«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» Педагогика пәнінің мақсаты мен міндеттері


Lesson Study - заманауи мектепте мұғалім тәжірибесін жетілдіру



бет8/42
Дата24.05.2023
өлшемі0,79 Mb.
#96328
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
Lesson Study - заманауи мектепте мұғалім тәжірибесін жетілдіру


Lesson Study – дің мұғалімдер тобының тәжірибесін жетілдіруге арналған құрал ретінде қолдану, мектептегі жаратылыстану пәндер әдістемелік бөлімдерінің жұмыстарымен танысу
Табысты мұғалімдер көбінесе сыныпта болып жатқанның біразына, кейде тіпті көпшілігіне мән бермейді. Бұл кемшілік емес! Бұл – оларға табысты болуға көмектескен үдерістердің нәтижесі. Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады.
Lesson Study тәсілін пайдаланатын көптеген адамдардың айтуынша, зерттелетін жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастаймыз. Демек, мықты және нашар оқушылардың аралығындағы «орташа» сыныпты оқытуға қарағанда, Lesson Study мұғалімге өз жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, өмір бойғы тәжірибесінде әрбір оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді.

  1. Мінез-құлық тәжірибесін және іс-әрекетін қалыптастыру бойынша тәрбие әдістеріне сипаттама (жаттығу, тапсырма беру, талап, оны қолдану тәсілдері)

Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына , балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне , олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары және мазмұнымен анықталады, ал мақсат — әдістің бас критерийі.Тәсіл әдістің құрама бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы, үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау, көрсету, машықтандыру,тапсырма т.б. Нақты тәрбие барысында әдістер мен тәсілдер арасында нақты шекара жоқ, ол құбылмалы (өзгергіш), жылжымалыболады.Тәрбие құралдарына іс-әрекеттерінің түрлері көрнекі, құралдар, көптеген комуникация құралдары, педагогикалық ықпал жасау құралдары (мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі т.б.) жатады. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін осы құралдарды тиімді пайдалану қажет. Тәрбие жұмысында әр баланың жеке даму ерекшелігін еске алған жөн. Ұжымның бірінші сатысында ұжым толық қалыптаспаған, сүйеніші, яғни өмір тәжірибесі жоқ. Бұл жағдайда тәрбиеші балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру керек. Ұжым қалыптасқаннан кейін оқушылар белсенді тобы (активі) құрылады. Осыған сәйкес тәрбие әдісі өзгереді. Оқушылардың әдет-ғұрып, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру үшін үйрету, жаттықтыру әдістері қолданылады. Бұл әдістер оларды орындағыштыққа, кішіпейілдікке, ыждағаттылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Ұжымның ІІ-ІІІ даму сатысында қоғамдық пікір, тапсырма, пікірталас, өзін — өзі бақылау, өзіне — өзі баға беру т.б. қолданылады.
16 Ұжымдық шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясының мәні
Сыныптың тұрмысын жасау және меңгеру, кеңістіктің коммуникативтілігін дамыту тәрбиелеудің субъектілерінің, ең бірінші кезекте – тәрбиеленушілердің өздерінің әрекеттесуінсіз мүмкін емес. Олардың әсерлесуі сыныптың өзара араласуының процесінде жүреді, ол көптеген салалардан тұрады: қарым-қатынас, таным, пәндік-практикалық, рухани-практикалық қызмет, спорт, қол бос уақыт, ойын. Осы салалардың әрқайсысы қандай да бір дәрежеде оқушыға оның өзінің төрт «менін» жүзеге асыруға жағдайлар жасайды, олар сыныптастардың дамытылуымен бекітіледі, олар белсенді әсерлесуімен негізділген.Сыныптағы әсерлесу – бұл ересектердің, оқушылардың және шағын топтардың әрекеттерін ұйымдастыру, олар ортақ жұмысты орындалуына бағытталған.Жоғарыда аталған өмір қызметінің салалары, өз алдына, бір-бірімен әрекеттеседі: араласу кез-келген сыныптастардың ортақ қызметінде міндетті түрде болады, таным ойын процесінде жүзеге асырыла алады, пәндік-практикалық қызмет кейде бір уақытта құндылықтық-бағытталғандық болып табылады.
Ұжымдық шығармашылық қызмет жалпы технологиясы өзара әсерлесудің кейінгі сатыларынан тұрады:
- ұжымдық мақсатты тұжырымдау,
- ұжымдық жоспарлау,
- ұжымдық дайындық,
- ұжымдық жүргізу,
- ұжымдық талдау және одан кейінгі әрекет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет