түрдегi компьютерлер үшiн жаңа бастаушыға немесе жеткiлiктi маманданбаған
пайдаланушыға есептелiнген үлкен көлемдегi әртүрлi программалық құралдар бар. Курс
бойынша нақты оқу құралы жоқ, бiрақ жақсы әдiстемемен жабдықталған оқу-әдiстемелiк
кешендер бар болды.
Мектептегi информатика курсы бiрiншi кезекте балаларды программалауға үйретуге
бағытталған.
Осылайша, «Информатика негiздерi мен есептеуiш техника»
курсын оқытудың
алғашқы кезеңдерiнде алгоритмдеу арқылы математикалық есептер шығарудың кезеңдерi
қолданса, көптеген – эксперименттiк байқаулар жүргiзу нәтижесiнде соңғы жылдары
информатиканы оқытуды бастауыш мектептерден, тiптi мектепке дейiнгi балалардан бастау
қажеттiгi туралы ой тұжырымдар пайда бола бастады.
1992 жылы «Информатика мен есептеуiш техника негiздерi» курсы бойынша 1-4-
сыныптарға арналған бағдарлама ашық басылымда жарияланды, сонымен қатар бастауыш
сыныптарға арналған бағдарламалар ұсынылып, оны оқыту әдiстемелерi тәжiрибе жүзінде
жүргізіле бастады. Бүгiнде Ресейде
бiрнеше авторлар дайындап, тәжiрибелiк сынақтан
өткiзiлiп, қолданылып жатқан бағдарламалар мен әдiстемелiк
құралдардың бастауыш
сыныптарға арналған нұсқалары жеткiлiктi.
Достарыңызбен бөлісу: