Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған



бет1/3
Дата13.05.2022
өлшемі30,96 Kb.
#34294
  1   2   3
Байланысты:
Әліппе оқу бағдарламасы



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің


2020 жылғы «27» қарашадағы № 496 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің


2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 175-қосымша




Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған

«Әліппе» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы

(оқыту қазақ тілінде)

1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Әліппе»пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

2. Бағдарлама құрылымы мен мазмұны А.Байтұрсынұлының мынадай ұстанымдары негізінде айқындалды, олар оқулық жазуда басшылыққа алынады:

1) дыбыспен жаттығу;

2) әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу;

3) оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту;

4) білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу.

3. Әріп таныту реті А. Байтұрсынұлының еңбектерімен қатар лингвист және әдіскер ғалымдардың зерттеулері негізінде, олардың мәтінде кездесу жиілігіне, өзара тіркесімі мен сөзжасау қызметіне қарай құрылды.

4. «Әліппе» пәнінің мақсаты – дыбыспен жаттығу, әріп таныту, оқуға, жазуға, ауызша және жазба мәтін құрауға үйрету арқылы білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.

5. Оқу бағдарламасының міндеттері білім алушының мынадай дағдыларын қалыптастыруды көздейді:

1) оқу әрекетіне бейімдеу;

2) дыбыс, буын, сөз, сөйлем, сөйлеу (мәтін) туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;

3) мәтіннен/сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу арқылы жаңа дыбыс пен әріпті таныту;

4) дыбысты әріппен таңбалап, әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету;

5) дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға үйрету;

6) сөзді буындап оқуға, тұтас оқуға, мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға машықтандыру;

7) жазу дағдысын (қатесіз, көркем жазу) қалыптастыру;

8) сөздік қорын байыту;

9) коммуникативтік дағдыларын (өз ойын толық жеткізе білу, өзгенің пікірімен санаса білу, әңгімелесу, сөйлеу әдебін сақтау) қалыптастыру;

10) тілдік бірліктерді (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс) ажырату, салыстыру, топтастыру, талдауға үйрету;

11) тілдік білімі мен дағдыларын тәжірибеде қолдана алу;

12) танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту;

13) ана тіліне, Отанына, туған еліне, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту;

14) жеке тұлғалық қасиеті мен әлеуетін ашу;

15) тұрақты зейіні мен есте сақтауын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастыру;

16) физиологиялық ерекшеліктерін ескеру және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет