2.2 Drape бағдарламасы
Уақыт талабына сай болу үшін, ақпараттық түсiнiктермен танысуды төменгі сыныптардан бастау керек. Бұл мақсатпен бағдарламалаудың бастапқы аспекттермен танысу үшiн, өте ыңғайлы арнайы бағдарламалау тiлдерi жасалады. Олар өте көп және де олардың мазмұны мен жасалу құрылымы әртүрлi.
Drape-тегi бағдарламалар визуалды негiзiнде құрылады, ал бұл өте маңызды, өйткенi осы жастағы оқушылар көрiнекi түрде берiлген ойын элементтерi бар материалды жақсы ұғады.
Drape бағдарламалау тiлiн 1997 жылы 29 қарашада Марк Овермарс жарыққа шығарған. Оның көздеген мақсаты - төменгі сыныптағы оқушыға келешекте қажеттi болатын бағдарламалаудың негiзгi элементтеріне үйрету. Drape бағдарламасы әртүрлi функцияларды орындай алатын, көптеген командалар жиынынан тұрады, мысалы:
– қарапайым геометриялық фигураларды салу;
– бояу түстерiн орнату;
– процедураларды шақырту және т.б.
Ыңғайлы жұмыс iстеу үшiн, әрбір команда белгi-сурет түрiнде бейнеленген. Drape-тегi бағдарлама – бұндай суреттердiң тiзбегi. Мысалы, квадратты салу үшiн келесi командалар тiзбегiн пайдаланамыз: .
Мұндағы бiрiншi команда (бағыттауыш) сызықты салады, екiншi (жоғарыға бағыттауыш) курсорды 900 бұрады, содан кейiн барлығы қайталанады да, бағдарламаның нәтижесiнде квадрат салынады.
Келесi бағдарлама қатар тұрған үш көк дөңгелектi салады: .
Бiрiншi команда (көк квадрат) дөнгелектердi көк түске бояйды, содан кейiн дөнгелек салынады, үшiншi команда курсорды жылжытады, төртiншi команда қайтадан дөнгелектi салады және т.с.с.
Drape бағдарламасын iске қосу
Drape iске қосқан кезде, экранда бізге жұмыс істеу үшін қажетті терезе пайда болады. Drape терезесiнiң өлшемi 800х600, оны өзгертуге болмайды (сурет 5).
Сурет 5. Drape бағдарламасын iске қосу
Жоғарғы жақтағы батырмалар (1), бағдарламаларды әртүрлi тәсiлдермен қосу, сақтау және басқару үшiн қолданылады. Оның астындағы (2) облыс, үш бөлiкке бөлiнген. Олардың iшiнде әртүрлi командалар орналасқан. Оның оң жағындағы ақ облыста (3) сiз құрған бағдарлама бейнеленедi (қадамдап салыну жолы). Көрініп тұрғандай, әр бағдарлама максимум алты процедурадан жазылу мүмкiн. Процедуралар (4) түстi ромбтармен белгiленедi, олардың оң жағындағы сұр түсті облыста әр түрлi командалар орналасады. Ағымды процедура қара сызықпен шектеледi, және бағдарламаны қосқан кезде оның орындалуы осы процедурадан басталады. Процедуралардың сол жағында қоржын (5) орналасқан, оған процедурада керек емес командаларды алып тастауға болады.
Барлық әрекеттердi тышқан көмегiмен жасауға болады. Қажетті команданы таңдап алу үшін, оны тышқан батырмасымен іліп алып, қажетті процедураға апарып қою керек. Команданың көшірмесін пернесі арқылы алуға болады. Бағдарлама ақ облыста ортадан бастап орындалады. Бағдарлама орындалу жолы курсормен көрсетіледі. Курсор дегеніміз ақ облыстағы ұшбұрыш.
Бағдарламаны іске қосу батырмалары.
Бағдарламаны құрған кезде, оның нәтижесін көруге болады. Бағдарламаны іске қосудың алдында, қай процедура ағымды болып тұрғанын тексерген жөн, содан кейін қажетті процедураны орындаңыз. Бұнын бірнеше тәсілдері бар:
– Бағдарламаны орындау үшін, яғни нәтижені көру үшін, батырманы басу керек. Бұл кезде бағдарлама қадамдап ақырындап орындалады. Бағдарламаны іске қосқан кезде, орындалып жатқан процедура үстінен кішкентай қызыл ұшбұрыш пайда болады, ол бағдарлама орындалу қадамдарын көрсетіп отырады.
– Егер бағдарламаның одан да баяу орындалу үшін, пауза батырмасын басып, келесі батырманы қолдансаңыз, онда бағдарламаның орындалуын қадам бойынша көруге болады, ал бұл өте ыңғайлы, егер бағдарлама алдын ала сіз ойлаған әрекеттерді орындамаса.
– Ал егер бағдарлама өте баяу орындалып жатса, онда оның орындалу процесін батырма арқылы жылдамдатуға болады.
батырмасы бағдарлама орындалуын тоқтатады. Drape бағдарламасынан шығу үшін батырманы басу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |