«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» Педагогика пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет42/42
Дата24.05.2023
өлшемі0,79 Mb.
#96328
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Дене шынықтыру сабағының түрлері


Дене тәрбиесі сабағының құрылысы, мазмұны, ұйымдастырылуы жағынан өзіндік ерекшеліктері бар. Сабақ үлкен залда, алаңда, дәлізде өтеді. Ал бұл өз кезегінде дене шынықтыру сабағының ұйымдастырылуының негізін құрайды. Сабақта оқушылар арнаулы спорт киімдерін киеді және басқа температурадағы кеңістікте болады. Сабақ кезінде оқушылар тұрақты бір орында емес, жаттығу жұмыстарына байланысты орындарын ауыстырып отырады және бір - бірімен жан - жақты қарым - қатынасқа түседі. Сонымен қатар мұғалімнің басшылығымен сабақ түрленіп өткізіліп отырылуы қажет. Сабақ барысындағы үйрету процесінде барлық оқушылар қимыл дағдыларын орындай білу шеберліктерін, білімнің белгілі бір көлемін меңгереді, дененің сапалық қасиеттеріне ие болады. Сабақтың ерекшелігі оқушылар ағзасының үнемі қимыл – қозғалыста болуында. Басқа сабақтарға қарағанда бұл сабақта әр оқушыларға көңіл бөлу талап етіледі. Осы ерекшеліктер мұғалімге зор жауапкершілік жүктейді.

Дене шынықтыру сабағына қойылатын талаптар:
а) белгілі міндеттің болуы, сабақ мақсатының орындалу барысында барлық оқушының қамтылуы;
ә) сабақтың әдістемелік талапқа сай құрылуы;
б) өткен сабақты қайталай отырып жаңа сабақты толық қамту және келесі сабақтың мазмұны мен мақсатынан хабардар болуы;
в) өтілетін материал оқушылардың жас ерекшеліктеріне, жынысына, дене дамуы мен даярлығына сай келуі;
г) сабақтың оқушыны қызықтыратындай және белсенділігін арттыратындай болуы;
д) дененің жан – жақты дамуына, денсаулықты жақсартуға және жұлынның (арқанның) дұрыс қалыптасуына арналған жаттығулар мен ойындардың болуы;
е) дене тәрбиесі сабағы сабақ кестесіндегі басқада сабақтармен ыңғайласып, тұрақты жүргізілуі;
ж) сабақтың тәрбиелік маңыздылығының болуы.


  1. «Қазақтың ұлттық ойындарымен таныстыру» дене шынықтыру пәнінен 2-сынып оқушыларына арналған ҚМЖ құрастыру

  2. Күн тәртібіндегі дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру

  3. Дене шынықтыру пәні бойынша «Денсаулық күні» тақырыбына дене шынықтыру-сауықтыру іс-шарасының конспектісін әзірлеу (таңдау бойынша сынып)

  4. Дене шынықтыру сабақтарында 1 сынып оқушыларының қауіпсіздік ережелерімен танысу әдістемесі

  5. Дене шынықтыру сабақтарында 1-сынып оқушыларына арналған дене шынықтыру минуттарының картотекасын әзірлеу (көзге, иық белдеуі мен қолға, денеге және аяққа арналған жаттығулар)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет