“бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту әдістемесі” пәні бойынша дәрістер Информатика тарихы: негізгі кезеңдер, негізгі оқиғалар және тұлғалар «Информатика»



Pdf көрінісі
бет16/38
Дата22.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#143040
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
Байланысты:
Лекция МАКТ (1)

негізгі мақсаты
– оқушылардың ақпаратты алу, 
өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану үдерістері жайлы негізі білімін жан-жақты, әрі 
саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету және соның негізінде оқушыларға қазіргі кездегі 
әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырудағы ақпараттық үдерістердің, қазіргі ақпараттық 
қоғам дамуындағы АКТ-ы рөлінің мәні ашу. 
Информатиканы оқыту мақсатына жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет: 

оқушыларда информатика саласының негізгі ұғымдары мен білімдерді 
қалыптастыру; 

информатика саласында біліктіліктер мен құзырлылықтарды қалыптастыру; 

ақпараттық қоғамда өмір сүретін өскелең ұрпақтың адамгершілік және құқықтық 
негіздерінің қалыптасуын анықтау. 
Информатиканы ертерек (бастауыш сыныпта) оқытуға арналған информатика 
оқулықтарының, жұмыс дәптерлерінің бар болуына қарамастан (мысалы, Е.Ы. Бидайбеков, 
А.Б. Ибашова, С.Т. Мұхамбетжанова, Г.К. Нурмуханбетованың 3-сыныпқа арналған 
«Балбөбек ақпарат әлемінде» жұмыс дәптері, Г.А. Абдулкаримова, А.Е. Сағымбаева 3-4 
сынып оқулықтары және Е.Қ. Балафанов, Б.Б. Бөрібаев, С.Т. Мұхамбетжанова, Г.С. 
Кабулова, Б.А. Айтбақина, Ғ.Б. Мамырбек т.б. «Ақпараттық мәдениет негіздері» 1-4 
сыныптарға арналған жұмыс дәптері және т.б.; ), оларды бастапқы жалпы білім берудің 
мазмұны мен оны оқытудың әдістемелік жүйесіне сәйкес қайтадан қарап шығу, 
«Информатика» оқу модулі шеңберінде бастауыш мектепте информатиканы оқыту 
мазмұнын іріктеу қажет; 


-
2017-2018 оқу жылында 30 пилоттық мектептің үшінші сыныптарында 
«Информатика» пәні бойынша апробациядан сәтті өттіп, 2018-2019 жж. «Ақпараттық және 
коммуникациялық технологиялар» пәні енгізілді.
-
2018-2020 жылдарға арналған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 
және адами капиталдың дамуының жол картасы шеңберінде «Информатика» пәні бойынша 
5-11 сыныптардың орта буын бағдарламаларын бастауыш мектепке ауыстырылды. Бұл 
жағдайда пәннің мазмұнын тек оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімдеуді ғана емес, 
сонымен қатар STEM элементтерін (робот, виртуалды шындық, 3D басып шығару және т.б.) 
енгізуді және қазіргі заманғы мектеп білімінің нысандары мен мазмұнын қайта қарауды 
қамтиды.
Осыған байланысты 1-сыныптан бастап информатика пәнін оқытуды педагагикалық 
кадрлар және жұртшылықпен кеңінен талқылағаннан кейін, мамандармен компьютерлік 
білім беруді енгізу мәселесін қарқынды түрде әзірлеп, бүгінгі күні «Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша 1-4 сыныптарда оқу бағдарламасы 
әзірленді және бекітілді. 
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі 
№ 334 бұйрығымен "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәні 1-сыныпқа 
төмендетілді.
-
«ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен 
толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығының 14-тармағында 
бастауыш сыныптағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің атауы 
«Цифрлық сауаттылық» болып өзгертілді. Пән мазмұны мен оқу жүктемесі өзгертілген жоқ. 
“Цифрлық сауаттылық" оқу пәнін оқыту мақсаты – білім алушыларды компьютер 
құрылғысы, ақпаратты ұсыну және өңдеу, Интернет желісінде жұмыс істеу, есептік ойлау, 
робототехника мәселелері бойынша заманауи ақпараттық технологияларды практикада 
пайдалану үшін базалық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету болып 
табылады" деп атап көрсетілген болатын. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет