«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» Педагогика пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет2/42
Дата24.05.2023
өлшемі0,79 Mb.
#96328
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
ГОС 1 жауаптарымен (копия)

Тәрбие әдістері

Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык; өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.
Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.
Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.
• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқабөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина жәнеВ.С.Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады

  1. Дидактика туралы түсінік, оның негізгі категориялары

Дидактика ғылым ретінде оның пәні аясында әрекет ететін заңдылықтарды зерттейді, оқыту процесінің жүргізілуі мен барысын айқындайтын тәуелділіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру формалары мен құралдарын анықтайды. Сондықтан дидактика екі негізгі қызмет (функция) атқарады: 1) теориялық (негізінен, диагностикалық және прогностикалық); 2) практикалық (нормативтік, құрал-жабдықтық).
Дидактика оқыту жүйесін барлық пәндер және оқу іс-әрекетінің баррлық деңгейлерінде қамтиды. Оның қамтуына қарай жалпы және жеке дидактикаларды бөліп көрсетуге болады. Жалпы дидактиканың пәні – оқыту және оқу процесі, оның ішіне бұл процесті тудыратын, жүргізетін факторлар, шарттар және ол келетін нәтижелер кіреді (Ч.Куписевич). Алғаш рет бұл сөз оқыту өнерін белгілеу үшін неміс педагогы Вольфганг Раткенің (Ратихия) (1571 - 1635) шығармаларында кездеседі. Дидактиканы «бәрін барлық нәрсеге оқытудың әмбебап өнері» ретінде Я.А.Коменский де пайдаланды. ХІХ ғ. басында неміс педагогы И.Ф.Гербарт дидактикаға тәрбиелей оқытудың тұтас және қайшылықсыз теориясы статусын берді. Ратихия заманынан бастап дидактиканың негізгі міндеттері – не нәрсеге оқыту және қалай оқыту мәселелерін зерттеу өзгеріссіз қалып келеді. Қазіргі ғылым сол сияқты қашан, қайда, кімді және неге оқыту мәселелерін жете зерттейді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет