1. ИНФОРМАТИКАНЫҢ ПРОПЕДЕВТИКАЛЫҚ КУРСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1 Информатиканы бастауыш сыныптан бастап енгізудің алғы шарттары
Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалык-психологиялык әдістемелік бастапкы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейлерін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды. Бастауыш сынып оқушыларына информатика мен жаңа акпараттық технология элементтерін енгізудің қажеттігі зерттеу жұмыстары арқылы толық жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан-жақты қарастырылды.
Оқушылар информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде, олардың қазіргі өмір ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты, енді информатика пәнін тіпті 1-сыныптан бастап енгізуге болады деген пікірлер ұсынылуда. Информатиқалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен логиқалык ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым-қатынасқа үйрету керек. Информатиканы бастауыш мектепте оқыту әдісі отандық дидактиканың жаңа бағыты болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларын бағдарламалауға оқытуды академик А.П. Ершов белсенді түрде жүзеге асырды. 1979 жылы ол информатиканы балалар 2-сыныптан бастап оқу керектігін: «...бұл дағдыларды негізгі математикалық түсініктермен және ұғымдармен бір уақытта, яғни жалпы білім беру мектептерінің төменгі сыныптарында қалыптастыру қажет. Осы жағдайда ғана бағдарламалық ойлау стилі мектепте қалыптасатын ғылыми білім, дағды және ептілік жүйесіне үйлесімді ене алады. Бұдан кеш жас шамасында мұндай стильді қалыптастыруға кездейсоқ қалыптасқан әдеттер мен ұғымдар қиындық тудырып, бұл үрдісті тежеуі ықтимал» – деп айтқан болатын [9].
Тіпті өткен ғасырдың 60-жылдарының аяғында С.Пейперт ЛОГО бағдарламасының тілін әзірлеген болатын, бұл тіл жасы кіші балаларды оқытуға арнайы жасалған бағдарламалаудың алғашқы тілі болып қалды. Осы бағдарламалық құралмен компьютерде жұмыс жасау барысында балалар орындаушы – «Тасбақаның» көмегімен экранда алуан түрлі суреттер салды. Сурет салу арқылы олар алгоритмдеу негіздерін үйреніп, «Тасбақа» көрнекі құралы тіпті. Logo (1968) тілін құрған, жасанды интелект теориясының негізін қалаушылардың бірі мектепке дейінгі балаларды да үйретуге мүмкіндік берді. Бұл эксперимент жасы кіші балалардың компьютермен табысты жұмыс жасай алу қағидалы мүмкіндіктерін көрсетті, сол кезде бұл эксперимент үлкен төңкеріспен тең болды. 1990 жылдардың басында бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнін оқыту кеңінен таралған құбылыс бола бастады. Сол уақытта «Роботландия» бағдарламалар топтамасы өте табысты әзірленген болатын. Ол MS DOS негізінде әзірленгенмен, оның жетістіктері кейін 1990 жылдары Windows нұсқасының әзірленуіне жол ашты. Бағдарламалар топтамаларының көп бөлігі ақпараттық технологиялардың негізгі түсініктерін қалыптастыру, компьютер пернетақтасын игеру, оқушылардың логикалық және алгоритмдік ойлау мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.
1990 жылдардан бастап бастауыш мектепте информатиканы оқыту өзекті мәселеге айналды. Оны түрлі жолмен оқыту ұсынылды – біреулер информатиканы басқа пәндерге кіргізу арқылы оқыту қажет десе, екіншілері жеке пән ретінде оқтуды жөн деп санады. Бастауыш мектепте информатиканы оқытпау керек деген пікірлер де болды. Соңында бастауыш мектепте информатика курсы пропедевтикалық болу керек деген тұжырымға келді, демек, негізгі мектептегі базалық курсқа дайындық ретінде оқытылатын болды.
Қазіргі уақытта академик А.П.Ершовтың оқушысы және әріптесі Ю.А. Первин басшылық ететін ғалымдар мен әдіскерлер тобы бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнін оқыту мәселелерін шешуді белсенді түрде қолға алды. А.П. Ершов пен және Ю.А. Первин ойынша, қазіргі қоғамды ақпараттандыру мектептің әлеуметтік тапсырысы ретінде өскелең ұрпақтың шұғыл ойлай білу стилін қалыптастыруды ұсынады. Ойлауды қалыптастырумен қатар, информатиканың мектеп курсында танымдық және технологиялық аспектілерге үлкен мән беріледі. Сол себепті бастауыш сыныптарда шұғыл ойлау стиліне қажетті ұғымдар мен білімдерді қалыптастыруды бастау керек, сондай-ақ адамзат қызметінің әртүрлі саласында ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын дамытқан жөн.
Бастауыш сыныптарға информатиканы енгізудің мақсаты бүкіл орта мектептерде оқытуды үздіксіз етіп, жастардың жалпы компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Психологтардың айтуынша, логикалық ойлау құрылымдарының дамуы 11 жасқа дейін тиімді іске асады, оны қалыптастыруға кешіксе, баланың ойлау қабілеті соңына дейін жеткізілмей, бұдан кейінгі оқуда қиындық туындауы ықтимал. Информатиканы математика және ана тілі пәндерімен қатар оқыта бастау нәтижесінде баланың ойлау қабілеті дами түседі. Балалардың ойлау қабілетін қалыптастыруда информатиканың маңызы зор, бұны мұғалім сабақты жоспарлау және өткізу кезінде ұмытпаған жөн. Сондықтан информатиканы оқыту барысында ойлау қабілетін, сондай-ақ компьютермен жұмыс жасауды меңгеруді басты назарға алу керек.
Информатика пәнінің пропедевтиқалық курсын бастауыш сыныптан бастап оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәжірибе негізінде дәделденіп отыр.
Ғалымдардың, практик–мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:
бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;
бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.
Достарыңызбен бөлісу: |