“бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту әдістемесі” пәні бойынша дәрістер Информатика тарихы: негізгі кезеңдер, негізгі оқиғалар және тұлғалар «Информатика»



Pdf көрінісі
бет14/38
Дата22.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#143040
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
Бiздiң елiмiзде
бастауыш мектептерге информатика курсын 1-3 сыныптардың оқу 
үдерісіне алғаш рет дамытушы компьютерлiк ойындар - арқылы енгiзудi Ж.С. Сардарова 


ұсынған. Оның алға қойған мақсаты: бастауыш мектептердiң оқу барысында пайдаланатын 
дамытушы компьютерлiк ойындар жүйесiн теориялық тұрғыдан негiздеумен қатар
олардың пайдалану әдiстемесiн жасау болып табылады. Қазақ мектептерiнiң бастауыш 
сыныптарына алғаш рет мектептiң 1-3 сыныптарына арналған «Компьютерлiк сауаттылық 
элементтерi» атты пән енгiзілдi. Курсты оқыту үшiн 1-3 сыныптарға арналған төмендегідей 
мазмұнды бағдарламалар ұсынды: Электрондық - есептеуiш техника туралы түсiнiк. 
Компьютер, оның мүмкiндiктерi, пайдалану аясы, қызметi жөнiнде алғашқы мағлұмат, 
қауiпсiздiк, санитарлық-гигиеналық талаптар. Компьютер және оның мүмкiндiктерi, негiзгi 
тетiктерi. Компьютердi жұмысқа дайындау және жұмысты аяқтау. Пернетақта пернелері
олардың қызметi және қолданылу аясы. Арнаулы белгiлер. Қазақ, орыс және ағылшын 
алфавитiне жаттығу. Мәтiнмен жұмыс. Сандарға арифметикалық амалдар қолдану. Дайын 
жаттықтырушы программамен жұмыс жасау. Компьютердiң көмегiмен сурет салу. 
“Торкөз” тестік редакторы. ”Иллюстратор”, ”Конструктор” графиктiк программаларымен 
жұмыс. Өз бетiмен арнаулы пернелердің көмегiмен сурет салу. “Музик” жаттықтырушы 
программасымен жұмыс. Геометриялық фигуралар.
Бұл бағдарламалар Алматының №131, 163 мектептерiнде сынақтан өткiзiліп, 
келесiдей қорытындылар жасалды: бастауыш сынып оқушыларының жаңа технологияны 
танып меңгеруге және компьютерлiк ойындарға деген баланың қызығушылығының жоғары 
деңгейде болғандығы анықталды; берiлген курсты тез де жеңiл меңгергені; компьютерлiк 
ойын негiзiнде құралған материалдарды ерекше ынтамен меңгергендiгiн байқатқандығын 
анықтады да, «Компьютерлiк сауаттылық элементтерi» курсын бастауыш мектептерде 
оқытудың тиiмдi екендiгiне көз жеткiзедi. 
«Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн 2015 жылға дейiн дамыту 
тұжырымдамасының» негiзгi мiндеттерiнiң бiрi оқушылардың ақпараттық дайындығын 
жетiлдiру болып табылады.
Орта бiлiм беру жүйесiндегi информатиканың рөлi қазiргi қоғамдағы ақпараттық 
мәдениеттiң негiзiн құрайтын - ақпараттық және коммуникациялық технологияны 
пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы ақпараттық бiлiмнiң мәнiмен қамтамасыз 
етiледi. 
Бiлiм берудегi ақпараттық технологияның ЮНЕСКО институтының “Бастауыш бiлiм 
берудегi информатика” ұсыныстарын, информатиканы оқыту тәжiрибелерiн талдау және 
компьютердiң дидактикалық мүмкiндiктерiн негiзге ала отырып, авторлар ұжымы 
(Мұхамбетжанова С.Т., Кабулова Г.С. және т.б.) орта мектептің 1-4 сыныптарына арналған 
“Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытуды ұсынды.
Бұл пәннiң мазмұнын құрастыру бағытында оқушылардың ойлау қабiлетiнiң 
математикалық негiздерiн құрайтын ақпараттық мәдениет пәнiнiң iргелi ұғымдарын 
меңгерту басшылыққа алынған.
Психолог ғалымдардың тұжырымдамасы бойынша адамның жинақтаған бiлiмiнен гөрi, 
оның ойлау қабiлетiнiң дамуы, талдау жасай бiлу қабiлетi, алынған ақпараттарды жалпылау 
және шешiмдер қабылдай бiлу сияқты қасиеттермен қарулануы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет