37.Білім алушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру формалары (үйдегі оқу жұмысы, ұзартылған күн тобындағы өзбетінше дайындық, шағын жинақты мектептегі жұмыс, өз бетінше білім алу). Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалімнің оқушылардың сабақтағы өзіндік іздену қызметін тиімді ұйымдастыра білуіне, әдістемесіне, шеберлігіне байланысты болады. Оқушылардың өзіндік ізденуіне не жатады? Оны қалай ұйымдастыра аламыз? Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажет.Өз бетінше жұмыс оқушылардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары. Американдық психологтардың анықтамасы бойынша өз бетімен жұмысты ұйымдастыру дегеніміз – бұл, өз бетімен тани білу, өз бетімен жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті. А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша да бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар, оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары түріне олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.