Drapeортасында командаларды топтастыру. Ал енді бағдарламаларды жазуға қажетті әртүрлі командалардың тағайындалуына тоқтайық. Drape–тің негізгі идеясы – барлық бағдарламаның орындалуы курсормен басқарылады, яғни ол бағдарлама орындалу жолын көрсетеді. Барлық командалар курсорға қатысты орындалатынын балаларға жеткізу өте маңызды.
1. Негізгі командалар. Негізгі командалар келесіге бөлінеді:
Курсорды басқару командалары – бұл командалар курсордың бағытымен сызықтарды салады.
- курсорды бір қадамға оңға жылжытады;
- бір қадамға сызықты салады.
Егер командалардағы стрелкалар кері бағытта, яғни , болса, онда сызықтар курсордың бағытына кері салынады.
Сурет 6. Сызықтарды салу
- бұл бағдарлама екі қадамға сызық салып, содан кейін бір қадамға көрінбейтін сызық салып, қайтадан екі қадамды сызықты салады.
Сызықтардың енін келесі командалар арқылы өзгертуге болады : - жіңішке сызық(1 pixel), (3 pixels), толық сызық (7 pixels).
Келесі бағдарлама толық сызықтармен квадрат салады (сурет 7).
Сурет 7. Квадрат салу
- бұл команда курсорды аймақтың ортасына апарып қояды.
Курсор арқашанда оңға бағытталған. Бірақ курсорды бұруға мүмкіндік беретін командалары бар, олардың көмегімен курсорды бұру бұрышын өзгертуге болады:
- 90 градусқа бұру(сағат көрсеткішіне кері). - 45 градуқа бұру (сағат көрсеткішіне кері). - 6 градусқа бұру(сағат көрсеткішіне кері) және керісінше. - 90 градусқа(сағаттың бағыты бойынша). -45 градусқа(сағаттың бағыты бойынша). 6 градусқа(сағаттың бағыты бойынша). Курсорды бұру мысалын, біз квадрат салған мысалда қарастырдық. Курсорды басқару бұл командалары өте маңызды, сондықтан оларға назар аудару керек. Өйткені кез келген сапалы бағдарламада курсорды басқарып, оның экранда орналасуын белгілеу қажет болады. Курсорды басқару командаларды меңгергеннен кейін, басқа да командаларды қарастыруға болады. Мысалы, түстерді орнату командаларына.