ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика және психология институты
Мектепке дейінгі және бастауышқа дайындау кафедрасы
«Бастауыш мектепте көркем еңбекке оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына әдістемелік ұсынымдар
Орындаған: Шаханова Н.Н.
Алматы, 2021ж
«Бастауыш мектепте көркем еңбекке оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша семинар сабақтарына әдістемелік ұсынымдар 1 тақырып. Бастауыш сыныпта көркем еңбекті оқытудың теориясы мен әдістемесі педагогикалық пән ретінде Мақсаты: Пәннің негізгі мақсаты мен міндеттерін айқындау
Негізгі сұрақтар: 1. Көркем еңбекті оқытудың теориясы мен әдістемесі педагогикалық пән ретінде
2. ҚР «Білім туралы» Заңы, мемлекеттік орта білім стандартына талдау жасау
3. Пәнаралық байланыс, интеграция
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы: Дәріс материалдарын қайталау арқылы білімді бекіту, материалды кеңейту және нақтылау. Педагог – тәрбиелеу және оқытумен айналысса, зерттеуші – оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдістерін анықтайды.
Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. Коджаспирова Г.М. Педагогика.Москва, Гардарики. – 2004.
2.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. Төртінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, педагогикалық шеберлік орталығы. www.cpm.kz
3. www.zertteushi.k
4. http://zertteushi.kz/docs/25042016_dox.pdf
2 тақырып. Көркем еңбекті сабағын оқыту әдістері мен тәсілдері Мақсаты: Көркем еңбекті сабағын оқытудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
Негізгі сұрақтар: 1. Оқыту әдістеріне жалпы сипаттама
2. Оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдістері
3. Мектепте әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі түрлері
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы: Дәріс материалдарын қайталау арқылы білімді бекіту, материалды кеңейту және нақтылау.. Алынған білімді нақты әрекеттерді орындау үшін және жаңа білім, дағдыларды алу үшін өздігінен қолдану қабілетін дамыту. Ғылыми-практикалық сұрақтарды өздігінен шешу дағдыларын дамыту.