16-Тақырыбы:Тоқыма материалдарынан түрлі бұйымдар жасау
Негізгі сұрақтар: 1. Бастауыш сыныпта Көркем еңбек сабағында ескерілетін санитариялық-гигиеналық талаптар (реферат дайындау)
2. Көркем еңбек сабағындағы мұғалімнің дарынды балалармен жұмысы (баяндама дайындау)
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы: «Төрт сөйлем» тәсілі. Бұл тәсіл арқылы студенттер тақырып туралы пікірлерін білдіреді:
Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңді бір сөйлеммен айтыңдар немесе жазыңдар.
Дәлел. Пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер.
Мысал. Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіріңдер.
Қорытынды. Аңыз мазмұны бойынша қорытынды шығарыңдар.