Цифрлық дағдылар (digital skills) – ақпаратқа қол жеткізу және оны басқару үшін
цифрлық құрылғыларды, коммуникациялық қосымшаларды
және желілерді пайдалану
саласындағы білімдер мен дағдыларға негізделген, автоматизмге дейін жеткізілген,
қалыптасқан мінез-құлық модельдері (жеке, техникалық және зияткерлік).
Келесі қорытынды жасауға болады:
- бастауыш мектеп балаларының көпшілігі Интернетті өз бетінше қолдануды үйренді;
- цифрлық дәуірде Интернетті, ұялы байланыс құралдарын,
электрондық құрылғылар
мен қосымшаларды пайдалану мектеп оқушыларының, соның ішінде жас балалардың да
қажетті өмір салтына айналады;
- бастауыш сынып оқушылары цифрлық сауаттылықты арттыруға ынталы;
- бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығының қазіргі көрсеткіші
Интернетті сауатты және қауіпсіз пайдалануды
қамтамасыз етпейді;
Жүргізілген сауалнама нәтижесінде цифрлық құзыреттерді, әсіресе ақпараттық
қауіпсіздік дағдыларын жүйелі және мақсатты түрде иелену қажеттілігі туралы қорытынды
жасауға болады. Интернеттің ықтимал цифрлық қатерлері мен теріс әсерінің алдын алу
мақсатында төменгі сыныптардан цифрлық сауаттылықты мақсатты түрде қалыптастыру
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: