Гольджи аппараты-Камилло Гольджи жүйке клеткасынан 1898жылы ашты. Қарапайым жәндіктер мен өсімдік клеткасында Гольджи аппараты орақ тәрізді, таяқша пішінді жеке денешік түрінде болса, жануар клеткасында тегіс қуыстар, түтікшелер, көпіршіктерден құралған күрделі түзіліс болып келеді. Ол май мен көмірсуды синтездейді.
Лизосома-клеткаішілік асқорытуды іске асыратын домалақ денешік., тез қимылдағыш түзіліс.
Клетка орталығы-кей өсімдіктердің клеткасында ядроға таяу орналасқан орнықты органоид.
Пластидтер-жасыл өсімдік клеткасының орнықты органоиды. Саңырауқұлапқтарда, көк-жасыл балдырда, бактерия клеткасында болмайды.
Цитоплазманың тұрақсыз құрылымдары-көмірсу, май, белок.
Вакуоль-ішінде әр түрлі қосылыстар еріген суы бар жарғақша органоидтары. Миофибрильдер-кірпікшелер мен талшықтар.
Ядро- бірклеткалы, көпклеткалы ағзаның көбеюге, тұқым қуалау ақпаратын сақтайтын бөлігі.
Кариоплазма-ядро ішілік шырын.
Хроматин-кариоплазмадағы нәзік жіпшелер мен түйірлер.
Нейрон-жүйке клеткасы.
Вирустар-генеткиалық деңгейде қызмет атқаратын клеткаішілік паразиттер.
Хемосинтез-кей бактериялардың бейағзалық заттар реакциясының қуатын ағзалық заттар синтездеуге пайдалана алуы.
Авенин – спиртте еритін қарапайым ақуыздар тобы.
Аденин – азоттық зат, нуклеопротеидтердің құрамында болатын пурин.
Аденозин – аденин мен рибозадан құралған органикалық зат.
Акропеталдық градиент – заттар концентрациясының жоғарылауы.
Ақпараттық РНҚ – рибонуклеин қышқылдарының бір түрі. Оның негізгі атқаратын қызметі – ДНҚ молекуласындағы тұқым қуалау мағлұматтарын ақуыз түзілу орны – рибосомаларға жеткізу.
Алейрон қабаты – дән қабығындағы алейрон түйіршіктері шоғырланған қабаты.
Алейрон түйіршіктері – өсімдіктер дәнінің қабығында болатын қоректік ақуыз түйіршіктері. Дән өнгенде ондағы қоректік заттар өскіннің тез дамуын қамтамасыз етеді.