«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»


Әліппе оқулығынан «Мен оқушымын» тақырыбына тірек сөздерді пайдаланып, әңгіме құрастырыңыз (мектеп, оқушы, мұғалім, ата-ана)



бет19/42
Дата09.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#100022
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42
Байланысты:
ГОС «Бастауыш мектептегі т рбие ж мысыны теориясы мен дістемесі» П

Әліппе оқулығынан «Мен оқушымын» тақырыбына тірек сөздерді пайдаланып, әңгіме құрастырыңыз (мектеп, оқушы, мұғалім, ата-ана).

Мен оқушымын. Яғни мектепте білім алушымын.менің мұғалімім өте сыпайы .ол мектептің екінші үйіміз екені жайлы және мұғалімнің екінші ана екенін айтады. Білім - тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі. Білім арқылы адамдарды, айнала отаны, ғарышты, әлемді танисыңдар, өз табыстарыңды, жетістіктеріңді көрсете аласыңдар, қоғамға қызмет етесіңдер.
. Егеменді еліміздің болашағы - білімді ұрпақ
Ол үшін білім қажет. Сондықтан да тынбай еңбектеніп білім алуымыз керек. Тәрбие отбасыдан басталады (ата-анадан).

  1. Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру процесінің кезеңдері және жазуға қойылатын талаптар

Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі.Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып үйретуде алатын орны да ерекше. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету.Сонымен қатар , сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой –өрісін жетілдіруге де баса назар аударылады.Соның нәтижесінде жас ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге негіз қаланады.
Жалпы сауат ашудың нәтижелі болуы даярлық кезеңінде жүргізілетін жұмыстардың мейілінше сапалы болуына байланысты.Демек, сауат ашуға даярлық жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып, ұқыпты жүргізуге баса назар аударылады.
Сауатты жазуға үйрену жұмысы граматикаға сүйенеді.Олай болса белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын граматикалық құбылыстар сапалы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет.
Сауат ашу кезінде оқу мен жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста болады.Жақсы оқи алатын бала таза да сауатты жаза біледі, ал , жазуды жақсы меңгерген оқушы оқуды жеңіл меңгереді.Бір сабақтың өзінде оқу қызметі мен жазу жұмысы бірін-бірі алмастырып және бірін меңгеруге екіншісінің көмегі тиіп отырады.
Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына жазуға төмендегі талаптар қойылады, және бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс:
· әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;
· әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы қылмай, тегіс, бірдей жазу;
· әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай сәл көлбете жазу;
· әріптердің, сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап отыру, бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу.
· түрлі диктанттар жаздыру, әсіресе, сөздік диктантының маңызы зор.
· сөздікпен жұмыс істету.
· тақырыпқа байланысты орындау шарты әртүрлі болып келген жаттығуларды орындату;
· сөзді, сөйлемді тақтадан, кітаптан дұрыс көшіріп жазуға мән беру





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет