«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет86/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   196
Байланысты:
edu kk

Маусымда
Босаған парник бөліктеріне бұрыш, баклажан, қызанақ көшеттері отырғызы-
лады. 
• Өсіп келе жатқан қызанақты қажетсіз бұтақтарынан арылтады. 
• Қысқы жылыжай үшін түсті қырыққабат, қызанақ және қияр көшеттері егіледі. 
Ашық топырақта кәді, асқабақ, қырыққабат, қызанақ, бұрыш көшеттері отыр-
ғызылады. 
• Ашық топырақта қиярдың жапырақтарын байлап қою. 
• Қызанақ үшін тіреуіштер қойып байлау.
• Картоп түбін қопсыту, суару.
• Жиілігіне қарай сирету.


107
• Тыңайтқыш беру жалғастырылады.
• Зиянкестерге қарсы күрес шаралары жүргізіледі. 
Шілдеде
Жылыжайдың бір бөлігін қиярдан босатып, тұқым алуға қалдырылған көшеттер 
отырғызылады. 
• Қалған қиярдың шіріген жапырақтарын жұлып, жаңа өсіп келе жатқан жапы-
рақтарын қалдырады. 
• Қиярды қоректендіру мен суаруды жалғастырады. 
• Қызанақтың өгей бұтақтарын бұтайды.
Ашық топырақта қымыздық, рауғаш, пияз-батун, шнитт-пияз отырғызады.
• Үрмебұршақтың жоғары өскен жапырақтарын алып тастайды. 
• Жүйекті құрғақ ауа райында суарады. 
• Жүйектерді үнемі арамшөптерден тазартып отырады. 
• Айдың соңына қарай ерте егілген картоп, қырыққабыт, сәбіз, қызылша, пияз 
дақылдарының өнімі жиналады. 
• Көкөніс өнімдерін консервілеуге қажетті жабдықтар мен құтылар дайында-
лады. 
• Тыңайтқыш себу жалғастырылады. 
• Өткен жылдан қалған тыңайтқыштарды үнемі қозғап, ылғалдандырып оты-
рады.
Тамызда
Жылыжайдан қияр жиналады.
• Қызанақты күтіп-баптау жұмыстары жалғасады. Жақсы жеміс берген қызанақ 
сабақтарындағы дақылдарды тұқымға қалдырады. 
• Жылыжай күзгі-қысқы маусымға дайындалады. 
• Ашық топырақта қиярды күтіп-баптау жалғасады. 
• Қызанақ тұқымдары дайындалады. 
• Пияз бен сарымсақ жиналады. 
• Асқабақтың әр сабағында 2-3 өнімнен қалдырады. 
• Өнімдерді сақтау жайларын дайындап, оларды зарасыздандыру мен тазалау 
шаралары жүргізіледі. 
• Қызанақ, қияр өнімдерін қысқы сақтауға консервілейді.
Көкөністерді сақтауға құрғатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет