«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»


Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар



бет16/42
Дата09.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#100022
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42
Байланысты:
ГОС «Бастауыш мектептегі т рбие ж мысыны теориясы мен дістемесі» П

Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар

Сабақ барысында сауат ашуға байланысты аса қажетті педагогикалық талаптар мұқият орындалуы тиіс. Ондай талаптардың негізгілері мыналар:
1. Мұғалімнің сөзі, оқу материалдары баланың жас ерекшелігіне сай түсінікті болуы тиіс. Оқу материалдарының бәрі де бала үшін өте жеңіл болу керек. Оқыту барысында – балаға шамасы жетпейтін аса қиын тапсырмаларды ұсынбау. Сауат ашу кезеңіндегі негізгі оқу материалдары: жеке сөздер, сөз тіркестері, шағын сөйлемдер. Сөз балаға таныс және дыбысталу жағынан жеңіл болса, оны оқуда, жазу да қиын болмайды. Оқушыларға сауат ашу кезеңінде нақты ұғымды білдіретін сөздер ұсынылады.
2.Көрнекілік.Сауат ашу сабақтарында қойылатын негізгі педагогикалық талаптардың бірі – көрнекілік. Бұл – бастауыш мектептің тәжірибесінде бұрыннан қолданылып келе жатқан дәстүрлі әдіс. Бастауыш сыныптарда сабақтардың бірде-біреуі де көрнекіліксіз өткізілмейді. Сауат ашу сабақтарында қолданылатын қима әліппе мен кестелер, схемалар, ойыншықтар, түрлі заттық үлгілер, плакаттар, оқу-техникалық құралдар, түрлі дидактикалық материалдар сабақ сапасын арттырады. Көрнекі құралдарды тиімді пайдалану – мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылық жұмыс жүргізу дәрежесіне байланысты.
3. Оқу материалдарының білімділік және тәрбиелік мәні. Сауат ашу сабақтарында оқушылардың жалпы білімін, ой-өрісін дамытуға аса қажетті мағлұматтармен тәрбиелейтін оқу материалдары ұсынылады. Талдауға арналған жеке сөйлемдер мен сөздер білім мен тәрбие беру талаптарына сай болуы керек.
4. Жеке-дара жұмыс. Әрбір оқушымен жеке-дара жұмыс – сауат ашу жұмысына қойылатын басты талаптардың бірі. Мектепке балалар түрлі дайындықпен келеді. Ойыннан мектептегі ой еңбегіне ауысқан балалардың өзіндік ерекшеліктерін мұқият есепке ала отырып, мұғалім әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізеді. Онсыз мектеп бағдарламасының барша балаға бірдей білім беру талабын ойдағыдай орындау қиын болады.
.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет