Бастауыш мектептегі информатика



бет1/37
Дата29.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#144750
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Khasanova-S-B-Bastauysh-mekteptegi-informatika-kursy


Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Жаратылыстану–математика факультеті


Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасы


Хасанова С.Б.




БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ИНФОРМАТИКА

Оқу құралы

Қ
останай, 2016

ӘОЖ 004.4 (075.8)
КБЖ 32.973 я73
Х23
Авторы: Хасанова С.Б.– Информатика және КТ кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі
Пікір жазғандар:
Ерсултанова З.С.– техника ғылымдарының кандидаты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институттың «информатика және компьютерлік технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы
Исмаилов А.О.– техника ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-тің академиялық мәселелер бойынша департаментің директоры

Хасанова С.Б.


Х23 «Бастауыш мектептегі информатика» курсы: оқу құралы / С.Б. Хасанова. – Қостанай: ҚМПИ, 2016. –100 б.


ISBN 978-601-7839-30-7

Ұсынылып отырған оқу құралының бірінші тарауында бастауыш мектепте информатиканың пропедевтикалық курсын оқытудың мақсаты мен міндеттері, оқу мазмұны, бастауыш мектеп оқушыларына информатиканы оқытуды ұйымдастыру әдістері, ал екінші тарауында бастауыш сыныпқа арналған компьютерлік бағдарламалар қарастырылып, практикалық тапсырмалар келтірілген. Оқу құралы жалпы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімдеріне, педагог мамандар дайындайтын жоғарғы оқу орындары студенттеріне ұсынылады.


ӘОЖ 004.4 (075.8)
КБЖ 32.973 я73
Қ

останай мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды.




ISBN 978-601-7839-30-7

© ҚМПИ, 2016
© Хасанова С.Б., 2016





МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.......................................................................................................

4

1.

ИНФОРМАТИКАНЫҢ ПРОПЕДЕВТИКАЛЫҚ КУРСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ....................................................................................

5


1.1.

Информатиканы бастауыш сыныптан бастап енгізудің алғы шарттары.........................................................................................

5


1.2.

Бастауыш мектепте информатиканың пропедевтикалық курсын оқытудың мақсаты мен міндеттері....................................

7


1.3.

Бастауыш мектептегі информатиканың мазмұны........................

9

1.4.

Бастауыш мектеп оқушыларына информатиканы оқытуды ұйымдастыру әдістері.....................................................................

16


1.5.

12 жылдық мектепте информатика пәнін оқыту ерекшеліктері..................................................................................

20


1.6.

Бастауыш мектептегі информатика сабағын оқыту әдістемесі........................................................................................

25


1.7.

Бастауыш мектепте компьютерді қолданудың санитариялық-гигиеналық талаптары....................................................................

30


2.

БАСТАУЫШ МЕКТЕПКЕ АРНАЛҒАН КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАР...........................................................................

32


2.1.

Роботландия бағдарламасын сипаттау........................................

33

2.2.

Drape бағдарламасымен танысу...................................................

41

2.3.

Drape ортасында «Үйдің» суретін салу.........................................

55

2.4

Drape бағдарламасында «Шыршаның, аққаланың" бейнесін салу..................................................................................................

58


2.5.

Scratch бағдарламасы....................................................................

60

2.6.

Scratch бағдарламасымен жұмыс істеудің әдістемелік нұсқаулары......................................................................................

74


2.7

Scratch ортасында «Шытырман» ойыны жобасы.........................

82

2.8.

Scratch ортасында «Пианино» жобасы.........................................

85

2.9

Scratch бағдарламасында «Сиқыршы» жобасы...........................

88

2.10.

«Арканоид» ойынын жобалау........................................................

92

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................

99

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................

100


КІРІСПЕ

«Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн 2015 жылға дейiн дамыту тұжырымдамасының» негiзгi мiндеттерiнiң бiрi оқушылардың ақпараттық дайындығын жетiлдiру болып табылады.


Орта бiлiм беру жүйесiндегi информатиканың рөлi қазiргi қоғамдағы ақпараттық мәдениеттiң негiзiн құрайтын – ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы ақпараттық бiлiмнiң мәнiмен қамтамасыз етiледi.
Бiлiм берудегi ақпараттық технологияның ЮНЕСКО институтының “Бастауыш бiлiм берудегi информатика” ұсыныстарын, информатиканы оқыту тәжiрибелерiн талдау және компьютердiң дидактикалық мүмкiндiктерiн негiзге ала отырып, авторлар ұжымы (Мұханбетжанова С.Т., Кабулова Г.С. және т.б.) орта мектептің 1-4 сыныптарына арналған “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытуды ұсынды.
Бұл пәннiң мазмұнын құрастыру бағытында оқушылардың ойлау қабiлетiнiң математикалық негiздерiн құрайтын ақпараттық мәдениет пәнiнiң iргелi ұғымдарын меңгерту басшылыққа алынған.
Бастауыш мектептегі курстың стратегиялық мақсаты: баланың ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен ойлауға тәрбиелеу, өмірде кездесетін мәселелерді шеше білуге тәрбиелеу.
Оқытудың міндеттері:

  • баланы қоршаған ортаға толғана қарай білуге және сол ортаға бейімделе білуге үйрету;

  • мектеп курсындағы басқа пәндерді оқуға көмектесу;

  • басқа адамдармен толыққанды қатынаса білуге тәрбиелеу (компьютерлік технологияны қолдана отырып).





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет