«Күннің көзі, сөздің төркіні,қазанның құлағы, әңгіменің басы, биік мақсат,жылы сөз»
Күннің көзі-адамның көзі,иттің көзі,иненің көзі.
Сөздің төркіні- қыздың төркіні
Қазанның құлағы(тура мағ.)- елдің құлағы елу(ауыспалы мағ.)
Әңгіменің басы(ауыс.мағ.)- адамның басы,таудың басы(тура мағ.)
Биік мақсат(ауыс.мағ)-биік тау,биік ағаш(тура мағ.)
Жылы сөз(ауыс.мағ)-Жылы су,жылы нан.(тура мағ.)
Тұрақты сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестерінің жасалу жолдарын талда
Еркін тіркес - кемінде толық мағыналы екі сөздің байланысынан тұратын сөздердің тіркесі. Еркін сөз тіркесінің етістікті сөз тіркесі және есімді сөз тіркесі деп бөлінетін түрлерінің екеуі де Абай шығармаларында жиі кездесіп отырады (жастықтың оты, жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан т. б.). Еркін сөз тіркесіндегі сыңарлардың байланысу түрлері ретіндегі қиысу (мен жазбаймын), матасу (наданның көңлі), меңгеру (кісілікті ойламай), қабысу (баяғы жартас), жанасу (ақыры өлең қылдым жасыдым да) мол ұшырасады. Абай шығармаларында, әсіресе, қабыса байланысқан сөз тіркесінің басыңқы сыңарының толық мағыналы сөздердің тізбектелуі арқылы түйдектеле түсетіні білініп тұрады: қой мойынды (ат), қоян жақ (ат), теке мұрын (ат), бөкен желіс (ат). Себептік қатынастағы сөз тіркестеріңде шығыс септігіндегі сөздің орнына барыс септігіндегі сөздің қолданылатыны бар: сағынышқа сарғайма. Осындай себептік мағынаны білдіргенде көмектес септігі де жұмсалады: рахатпен әлсіреп. Әдетте мақсаттық мағынаны білдіру үшін Еркін тіркестегі бағыныңқы сыңар тұйық етістікке барыс септігінің жалғауын жалғайды (мұңдасуға, сенісуге, үйренуге).Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.
Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып, бастапқы мағынасын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркестер (лексикалық тіркестер) де кіреді. Мысалы, қол қою, көз салу, қол ұшын беру.