«Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйер.
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын есікке сүйрер».
«Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйер.
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын есікке сүйрер».
Омоним сөздердің жасалу ерекшеліктерін талда
1) көп мағыналы сөздердің семантикалық жақтан дамуы негізінде; Мысалы, жал
а) жануарлардың желкесіндегі қыл; ә) ұзыннан созылып жатқан белес, қырқа;
2) сөздердің дыбыстық өзгерістерге ұшырауы арқылы; Мысалы, ер сөзінің бастапқы дыбысталуы егер болса, тілдің дамуы барысында ерге айналған.
3) сөзге омонимдес қосымшалар (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) мен -ыс, -іс, -с; -ық, -ік, -к жұрнақтары) жалғануы арқылы туынды Омоним пайда болған. Мысалы, баспа а) газет, журнал, кітап басып шығаратын мекеме; ә) тамақ ауруы; қорық а) мал жайылатын жер; ә) үрейлену, зәресі ұшу;
4) басқа тілден енген сөздердің төл сөздермен бірдей дыбысталуы негізінде жасалады. Мысалы, Қыдыр (хызыр) – араб сөзі, қазақ тіліндегі ел қыдыру мағынасындағы етістікпен сәйкес. Омонимдер мағынасы мен жасалу жолдарына қарай лексикалық, лексика-грамматикалық және аралас болып үшке бөлінеді.
Төмендегі берілген омоним сөздерді толықтырып жазыңыз.
Қас – адамның қабағындағы қас»
Қас –
Қас –
Қас.....»
Қас – адамның қабағындағы қас»
Қас – ол екеуі бір-бірімен қас (жау деген мағынада)
Қас – Кел,қасыма отыр(қас маңы,жаны деген мағынада)
Қас-ердің қасы....»
Мәтін туралы түсінік
Мәтін (текст; text) — 1) баспаға шығаруға арналған пішімді немесе бастапқы түрдегі бедербелгілік мәліметтер бөлшегі; 2) хабардың алмастыру хаттамасының ерекшеліктерімен байланысы жоқ ақпарат бөлігі; 3) бастапқы программаның жазбасы. Объектілік немесе жүктемеленетін модульдің бөлігі. Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірегіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән — мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды. Герменевтика мәтінді түсіндірумен айналысады. Киелі мәтіндер герменевтикасы экзегетика деп аталады. Мәтінді қарастыру шеберлігін поэтика зерттейді. Ол Мәтіннің қалай құрылғанын, оның құрылымы мен композициясын зерттейді (формальды мектеп, құрылымдық поэтика, генеративті поэтика). Мәтінді қазіргі семиотика (мәдениет мәтін ретінде) мен мәтін философиясындағыдай тым кең мағынада түсінуге болады.
Әңгімелеу мәтіні - оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін түрі. Сұрақтары: Не істеді? Қайтеді?
Сипаттау мәтіні - белгілі бір нәрсенің құбылыстың сын сипатын егжей тегжейлі сипаттайтын мәтін түрі. Сипаттау мәтінің басқа мәтіндерден айырмашылығы: етістіктері өткен немесе осы шақта қолданылады; сипаттама тілі (сын есімдер, үстеулер); Сипаттау мәтінін табиғат көріністерін, адам портреті бейнесі т.б. сын есімдер, үстеу түрлерін қолданылып, заттар салыстырмалы түрде сипатталуында көре аламыз.
Пайымдау мәтіні белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және не үшін? сұрағына жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |