«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Жылыжайда және парникте көшеттерді өсіру



Pdf көрінісі
бет84/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   196
Байланысты:
edu kk

Жылыжайда және парникте көшеттерді өсіру ашық жерде қолайлы ауа райы 
болғанға дейін басталады. Жылыжайда қызанақ пен қияр өсіру үшін тек көшет 
әдісі қолданылады.
Көшеттерді жеке мақсатта пайдалану және сату үшін өсіруге болады. Көпте-
ген бағбандар көшеттерді сатып алады, сондықтан мұндай көшет бизнесі ауылдық 
жерлерде үлкен коммерциялық құндылыққа ие.


105
Егер көшетті өз қажетіңізге ғана өсірсеңіз, алдын ала санын анықтап алу ке-
рек. Төменде ашық топырақтың 10м
2
ауданына қанша көшет отырғызуға болатыны 
келтірілген:
- ерте пісетін және гүлді қырыққабат – 50 дана;
- қалыпты (орташа мерзімде) пісетін қырыққабат – 40 дана;
- кеш пісетін қырыққабат – 20 дана;
- баклажан – 40…50 дана;
- бұрыш 60…70 дана;
- кәді мен патиссон (самсар) – 12 дана;
- биік өсетін помидор – 20 дана;
- төмен өсетін помидор – 40…50 дана.
Сондай-ақ 10…15% шамасында артық алу қажет.
Көшет мұқият күтімді қажет етеді.
ЖЫЛЫЖАЙ КҮНТІЗБЕСІ
Қаңтарда
• Қаңтар айында жыл он екі айда атқарылатын жұмыс жоспары түзіледі. Қай 
мезгілде қандай дақыл егілетіндігі анықталады. 
• Қызанақ көшеттері егіледі. 
• Пияз, шалқан, балдыркөк, ақжелкен отырғызылады. 
• Желтоқсан айында отырғызылған қиярды жүйектеп, суарып, қоректендіреді. 
• Айдың соңында бірінші парниктер жасақталады. 
• Тыңайтқыштар әзірленеді. 
Ақпанда
• Қияр дақылына күтіп-баптау шаралары жүргізіледі (ылғалдылығын сақтау, 
гүлдерін тозаңдандыру, ауаны көміртегімен байыту, өсімдіктерді қоректен-
діру) 
• Алғашқы қияр өнімі жиналады. 
• Қызанақ, қияр, бұрыш, баклажан, қырыққабат көшеттері отырғызылады. 
• Қаңтар айында отырғызылған өсімдіктерді күтіп-баптау шаралары жүр-
гізіледі. 
• Тыңайтқыштар дайындау бойынша қаңтар айында басталған жұмыстар 
жалғастырылады.
• Дақылдарды ашық топырақта өсіру жоспарланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет