2. Пәннің қысқаша сипаттамасы. «Педагогикалық шеберлік» Педагог және психолог кадрларын даярлауды түбірімен жақсарту міндеті педагогикалық білім берудің қазіргі тұжырымдамасын жасауды және педагог және психологтарды кәсіби оқытудың жүйесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр.
«Педагогикалық шеберлік» пәнді оқытудыңмақсаты – педагогикалық шеберлік негіздерін меңгерген мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың міндеттерін табысты шеше алатын болашақ мамандардың шығармашлық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау.
«Педагогикалық шеберлік» пәнді оқытудың міндеті мұғалімнің жеке тұлғасы және оның кәсіби қызметінің мақсат міндеттері, мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшелектері, мұғалімнің өзіндік білімін жетілдіруі және өздігінен жетілуі, педагогикалық этика және кәсіби мәдениет ұғымдарының ара қатынасы, педагог техникасы, өзіндік реттеу техникасының негіздерін біу қажет, мұғалім - ата-ана жүйесіндегі кәсіби педагогикалық қарым- қатынасты.
болашақ педагогика және психология мамандарының педагогикалық шеберлігін дамыту.
Педагогикалық шеберлік пәнін оқу негізінде студент білуі керек; педагогикалық шеберлікте алған білімдерін тәжірибеде өз бетімен қолдануды, мектептегі педагогикалық процесті жобалауды және жүзеге асыруды, оқушыларды тәрбиелеу мақсаттары мен міндеттерін анықтауды, оқушылардың ойлау іс-әрекетін белсендіретін тәсілдерді, тәрбиелеудің жаңа педагогикалық технологияларын тәжірибеде пайдалануды.