа тыңайтқыш себіледі.
• Ашық топыраққа бұршақ, үрме бұршақ, ақжелкен, шалғам, салат, пияз, сәбіз 
егіледі. 
• Айдың соңында ерте жетілетін және гүлді қырыққабаттың көшеті отырғызы-
лады.
Мамырда
Қияр мен қызанақ күтіп-баптау шаралары (қоректендіру, желдету, байлау, сире-
ту) жалғастырылады. 
• Барлық бос жүйектерде пияз, шалғам, салат жапырағы өсіріледі. 
• Ерте пісіп-жетілген дақылдар жиналады. 
• Жылу берілмейтін парник бөліктеріндегі қияр көшеттерін отырғызу аяқта-
лады. 
• Ерте өсіп-жетілетін қызанақ көшеттерін қайта отырғызу аяқталады. 
• Ашық топырақта егістік алқаптарда жауған жаңбырдан немесе суарудан пай-
да болған қабыршықтардан арылту шаралары жүргізіледі. 
• Картоп, қырыққабат көшеті қайта отырғызылады. 
• Сәбіз, ақжелкен, қызылша, бұршақ, үрме бұршақ, пияз дақылдары себіледі. 
• Айдың екінші жартысында кәді, қабақ, асқабақ көшеттері отырғызылады. 
• Ашық топырақта қияр егіледі. 
• Егістік жерлер суарылады. 
• Тыңайтқыш себіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет