Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі



бет7/18
Дата26.05.2022
өлшемі157,34 Kb.
#35649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Лингвистикалық компонент. Лингвистика ғылымынсыз оқытудың мазмұнын анықтау мүмкін емес. Лингвистика ғылымы - тілді белгілі бір таңбалар жүйесі ретінде зерттейді. Адамдар бұл таңбалар жүйесін өзара түсінісу үшін қолданады. Ал әдістеме осы белгілерді оқыту жолдарын іздейді. Лингвистика тілдің нормаларын, оның дыбыстық, морфологиялық-синтаксистік, лексикалық жақтарын, оның ауызша және жазбаша түрлерін зерттейді.
Сонымен бірге тілдің белгілі бір белгілер жүйесі мен кызметін қарастырады. Ал сөйлеу дегеніміз - осы белгілер жүйесін қарым-қатынас барысында қолдану. Тіл мен сөйлеу бір құбылыстың екі құрамдас бөлігі, олар бір-бірін толықтырады.
Тілдің және сөйлеудің өзіне тән бірліктері бар. Тілдің бірліктеріне: фонема, морфема, сөз, фразеологлялық бірлік, микро және макромәтіндер жатады.
Оқытудың мазмұнын анықтауда тілге немесе сөйлеуге үйрету керек пе?", "Тілді жүйе түрінде оқыту керек пе? Әлде сөйлеуді үйрету керек пе?" деген сұрақтар пайда болады.
Тілді лингвистикалық феномен ретінде оқытса, ол тәжірибелік қарым-қатынас құралы ретінде қолданылмайды. Егер грамматиканы, лексиканы, фонетиканы қарым-қатынас құралы ретінде қолдануда бір-бірінен бөлек оқытса, ол ешқандай коммуникативтік міндеттерді шеше алмайды.
Ағылшын тілін оқытуда сөйлеуден тілге қарай жүру жүйесін сақтау немесе тілді ұйымдастырған мақсатты сөйлеу процесі арқылы үйрету керек. Сөйтіп, мазмұнынның лингвистикалық компоненті шығады. Оған мынадай тілдік маитериалдар жатады: нақты іріктелген фонетикалық, грамматпкалык, лексикалық мннимумдер және тілдік материалдар, сөздік үлгілер. Іріктеу, жүйелілік және мөлшер қарым-қатынастың мөлшеріне байланысты. Тілдік үлгі сөйлем, диалог, монолог түрінде беріледі және сейлемнің түрлері ретінде беріледі. Осын-ай тілдік үлгілер тілдің жүйесін қүрайды және ол үйренушінің есінде қалады.
Ал оқыту бірліктері белгілі бір жағдайларға байланысты сейлемдер арқылы беріледі. Олар белгілі бір ырғақпен айтылады.
Оқыту мазмұнына тіл білімінің әлеуметтік лингвистика бөлімі де әсер етеді. Бұл бөлімде тілдің мәдениет пен, қоғаммен қарым-қатынасы зерттеледі.
Лингвистика әдістеме мен оқытудың лингвистикалық компонентінің анықтауға мүмкіндік береді. Лингвистикалық компонетке тілдік және сөйлеу матералдары кіреді.
Тіл - ұлттың негізгі белгілерінің бірі. Сондықтан шет тіліне үйрету белгілі бір жүйеге үйрету ғана емес, сонымен қатар сол тілде сөйлейтін халыктың мәдениетіне үйрету. Қазіргі әдістемеде елтану туралы мәліметтер көп қолданылады, ол сол елдің жағрафиясын, тарихын, өмірін зерттеуге арналған. Олар тыңдауға және оқуға арналған мәтіндер арқылы беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет